Алеуметтану тероиясы indb



Pdf көрінісі
бет124/596
Дата14.11.2022
өлшемі16,19 Mb.
#50039
түріОқулық
1   ...   120   121   122   123   124   125   126   127   ...   596
Харизмалы билік. Харизма – бұл өте кең қолданылатын ұғым (Adair-Toteff, 
2005, L. Oakes, 1997, S. Turner, 2003, Werbner and Basu, 1998). Бұқаралық ақ-
парат құралдары және жалпы жұртшылық саясаткерді, кино жұлдызын не-
месе рок-әншіні харизматикалық тұлға ретінде қабылдауға асық. Бұл, әрине,
ол адамның керемет қасиеттерге ие екенін білдіреді. Харизма ұғымы Макс Ве-
бердің еңбегінде маңызды рөл атқарады, бірақ оның тұжырымдамасы бүгінгі 
күндегі көпшіліктің түсінігінен әлдеқайда ерекше. Вебер харизмалы көшбас-
шының ерекше сипаттамалары бар екенін жоққа шығармағанымен, оның ха-
ризма сезімі шәкірттер тобына және олардың харизмалы көшбасшыны анық-
тау қабілетімен байланысты болады (D.N. Smith, 1998). Вебердің ұста нымын 
айқын көрсетудің бір мысалы – егер шәкірттер жетекшісін харизмаға ие деп 
анықтаса, онда ол шын мәнінде қандай да бір тамаша қасиеттерге ие болу-бол-
мауына қарамастан, харизмалы көшбасшы болуы мүмкін. Демек, қарапайым 
адам да харизмалы көшбасшы бола алады. Ең бастысы, мұндай көш бас шы жай 
адамдардан дараланып, ғажайып, асқақ, қарапайым адамның қолы жетпейтін, 
сиқырлы қасиеттер иесі ретінде қабылданады (Miyahara, 1983).
Харизма мен төңкеріс. Вебер үшін харизма революциялық күш болды, әлеумет-
тік әлемдегі ең маңызды революциялық күштің бірі. Дәстүрлі билік шын мәнін-
де консерва тивті болғанымен, харизмалы көшбасшының көтерілуі осы жүйеге 
(сондай-ақ рационалды-құқықтық жүйеге) қауіп төндіреді және бұл жүйенің 
күрт өз геруіне әкелуі мүмкін. Харизманың революциялық күш ретінде айырма-
шылығы, ол актордың санасында өзгерістер туғызады. Бұл «субъективті немесе
ішкі қайта бағдарлауға» әкеп соқтырады. Мұндай өзгерістер «басты мақсат тар 
мен әрекет бағытын әлемнің әртүрлі мәселелеріне қатысты барлық көзқа рас-
тардың толығымен жаңадан бағдарлануы арқылы өзгертуге» алып келуі мүмкін 
(Weber, [1921] 1978:245). Алайда Вебер мұнда жеке адамдардың пі кір лері мен 
әрекеттеріндегі өзгерістерді қарастырғанымен, ол өзгерістер тә уелді айныма-
лылар мәртебесіне ықпал етеді. Вебер билік құрылымындағы өз герістерге, яғни 
харизматикалық биліктің өсуіне назар аударды. Мұндай жаңа билік құрылымы 
пайда болған кезде, адамдардың ой-пікірі мен әрекет терін түбегейлі өзгертуі әб-
ден мүмкін.
Вебердің теориялық жүйесіндегі басқа үлкен революциялық күш және одан 
әлдеқайда қызықты нәрсе – бұл (формалды) рационалдық. Бұл арада харизма 
акторлардың ақыл-ойларын өзгертетін ішкі революциялық күш болса, Вебер 
(формалды) рационалдықты сыртқы революциялық күш деп білді. Ол алдымен 
қоғамның құрылымын, кейін адамдардың ойлары мен әрекет терін өзгертеді. 
Рационалдық туралы, оның революциялық қуаты жөнінде одан да көп айтуға 


145
4-тарау

Макс Вебер
болады, бірақ бұл – харизманы революциялық фактор ретінде талқылауға жол 
бермейді, себебі Вебер бұл туралы өте аз жазған.
Харизмалық ұйымдар және харизма рутинизациясы. Харизманы талдауды 
Вебер дәстүрлі билікті қарастырғаны сияқты, идеалды типтік бюрократиядан 
бастады. Ол шәкірттері мен қызметкерлер штаты бар харизматикалық билік құ-
рылымы бюрократиялық жүйеден қаншалық дәрежеде ерекшеленетінін анық-
тауға ұмтылды. Идеалды типтегі бюрокра тиямен салыстырғанда, харизмалы 
көшбасшының қызметкерлері іс жүзінде ешқандай есепте жоқ. Қызметкерлер 
техникалық дайындықтан өтпейді, бірақ олар харизмалы қасиеттеріне немесе, 
кем дегенде, харизмалы көшбасшыға ұқсас қасиеттерге ие болғанына қарап таң-
далады. Олар иеленетін кеңселердің айқын иерархиялық сипаты жоқ. Олардың 
жұмысы мансап емес және ешқандай жарнамалық акциялар, нақты тағайындау-
лар немесе жұмыстан босату сияқты шаралар жүзеге асырылмайды. Харизмалы 
көшбасшы жағдай реттей алмайтындай деңгейге жетіп, ширыққан кез келген 
жайтқа араласуына болады. Ұйымда әкімшілік органдары тарапынан арнайы 
бекітілген ресми ережелер мен жаңа пайымдауларды бас шылыққа алатын еш-
қандай тәртіп жүйесі жоқ. Осы, өзге де тәсілдермен Вебер харизмалы көшбасшы 
ұжымының мөлшері бюрократиялық ұйым түріндегі қызметкерлерге қарағанда 
«айтарлықтай төмен» деп тапты.
Харизмалы көшбасшының кету мәселесін көтеру үшін қызметкерлер (ізба-
сарлар да) орнықты ұйым құрудың әртүрлі стратегияларын ойластырады. Қыз-
меткерлер жаңа харизмалы көшбасшы іздеуі мүмкін, бірақ іздестіру сәтті болса 
да, жаңа келген көшбасшыда алдыңғыға тән аураның болуы екіталай. Оған қоса, 
топтың болашақ харизмалы көшбасшыларды анықтауына мүмкіндік беретін 
ережелер жинағы дайындалуы мүмкін. Бірақ мұндай ережелер тез дәстүрге ай-
налады және харизмалы жетекшілікке тән нәрсе дәстүрлі билік болып қалыпта-
су жолына түседі. Не болған жағдайда да, жетекшілік табиғаты түбегейлі өзге-
реді, өйткені харизманың жеке сипаты жойылады. Тағы бір әдіс – ол харизмалы 
жетекшіге өзінің ізбасарын тағайындауға және осылайша харизманы симво-
ликалық түрде келесі біреуге табыстауға мүмкіндік беру. Тағы да, оның сәтті 
болатыны немесе ұзақ мерзімді болашақта сәтті болатыны күмәнді. Басқа ст-
ратегияға сәйкес қызметкерлер мирасқорды тағайындайды және бұл таңдауды 
ірі қауымдастық мақұлдауы тиіс. Қызметкерлер де салттық сынақтама даярлай 
алады, ал жаңа харизмалы жетекші сынақтан сәтті өткен болып табылады. Бірақ 
бұл шаралар сәтсіздікке ұшырайды. Ақыр аяғында, харизма рутинизацияланып
бұрынғыдай харизма күйінде қала алмайды; ол дәстүрлі не рационалды-құқық-
тық билікке (немесе Католик шіркеуі сияқты институттанған харизманың бір 
түріне) өзгеруі тиіс. 
Шындығында, Вебер еңбектерінен біз тарихтың басты теориясын табамыз. 
Сәтті болған жағдайда харизма бірден рутинизация бағытына қарай жылжиды. 
Бір жолы рутинизацияланған харизма дәстүрлі немесе рационалды-құқықты 
билікке айналу жолына түседі. Харизма сол күйдің біреуіне енген кезде, цикл-
дің жаңадан қайталануы үшін негіз қаланады. Дегенмен циклдік теорияны ұс-
тан ғанына қарамастан, Вебер қазіргі әлем түбегейлі өзгеріске ұшырады және 
бізді харизманы рационалды-құқықтық билік бағытында рутинизацияланған 
деп қарастыруға бейім деп сенді. Оның үстіне, ол биліктің рационалды жүйе-
сін мықты және харизмалы қозғалыстарға дес берместей мығым деп есептеді. 
Қазіргі рационалданған әлем харизманың едәуір революциялық күш ретін де


146
I бөлім

Классикалық әлеуметтану теориясы
құрып кетуі әбден мүмкін екенін білдіреді (Seligman, 1993). Вебер: «Ра цио-
налдық – харизма емес, қазіргі әлемдегі ең тегеурінді және маңызды рево лю-
циялық күш», – деп тұжырымдады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   120   121   122   123   124   125   126   127   ...   596




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет