Алеуметтану тероиясы indb


Сыни теорияға сын-пікірлер



Pdf көрінісі
бет243/596
Дата14.11.2022
өлшемі16,19 Mb.
#50039
түріОқулық
1   ...   239   240   241   242   243   244   245   246   ...   596
Сыни теорияға сын-пікірлер 
Сыни теорияларға көптеген сындар айтылды (Bottomore, 1984). Біріншіден, 
сыни теорияны тарихқа немқұрайдығы үшін айыптады. Қыруар оқиғаларды 
қарастыру барысында тарихи және салыстырмалы контекстерді (мысалы, 1930 
жылдардағы нацизм, 1940 жылдардағы антисемитизм, 1960 жылдардағы сту-
денттік көтерілістер) ескерусіз қалғаны үшін қатаң сынға алынды.
Бұл тарихи және салыстырмалы контекстерді ескеруі тиіс кез келген марк-
сизм теориясы үшін үлкен соққы. Екіншіден, сын тұрғысынан алғанда, сыни 
мектеп экономиканы мүлдем елеусіз қалдырды. Ақыр соңында, сыни тео рия-
шылар жұмысшы табы революциялық күш ретінде өз мәнін жойды деп мәлім-
деді, бұл дәстүрлі марксистік талдауға мүлдем қарама-қайшы еді.
Осы сын-пікірлер, дәстүрлі марксистерді, соның ішінде Боттоморды
 
«Франкфурт мектебі, өзінің бастапқы түрінде және марксизм немесе әлеу-
меттану мектебі ретінде өлді» деген қорытындыға әкелді (1984:76). Осын дай 
ой-пікірлерді Гризман да айтқан, ол сыни теорияны «сәтсіздікке ұшыраған па-
радигма» деп сипаттайды (1986:273). Айрықша мектеп ретінде өлсе де, оның 
көптеген негізгі идеялары марксизмге, неомарксизм әлеуметтануына, тіпті 
әлеуметтанудың негізгі бағыттарында қолданыс тапқаны даусыз. Осы лайша, 
Боттомордың өзі Хабермасқа қатысты тұжырымдама жасағанда, сыни мек-
теп марксизм мен әлеуметтанумен жақындасып, «сонымен қатар Франк фурт 
мектебінің кейбір өзіндік идеялары сақталып, дамыды» деген пікір білдірді 
(1984:76).
Юрген Хабермастың идеялары 
Сыни теорияның құлдырау кезеңіне тап келсе де, Юрген Хабермастың

шы ғар-
машылығы мен теориялары өте өзекті болып қала бермек (J. Bernstein, 1995; 
R. Brown and Goodman, 2001; Outhwaite, 1994). Біз осы тараудың сәл алдында 
бірнеше идеяларына тоқталдық және осы бөлімді оның сыни теориясына ар-
налған егжей-тегжейлі талқылаумен аяқтаймыз (оның тұжырымдамаларының 
басқа аспектілері туралы 13 және 14-тарауларда жазылған).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   239   240   241   242   243   244   245   246   ...   596




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет