Алеуметтану тероиясы indb



Pdf көрінісі
бет222/596
Дата14.11.2022
өлшемі16,19 Mb.
#50039
түріОқулық
1   ...   218   219   220   221   222   223   224   225   ...   596
Дифференциация
Біздің айтқандарымыздың түп негізі Луманның жүйе теориясындағы диф-
ференциация ұғымының маңыздылығына келіп саяды. Луманның тұжырым-
дауынша, дифференциация – қазіргі қоғамның негізгі ерекшелігі. Бұл – жүйенің 
өзін қоршаған ортаның күрделілігіне қатысты қолданатын құралы (Rasch, 2000; 
Vanderstraeten, 2005). Луман дифференциацияны «жүйе мен қоршаған орта 
аралығындағы айырмашылықты бір негізден екіншісіне көшіру» деп анықтайды 
(1982:230). Жүйе өзі мен орта арасындағы айырма шылықты бейнелеу, содан соң 
өзін осы айырмашылықтар айналасында ұйымдастыру мүмкіндігіне ие болған-
да қалыптасады. Бұл жерде дифференциация жүйелер арасындағы айырмашы-
лық үдерісіне тікелей қатысты екенін айта кеткен жөн. Луманның теориясында 
дифференциацияның жалпы екі типі, айырмашылықтардың негізгі екі түрі бар. 
Біріншісі – бұл жүйе мен орта арасындағы айырмашылық. Екіншісі – жүйенің 
өз ішіндегі айырмашылық. Басқаша айтқанда, жүйе өз ортасынан айрықшалан-
ғанда жүйелік бөліктерді дамытады. Уақыт өте келе жүйелер күрделеніп, ішкі 
айырмашылықтар өрістей береді.
Ішкі күрделіліктің бұлай өрістеуі жүйені байытып, қарқынды қозғалысқа тү-
сіреді. Мүмкін, Луманның әлеуметтік жүйе теориясының прак тикалық аспектісі 
оның ішкі дифференциацияның түрлі формаларын сипат тауында шығар.
Әлеуметтік жүйелер сегментация, стратификация, орталық-периферия және 
функционалды дифференциация болып бөлінеді.
Сегменттік дифференциация. Сегменттік дифференциация жүйе бөлікте-
рінің бірдей функцияларын қайтадан және қайтадан қайталау қажеттілігіне 
қарай бөледі. Мысалы, авто өндірушіде әр жерлерде автокөліктерді жасайтын 
ұқсас зауыттар бар. Әрбір орын ұқсас түрде ұйымдастырылған; олардың әрбі-
рінің құрылымдары да ұқсас және олар бірдей функцияларды атқарады. Авто-
көліктер де осылай.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   218   219   220   221   222   223   224   225   ...   596




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет