317
8-тарау
•
Неомарксистік теорияның әралуандығы
ды [Outhwaite, 1994:41]. Бұл шындық барлық қарым-қатынастың бір бөлігі
және оның толық көрінісі – Хабермастың эволюциялық
теориясының мақса-
ты. Томас МакКарти былай дейді: «Ақиқат идеясы, ақыр аяғында, ешқандай
бұрмалаусыз өзара әрекеттесу түрін көрсетеді. Сыни теорияның мақсаты бо-
лып саналатын «жақсы және шынайы өмір» шындық ұғымына тән;
бұл әр сөй-
ленген сөзде күтіледі» (1982:308).
Әуелі консенсус теориялық тұрғыдан талқыланады (және теорияға дейінгі
тұрғыдан коммуникативті әрекетте), олардың әрекет етуінің төрт түрі талқы-
ланып, өзара әрекеттесуші тұлғалар мақұлдаған соң, ой іске асады. Біріншіден,
сөйлеушінің сөздері түсінікті, анық болады.
Екіншіден, баяндамашы ұсынған
ұсыныстар шындықты білдіреді, яғни сөйлеген адам сенімді ақпарат ұсына-
ды. Үшіншіден, спикер ұсыныс жасағанда, барынша шыншыл (сенімді) және
шынайы пайымдауларды айтқан кезде сенімді болады, яғни сөйлеуші сенімді.
Төртіншіден, спикер
мұндай ұғымдарды айтуға құқылы, ол үшін нормативтік
база бар. Келісімнің барлығы осы дискурс кезінде қойылған талаптардың бар-
лығы орындалған кезде қабылданады, ал бір немесе бірнеше талаптар орын-
далмаса бұзылады. Бұрынғы тармаққа
оралатын болсақ, қазіргі әлемде бұл
процесті бұрмалайтын, консенсустың қабылдануына кедергі келтіретін күш-
тер баршылық және Хабермастың мінсіз қоғамы орнау үшін кедергілерді же-
ңуге тура келеді (M. Morris, 2001).
Достарыңызбен бөлісу: