Алеуметтану тероиясы indb


Формалды және субстантивті рационалдық



Pdf көрінісі
бет128/596
Дата14.11.2022
өлшемі16,19 Mb.
#50039
түріОқулық
1   ...   124   125   126   127   128   129   130   131   ...   596
Формалды және субстантивті рационалдық. Формалды рационалдықтың 
негізгі сипаттамаларын анықтау үшін біршама күш-жігер жұмсалды. Ритцер-
дің пікірінше, формалды рационалдық алты негізгі сипаттама бойынша анық-
талуы мүмкін (Ritzer, 1983, 2013): 1) Формалды рационалдық құрылымдар мен 
институттар есептеулерді немесе есептелетін және санауға болатын нәрселерді 
атап көрсетеді. 2) Тиімділікке, алға қойылған мақсатқа жетудің таңдаулы жол-
дарын табуға назар аударады. 3) Алдын ала болжауды немесе заттар әр уақытта 
не болмаса әр орында ұқсас әрекет етуін қамтамасыз ету мәселесі туындайды.
4) Формалды рационалдық жүйе адам технологиясын бірте-бірте азайтады 
және соңында адам технологиясын адами емес технологиямен алмастырады. 
Адамға тән емес технологиялар (компьютерлік жүйе сияқты) адами техноло-
гияларға қарағанда есептелетін, тиімді және болжамды деп қарастырылады. 
5) Формалды түрде рационалды жүйелер белгілі бір белгісіздіктерді, әсіресе 
оларда жұмыс істейтін немесе олардың қызметін пайдаланатын адамдар туғыз-
ған белгісіздіктерді бақылауға ұмтылады. 6) Ра ционалды жүйелерде олармен 
байланысты адамдарға және жүйелердің өздеріне, сондай-ақ үлкен қоғамға 
(Sica, 1988) қатысты көптеген иррационалдық салдар пайда болады. Вебер-
дің ойынша, рационалдық иррационалдықтың бірі – бұл әлемнің таңырқатып, 
еліктіретін сиқырлы, адамдар үшін анағұрлым маңызды қасиетінің төмендеуі
(М. МacKinnon, 2001, Ritzer, 2010а, M. Schneider, 1993).
Формалды рационалдық рационалдықтың басқа барлық түрінен ерек ше ле-
неді, бірақ субстантивті рационалдықпен қайшы келеді (Brubaker, 1984:4). Кал-
берг Вебердің мына ойын растайды, екі рационалдықтың екі түрінің арасындағы 
конфликт «Батыста рационалдандыру үрдістерінің дамуында айрықша рөл ат-
қарады» (1980:1157).
Рационалдықтың төрт түрі арасындағы айырмашылықтан басқа Калберг 
олардың өмірдің әдіснамалық әдістерімен таныстыру қабілетін қарастырады. 
Практикалық рационалдықта мұндай қабілет жоқ, себебі ол жағдайларды ретке
келтіру емес, оларға жауап қайтаруды қамтиды. Теориялық рационалдық ког ни-
тивті сипатқа ие, сондықтан практикалық рационалдықты шектеуге мүмкіндігі
өте шектеулі және ең дұрысы – өндіруші емес, соңғы өнім болғанға ұқсайды. 
Вебер үшін субстантивті рационалдық – бұл «өмірдің әдістемелік әдістерін 
енгізу әлеуеті бар» жалғыз тип (Kalberg, 1980:1165). Осылайша Батыста өмір- 
дің әдістемелік әдісіне негізделген ерекше субстантивті рационалдық – каль - 
винизм практикалық рационалдықты бағындырды және формалды рационал-
дықты дамытуға мүмкіндік туғызды.


150
I бөлім

Классикалық әлеуметтану теориясы
Вебер Батыста материалдық рационалдықтың басқа рационалдықтан, әсі- 
ресе формалды рационалдықтан гөрі маңыздылығы азайғанға алаңдады. Осы-
лайша, бюрократия мен капиталист сияқты формалды рационалдықты қолда-
на тындар Батыста үстемдік құрып, «Батыс өркениетінің ең жоғары мұ раттарын 
бейнелейтін тип – түпкілікті құндылықтарға байланысты әрекет са бақтастығын 
сақтаған автономды және еркін адам» (Kalberg, 1980:1176) жойы лып кетеді (for 
an alternative view on this, see Titunik, 1997).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   124   125   126   127   128   129   130   131   ...   596




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет