Алеуметтану тероиясы indb


Агенттік-құрылым интеграциясы



Pdf көрінісі
бет195/596
Дата14.11.2022
өлшемі16,19 Mb.
#50039
түріОқулық
1   ...   191   192   193   194   195   196   197   198   ...   596
Агенттік-құрылым интеграциясы
Құрама Штаттарындағы микро- және макроинтеграцияға деген қызығушы-
лықтың ар туымен қатар, Еуропада агенттік-құрылым интеграциясына бетбұ-
рыс күшейе түсті (J. Ryan, 2005b; Sztompka, 1994). Ритцер микро-макродең-


244
II бөлім

Қазіргі заманғы әлеуметтану теориясы: негізгі мектептер
гейлерді америкалық теорияның негізгі мәселесі ретінде қарастырып жатқан 
кезде Маргарет Арчер (1988) еуропалық әлеуметтік теориядағы негізгі мәселе 
ретінде агенттік-құрылым итеграциясын зерттеді. Микро-макро- және агент-
тік-құ ры лым интеграцияларына арналған әдебиеттердің ұқсастықтарына қа-
рамастан, олардың арасындағы көптеген айырмашылықтарды табуға болады 
(Ritzerand Gindoff, 1992, 1994). Мысалы, агенттік ретінде микродеңгейде қа-
расты рылғанымен, еңбек одақтары сияқты, ұжымдар да агенттік ретінде көрі-
не алады. Керісінше, құрылымдар макродеңгейде таныстырылатын болса, біз 
оларды микродеңгейде де таба аламыз. Осылайша, біз осы екі бағыт арасына 
теңдік белгісін қою барысында және оларды өзара байланыстырғанда мұқият 
болуымыз керек.
Агенттік-құрылымдық интеграция мәселесі тұрғысынан қазіргі еуропалық 
әлеуметтік теорияда төрт негізгі көзқарас бар. Біріншісі – Энтони Гидденс-
тің (Giddens, 1984; Stones, 2005b) құрылымдау теориясы. Гидденстің агенттік 
пен құрылымды «дуальді» (екіжақты) деп тануы оның ұстанымының негізгі 
нүктесі болып табылады. Бұл олардың бір-бірінен бөліне алмайтынын, яғни 
агенттік құрылымға байланған, ал құрылым агенттікке байланған дегенді 
білдіреді. Гидденс құрылымды қажетті міндеттеме деп ойлаудан бас тарта-
ды (мысалы, Дюркгейм сияқты), бірақ оның құраушы да, мүмкіндік беруші 
де қасиеттерін мойындайды. Маргарет Арчер (1982) агенттік пен құрылым-
ға дуальді деп қарауға болады деп ойламайды, дегенмен дуализм көрінісі 
деп қарастырады. Демек, агенттік пен құрылым бөлектене алады және бө-
лек болуы керек. Оларды ажырата отырып, біз біріншісінің екіншісіне деген 
қатынасын толық талдай аламыз. Арчер (1988) өзінің әдебиеттегі мәдениет 
пен әрекеттің бір-біріне деген қатынасын айқындағаны және агенттік пен 
құрылымдық арасындағы ортақ теорияны дамытқаны үшін танымал болды 
(Archer, 1995). Гидденс пен Арчер британдық болса, агенттік пен құрылым 
интеграциясының қатынасын зерттеген осы заманның үшінші тұлғасы болып 
француз Пьер Бурдье (Bourdieu, 1977; Bourdieu and Wacquant, 1992; Swartz, 
1997) аталады. Бурдьенің шығармашылығында агенттік пен құрылым табиға-
ты тереңірек ашылған. Габитус – адамдардың әлеуметтік әлеммен қатынасы 
нәтижесінде қалыптасқан ұлтаралық сипаттағы психологиялық, когнитив-
ті құрылым. Габитус қоғамды қалыптастырады әрі өзі сол қоғаммнан пайда 
болады. Өріс (the field) – объективті жағдайлар арасындағы қатынастар же-
лісі. Өріс құрылымы индивидтер немесе ұжым болсын, агенттерді шектеу-
ге мүмкіндік береді. Жалпы алғанда, Бурдьені габитус пен өріс арасындағы 
байланыс қызықтырды. Демек, өріс пен габитус арасында диалектикалық
қарым-қатынас бар.
Агенттік-құрылым интеграцияның соңғы негізгі теорияшысы – неміс әлеу-
мет танушы ойшылы Юрген Хабермас. Хабермас туралы заманауи сыни тео-
рияға еңбек сіңірген адам ретінде айтып өткен болатынбыз. Хабермас (1987а) 
агенттік пен құрылым мәселелерімен де айналысты, оны «өмір-әлемді отар-
лау» тұрғысынан қарастырды. Өмір-әлем – микроәлем, онда адамдар өзара қа-
рым-қатынас жасайды әрі байланысады. Жүйенің түп тамыры өмірлік аймақ-
та орналасады, ең ақырында, өзінің жеке құрылымдық сипаттарын дамытуға 
алып келеді. Ол құрылымдар өзара жеке дамығандықтан, өмірлік аймақты ба-
қылауға деген қажеттілік арта түседі. Қазіргі әлемдік жүйе «отарлауға», яғни 
өмір кеңістігін бақылауға алып келді.
Осы бөлімде сөз болған теорияшылар агенттік пен құрылым интеграция-


245
6-тарау

Әлеуметтану теориясына тарихи шолу: кейінгі кезең
сындағы мәселелерді жүйелеген жетекші мамандар (әсіресе Бурдье, Гидденс 
пен Хабермас) ғана емес, бүгінгі күннің танымал теорияшыларына айналды. 
Бурдье қайтыс болғанмен, Гидденс пен Хабермас әлі де жаһандану мен қорша-
ған орта секілді тақырыптарға қатысты еңбектер жазып, түрлі пікірталастарға 
қатысуда. Ең ықпалды теорияшы – француз Мишель Фуко (алдыңғы бөлім-
дерде талқыланады). Америкалық теорияшылардың (Мид, Парсонс, Хоманс 
және т.б.) ұзақ мерзімге созылған үстемдік дәуірінен кейін әлеуметтік теория 
орталығы қайтадан өз отаны – Еуропаға ауысты. Одан бөлек Недельманн мен 
Штомпка қырғи-қабақ соғыстан кейін және коммунизмнің құлдырауынан 
соң біздің «Еуропадағы әлеуметтанудың алтын ғасыры куәгерлеріне» айнал-
ғанымызды дәлелдеді (1993:1). Осы түсініктің дұрыстығына бүгінгі таңдағы 
теориялық еңбектердің түп негізін еуропалықтардың жазғаны дәлел бола ала-
ды. Оған қоса 1998 жылы әлеуметтік теория саласындағы ықпалды журнал 
European Journal of Social Theory жарық көрді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   191   192   193   194   195   196   197   198   ...   596




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет