Алеуметтану тероиясы indb



Pdf көрінісі
бет244/596
Дата14.11.2022
өлшемі16,19 Mb.
#50039
түріОқулық
1   ...   240   241   242   243   244   245   246   247   ...   596
Маркстен айырмашылықтары. Маркспен келіспеген Хабермас өзінің 
мақсаты «тарихи материализмді қалпына келтірудің мәнін түсіндіретін тео-
риялық бағдарламаны әзірлеу» болғанын айтады (1979:95). Хабермас өзіне 
бастапқы нүкте ретінде Маркстің іліміне (адам потенциалы, түрдің сипаты, 


314
II бөлім

Қазіргі заманғы әлеуметтану теориясы: негізгі мектептер
«сезімтал адам белсенділігі») сүйенеді. Дегенмен Хабермас (1971) Маркс 
адамзаттың екі аналитикалық ерекше компонентін ажырата алмады деп тұ-
жырымдайды. Олар – жұмыс (немесе еңбек, мақсатты-ұтымды әрекеті) пен 
әлеуметтік (немесе символикалық) өзара әрекеттесу (немесе коммуникативті 
әрекет). Хабермастың пікірі бойынша, Маркс соңғысын елемей, оны еңбек те-
рінде түйістіруге тырысты. Хабермастың пайымдауынша, Маркстің қателігіне 
«адамзаттың адам ретінде қалыптасыуына еңбек күші әсерінің азаюы» себеп 
болған (1971:42). Мысалы, Хабермас: «Мен өз жұмысыма еңбек тің және өзара 
әрекеттесудің іргелі айырмашылығын арқау етіп аламын», – дейді (1970:91). 
Осы ерекшеліктер Хабермастың бүкіл шығармаларының өн бойында қызыл 
жіп секілді тартылып жатыр, бірақ ол көп жағдайда мақсатты-ұтымды әре-
кет (жұмыс) және коммуникативті әрекет (өзара әрекет тесу) терминдерін 
қолдануға бейім болған.
«Мақсатты-ұтымды әрекет» («purposive-rationalaction») деген тақырып ту-
ра лы айтылғанда Хабермас аспаптық әрекеттер (instrumentalaction) мен стра-
тегиялық (strategic action) әрекеттерді ерекшелейді. Екеуі де өз мүдделеріне сай 
талпынысты тұспалдайды. Аспаптық әрекет осы мақсатқа жетудің ең жақсы 
құралдарын ұтымды түрде пайдаланатын бір ғана орындаушымен шектеледі. 
Стратегиялық әрекет түсінігінде мақсаттарға қол жеткізуге бағытталған мақ-
сатты-ұтымды әрекеттерді үйлестіретін екі немесе одан да көп адамдар коор-
динациясы қамтылады. Аспаптық және стратегиялық әрекеттердің мақсаты – 
аспаптық шеберлік.
Хабермас коммуникативті әрекетке көп қызығушылық танытады, онда:
«Субъектілердің іс-әрекеттері табысты эгоцентрлік есептеулер арқылы 
емес, өзара түсіністікке жету әрекеттері арқылы үйлестіріледі. Комму-
никативті әрекетке қатысушылардың көбі жеке жетістіктерге ұмтыл май-
ды, олар жалпы жағдайды анықтау негізінде олардың іс-қимыл жос пар-
ларын үйлестіре алатын жағдайда жеке мақсаттарына ұмтылады».
(Habermas, 1984:286; italics added) 
Мақсатты-ұтымды іс-әрекеттің мақсаты – түпкі мақсатқа жету болса
коммуникативті әрекеттің мақсаты – коммуникативті түсінікке қол жеткізу 
(SeanStryker, 1998).
Әрине, коммуникативті әрекеттің маңызды құрамдас бөлігі бар, ол – сөз 
(тіл). Алайда мұндай әрекеттің мәні «сөйлеу әрекеттерін немесе үнсіз әре-
кеттерді қамтитын» деген түсініктен әлдеқайда кеңірек болады (Habermas, 
1984:278).
Хабермастың Маркстен бөлінуінің басты ұстанымы – мақсатты-ұтымды 
әрекет (жұмыс) емес, коммуникативті әрекет – адамның ең ерекше және кең 
таралған құбылысы екенін дәлелдеуі. Дәл осы әрекет (жұмыс емес) – барлық 
әлеуметтік-мәдени өмірдің, сондай-ақ барлық гуманитарлық ғылымдардың 
негізі. Маркс еңбекке баса назар аударса, Хабермас қарым-қатынасқа ерекше 
көңіл бөлген.
Маркс тек еңбекке назар аударып қана қоймай, әртүрлі тарихи дәуірде, әсі-
ресе капитализмде еңбекті сыни талдау үшін бос және шығармашылық еңбек 
түрін қолданды. Хабермас теориясында да бастапқы желі бар, бірақ мақсатты-
ұтымды әрекеттерде емес, коммуникативтік салада кездеседі. Хабермастың бас-
тапқы желісі – бұрмаланбаған коммуникация, мәжбүрлік жоқ коммуникация. 


315
8-тарау

Неомарксистік теорияның әралуандығы
Осы желіні негізге ала отырып, Хабермас бұрмаланған коммуникацияны сыни 
түрде талдады. Маркс еңбектің бұрмалануының құры лымдық көздерін зерт-
тегендей, Хабермасты коммуникацияны бұрмалайтын қоғамдық құрылымдар 
қызықтырады. Олар әртүрлі базалық желілерді ұстан ғандарына қарамастан, 
Хабермас пен Маркстің алғашқы желілері бар, олар релятивизмнен құтылуға 
және түрлі тарихи құбылыстар туралы пайымдауларға мүмкіндік береді. Ха-
бермас бұл теорияшыларда, әсіресе Вебер мен бұ рынғы сыни теорияшыларда 
осындай алғашқы желінің жоқтығы мен олардың релятивизмге көшуіне сыни 
пікірлер айтқан.
Маркс пен Хабермастың теориялары және негізгі сызбалары арасында тағы 
бір параллель бар. Екі негізгі желі үшін бұл базалар өздерінің аналитикалық 
бастапқы нүктелерін ғана емес, сонымен қатар олардың саяси мақсаттарын да 
көрсетеді. Демек, Маркс үшін бұл мақсат алғаш рет бұрмаланбаған еңбек (түр 
болмысы) пайда болған коммунистік қоғам болса, Хабермастің түсінігінше, 
саяси мақсаты үшін бұрмаланбайтын – тек коммуникация (коммуникативті 
әрекет) қоғамы. Егер шұғыл мақсаттарға жету туралы айтатын болсақ, онда 
Маркс бұрмаланбаған еңбек жолындағы капиталистік тосқауылдарды (капи та-
листік) талқандауға тырысады, ал Хабермас еркін қарым-қатынас жолындағы 
кедергілерді жоюға қызығушылық танытады.
Мұнда Хабермас (1973; Habermas, 1994:101), басқа да сыни теорияшылар 
секілді, Фрейдке сүйеніп, психоаналитиктердің жеке деңгейде жасайтын әре-
кеттерін және қоғамдық деңгейде не істеу керектігі арасындағы көптеген са-
бақтастықты талдайды. Хабермас психоанализді бұрмаланған қарым-қатынас 
теориясы ретінде қарастырады және адамдарға бұрмаланбайтын негізде қа-
рым-қатынас жасауға мүмкіндік беруге тырысады. Психоаналитика жеке қа-
рым-қатынаста бұрмалану көздерін табуға тырысады, яғни байланысқа шыға-
рылған блоктар. Ойлау арқылы психоаналитик адамға бұл кедергілерді жеңе 
алатындай көмек көрсетуге талпынады. Сол сияқты терапевтикалық сын  
«өзін-өзі алдауды анықтауға көмектесетін жүйелі аргумент формасы» арқылы 
(Habermas, 1984:21), сыни теорияшылар адамға бұрмаланбаған қарым-қаты-
насқа кедергі келтіретін әлеуметтік кедергілерді жеңу үшін көмектесуге тыры-
сады. Демек, психоанализ және сыни теория арасындағы ұқсастық (көптеген 
сыншылар заңсыз ұқсастығы бар деп ойлайды) байқалады.
Психоаналитика пациентке әлеуметтік сыншы қолданатын әдістерге жү гіне 
отырып, жеткілікті түрде қарым-қатынас жасай алмайтын адамдардың толық-
қанды («undisabled») өмір сүруіне көмектеседі (Хабермас, 1994:112).
Маркске жүгіне отырып, Хабермас кемел болашақ қоғамның негізі болған 
за манауи әлем де бар деп санайды. Демек, түрлердің элементтері Маркстің ка-
питалистік қоғам туралы еңбектерінде байқалады. Хабермастың ойынша, бұр-
ма ланған байланыс элементтерін заманауи қарым-қатынастардың әрқайсысы-
нан кездестіруге болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   240   241   242   243   244   245   246   247   ...   596




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет