Алеуметтану тероиясы indb



Pdf көрінісі
бет126/596
Дата14.11.2022
өлшемі16,19 Mb.
#50039
түріОқулық
1   ...   122   123   124   125   126   127   128   129   ...   596
Рационалдық типтері.
 
Бірінші түрі – бұл практикалық рационалдық, Калберг 
оны «адамның таза прагматикалық және эгоистік мүдделеріне қатысты дүнияуи 
белсенділікті қарайтын және сынға алатын өмір салты» (1980:1151) деп анықта-
ды. Практикалық рационалдықты қолданатын адамдар шындықты қабылдайды 
және осыдан туындайтын қиындықтармен күресудің барынша тиімді жолдарын 
іздейді. Бұл рационалдық түрі қарабайыр сиқырлы байланыстардың үзілуінен 
пайда болды. Сондай-ақ ол трансөркениетті және транстарихи тұрғыда өмір 
сүреді; демек, қазіргі Батыc қоғамымен шектелмейді. Рационалдықтың мұн дай 
түрі күнделікті өмірден тысқары кез келген нәрсеге қарсы. Ол адамдарды бар-
лық тәжірибеде қолданылмайтын құндылықтарға, діни немесе зайырлы утопия-
ға, сондай-ақ интеллектуалдардың теориялық рационалдығына, біз қазір қарас-
тырғалы отырған рационалдық түріне сенімсіздікпен қарауға әкеледі.
Теориялық рационалдық әрекет арқылы емес, барынша абстракт ұғымдар ар-
қылы шындықты меңгеру үшін когнитивті күш-жігер аясын қамтиды. Ол ло-
гикалық тұжырым, индукция, себеп-салдардың атрибуты және т.б. абстрактілі 
когнитивті процестерді қамтиды. Рационалдықтың бұл түрін ертеректегі тарих-
та сиқыршылар мен діни қызметкерлер, кейіннен философтар, төрешілер мен ға - 
лымдар айтарлықтай жүзеге асырды. Практикалық рационалдыққа қарағанда 
теориялық рационалдық актордың әлемді мағыналы ғарыш ретінде түсінуге 
талпынысында күнделікті шындық шегінен асып түсуге итермелейді. Прак тика-
лық рационалдық сияқты, ол да трансөркениетті және транстарихи. Зият керлік 
рационалдықтың әрекетке әсері шектеулі. Ол когнитивті процестерді қамтиды, 
қабылданған әрекеттерге әсер етпейді және қосымша жаңа әдістерді жанама 
түрде енгізе алады.
Субстантивті рационалдық (тәжірибелік рационалдық сияқты, бірақ теория-
лық рационалдық емес) құндылық кластерлер арқылы әрекеттерді үлгілерге бі-
рыңғайлайды. Субстантивті рационалдық құндылықтар жүйесі контекстінде мақ-
сатты таңдауды қамтиды. Бір құндылық жүйесі басқасынан үстем рацио налды 
(субстантивті) емес. Осылайша бұл рационалдықтың түрі тағы транс өркениетті 
және транстарихи түрде сәйкес құндылық постулаттары бар жерде де болады.
Ақыр соңында, Калбергтің көзқарасы бойынша, ең маңыздысы – формалды 
рационалдық, ол мақсат пен амалдарды есептеуді қамтиды (Cockerham, Abel, 
and Luschen, 1993). Дегенмен егер де тәжірибелік рационалдықта бұл есеп-
теу прагматикалық сана-сезімге қатысты орын алса, формалды рационалдық-
та «жалпыға ортақ қолданылатын ережелер, заңдар мен нормаларға» бай ла - 
нысты кездеседі. Брубейкердің пікірінше, «өнеркәсіптік капитализмнің рацио-
налдығына ортақ формалистік заң мен бюрократиялық басқару оның зат танған, 
институттанған, жекеден жоғары нысаны; әр салада рацио налдық әлеуметтік 
құрылымда жүзеге асады және адамдарға сыртқы нәрсе ретінде қарсы келеді» 
(1984:9). Вебер мұны бюрократиялық рационалдандырудың ерек ше жағдайын-
да нақтылай түседі:


148
I бөлім

Классикалық әлеуметтану теориясы
«Бюрократиялық рационалдандыру... әрбір экономикалық қайта құру 
сияқты «сырттан» техникалық құралдармен революция жасайды: Ол 
алдымен материалдық және әлеуметтік тәртіпті өзгертеді және олардың 
көмегімен бейімделу жағдайларын өзгерте отырып, адамдарды өзгерте-
ді және мақсат пен құралдарды рационалды анықтау арқылы бейімделу 
жағдайларын өзгертеді».
(Weber, [1921] 1978:1116)
Рационалдықтың барлық басқа түрлері трансөркениетті және заманауи бол-
са да, формалды рационалдық индустрияландырудың дамуымен Батыста ғана 
пайда болды. Батыста формалды рационалдықты сипаттайтын жалпыға ортақ 
ережелер, заңдар, және нормалар әсіресе экономикалық, құқықтық және ғы-
лыми институттарда, сондай-ақ үстемдіктің бюрократиялық түрінде кездеседі. 
Осылайша біз рационалды-құқықтық билік пен бюрократия туралы пікіртала-
сымызда формалды рационалдықты әлдеқашан кездестіргенбіз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   122   123   124   125   126   127   128   129   ...   596




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет