Алеуметтану тероиясы indb


Модерн және постмодерн теориялары



Pdf көрінісі
бет197/596
Дата14.11.2022
өлшемі16,19 Mb.
#50039
түріОқулық
1   ...   193   194   195   196   197   198   199   200   ...   596
Модерн және постмодерн теориялары
ХХ ғасырдың соңына қарай күннен-күнге қоғам мен қоғамдағы айқын теория-
лар даму үстінде ме деген сұрақтың өзектілігі артып келді.
7
Теорияшы лардың 
шығармашылық топтарының бірі (мысалы, Юрген Хабермас, Зигмунт Бауман 
мен Энтони Гидденс) біздің өмір сүріп жатқан кезеңіміз заманауи деп атала-
ды, әлеуметтік ойшылдарымыз біздің қоғамды болашағы зор қоғам деп ойла-
ды. Осы орайда біз теорияларға сай қатынастар құра аламыз деп есептеді. Ой-
шылдардың басқа тобы өзгешелеу ұстанымда болды (мысалы, Жан Бодрийяр, 
Жан-Франсуа Лиотар мен Фредрик Джеймисон), олардың ойынша, қоғамның 
өзгергені соншалықты – біз қазір постмодернизациялық деп аталатын заманда 
өмір сүреміз. Модернистер мен постмодернистер арасындағы айтыс өрши түс-
ті, олар теорияның дамуына әсер етті.
Модернді жақтаушылар
Барлық атақты классик теорияшылар (Маркс, Вебер, Дюркгейм мен Зиммель, 
Ду Бойс, Гилман) заманауи өмірге қызығушылық танытқан болатын, олар артық-
шылықтар мен кемшіліктерге үңілетін (Sica, 2005). Олардың соңғысы – Вебер. 
Әрине, әлем ХХ ғасырдың басынан бастап қатты өзгерді. Заманауи теорияшылар 
бұл күрт өзгерістерді мойындайды, кейбір теорияшылар бүгінгі әлем мен өткен 
ғасырдың аяғындағы әлемнің арасындағы алшақтықтан гөрі ұқсастық көп дейді.
Местровиц (1998:2) Энтони Гидденсті «модерннің үздігі» деп атады. Гид-
денс (1990, 1991, 1992) «радикалды», «жоғары» және «кеш» зама науилық деген 
терминдерді қолданды, заманауи қоғам мен бүгінгі күннің қал пын сипаттады, 
бұрында айтылған сол қоғам болғанымен, классикалық теория шылар сипатта-
ған құбылыстарда ажырамас байланыс барын да, ерекшелік барын да айқын-
дай түсті. Гидденс бүгінгі заманды басқаруға келмейтін «қуатты күш» ретінде 
қарастырады. Ульрих Бектің (1992, 2005a, Ekberg, 2007; Jensen and Blok, 2008; 
Then, 2007) айтуынша, модернизмнің классикалық кезеңі өндірістік қоғаммен 
байланысты болды, ал жаңа заман «тәуекел қоғамы» сипатымен ерек шеленеді. 
Егер классикалық жаңашылдықтың негізгі мәселесі – байлық пен оның тара-
тылуы болса, жаңа заманның негізгі мәселесі – тәуекелді минимализациялау 
мен жою, сондай-ақ оны басқару (мысалы, ядролық апат). Юрген Хабермас 
(1981, 1987b) жаңа заманды «аяқталмаған жоба» деп қарастырды. Осыдан 
Вебердің заманындағыдай, қазіргі күндегі негізгі мәселе рационализм екенін 
анықтауға болады. Утопиялық мақсат, не дегенмен, максимал ды түрде «жүйе» 
ретінде және «өмір-әлем» сипатында да рационалдау болып саналады. Чарльз 
Тейлордың (1989, 2004, 2007) айтуынша, жаңа дәуірдегі тұжырымдама қоғам 
мен мәдениет және мораль идеяларынан тыс. Ритцердің (2013) ойынша, ра-
ционализм бүгінгі әлемдегі негізгі үрдіс және Веберді толғандырған рациона-
лизмнің «темір торына» түскен жастық мәселелері бар. Егер Вебер бюрокра-
тияға баса көңіл бөлсе, бүгінде біз жылдам дайындалатын тағамдар желілері-


247
6-тарау

Әлеуметтану теориясына тарихи шолу: кейінгі кезең
нің мысалында үрдістің парадигмасын қарастырамыз. Қазіргі кезеңде Ритцер 
осы процестің парадигмасын жылдам тамақтану мейрамханалар ретінде көре-
ді және шартты рационалдықтың өсуін қоғамның макдональдтандыруы деп 
атайды. Зигмунт Бауман (2000, 2003, 2005, 2006, 2007b, 2010, 2011; Bauman 
and Lyon, 2012) «ағымды» әлем деп атайтын модерндік талдаулар топтамасын 
шығарды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   193   194   195   196   197   198   199   200   ...   596




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет