Алеуметтану тероиясы indb


Негізгі мемлекеттердің дамуы



Pdf көрінісі
бет256/596
Дата14.11.2022
өлшемі16,19 Mb.
#50039
түріОқулық
1   ...   252   253   254   255   256   257   258   259   ...   596
Негізгі мемлекеттердің дамуы.
 Әлемдік жүйе дамуының үшінші кезеңі саяси 
секторды және түрлі экономикалық топтардың мемлекеттік құрылымдарын 
өз мүдделерін қорғауға және дамытуға қалай қолданатынын қарастырады. 
Шынайы монархиялар батыс Еуропадағы капитализмнің дамыған кезеңімен 
сәйкес уақытта пайда болды. XVI–XVIII ғасырлар аралығында мемлекет-
тер Еуропадағы орталық экономикалық субъектілер болды, бірақ кейінірек 
экономикалық орталыққа көшті. Негізгі бағыттардағы күшті мемлекеттер 
капитализмді дамытуда маңызды рөл атқарды және сайып келгенде, өзіндік 
күйреуінің эко номикалық базасын қамтамасыз етті. XVI ғасырда еуропалық 
мемлекеттер басқалармен қатар бюрократиялық жүйелерді өркендету, кеңей-
ту және қоғамдағы монополияны құру, бірінші кезекте, ішкі әскерді дамытып, 
ішкі тұрақтылықты қамтамасыз ету үшін олардың қызметін заңдылыққа ай-
налдыру арқылы нығайтты. Негізгі аймақтың жай-күйін күшті саяси жүйелер 
дамытқанмен, периферия, сәйкесінше, әлсіз аймақтарды дамытқан.


333
8-тарау

Неомарксистік теорияның әралуандығы
Кейінгі зерттеулер.
The Modern World-System («Модерн әлем -жүйесінің») 
екінші томында Валлерстайн ([1980] 2011) әлемдік экономиканың 1600–1750 
жылдардағы шоғырландыру тарихын талқылау мәселесін көтерді. Бұл еуропа-
лық дүниежүзілік экономиканың айтарлықтай кеңею кезеңі емес еді, бірақ осы 
жүйеде бірқатар елеулі өзгерістер болды. Мысалы, Валлерстайн Нидерланды 
ядросының өсуі мен кейін гі құлдырауын талқылады. Кейінірек ол екі негізгі 
мемлекет – Англия мен Франция арасындағы конфликтіні, сондай-ақ Англия-
ның соңғы жеңісін талдады. Периферияда Валлерстайнның егжей-тегжейлі 
сипаттамалары испандық Американың циклдік жай-күйін қамтиды. Жарты-
лай периферияда біз Испанияның құлды рауы мен Швецияның өркендеуін ба-
қылаймыз.
(Модерн әлем-жүйесінің) үшінші томында Валлерстайн ([1989] 2011) өзі-
нің тарихи талдауын 1840 жылдарға дейін жеткізеді. Валлерстайн 1730–1840 
жылдар аралығындағы үш оқиғаны – Индустриялық революцияны (ең алды-
мен Англияда), Француз революциясын және Америкадағы еуропалық отар-
лар тәуелсіздігін қарастырады. Оның пікірінше, олардың ешқайсысы әлемдік 
капи талистік жүйенің негізгі мәселесі болмаған, керісінше, олар «одан әрі шо-
ғыр ландыру және нығаю» болып көрінген (Wallerstein, [1989] 2011:256).
Валлерстайн Англия мен Франция арасындағы ядроның үстемдігі үшін кү-
рес туралы тақырыпты жалғастырады. Алдыңғы талдау кезеңінде дүние жүзі 
экономикасы тоқтап қалса, қазір ол кеңейе түсті және Ұлыбритания индус-
трияландыруды тездетіп, ауқымды салаларға үстемдік ете бастады. XVIII ға-
сырда Францияның өнеркәсіптік аймақта үстемдікке ие болғанына қарамастан, 
Англия қарқынды дамып алға озды. Француз революциясы әлемдік капи та-
листік жүйенің дамуында, әсіресе феодализмнің ұзаққа созылған мәдени құн-
дылықтарынан ірге ажыратуда, сондай-ақ мәдени-идеологиялық жүйені эко-
номикалық және саяси шындыққа сәйкестендіруге көмектесуде маңызды рөл 
атқарды (төменде IV том талқылауын қараңыз). Алайда төңкеріс, сол сияқ ты 
Наполеонның ережелері мен соғыстар Францияның индустриялық дамуына 
кедергі келтірді. Осы кезеңнің аяғында «Ұлыбритания әлемдік жүйеде шын 
мәнінде гегемониялық үстемдікке ие болды» (Wallerstein, [1989] 2011:122).
1750–1850 жылдар аралығындағы уақыт кезеңі әлемдік экономиканың пе-
рифериясына (Үндістанның субконтиненті, Османлы және Ресей империясы
Батыс Африка) жаңа аймақтардың енуімен сипатталды. Бұл аймақтар Валлер-
стайнның әлемдік жүйенің «сыртқы аумағы» деп аталатын бөлігі болды және 
осылайша жүйеге қатысы бар дегенмен, бірақ ондай жүйенің өзі болмады.
Сыртқы аймақтар – әлемдік экономика тауарларын қажет еткен, бірақ негізгі 
елдерден өндірілетін тауарлардың өзара импортына қарсы тұра алатындар. Осы 
сыртқы аймақтарды біріктіру нәтижесінде сыртқы әлемге жақын елдер әлемдік 
жүйеге тартылды. Осылайша, Үндістанды біріктіру Қытайдың периферия бө-
лігіне айналуына ықпал етті. ХІХ ғасырдың соңы мен ХХ ғасырдың басында 
инкорпорацияның қарқыны үдеп, «бүкіл әлем, тіпті капиталистік әлемдік эко-
номикадағы ешқандай бөлікке кірмеген аймақтар да тартылды» (Wallerstein, 
[1989] 2011:129).
Әлемдік экономикаға енудегі қысым қосылған мемлекеттерден емес, «әлем-
дік экономиканың қажеттілігінен, оның өз шекарасын кеңейту қажеттілігінен, 
өзі әлемдік экономикадағы қысымның ішкі факторы болуы себепті» туындай-
ды (Wallerstein, [1989] 2011:129). Сонымен қатар инкорпорация процесі күрде-
лі емес, бірте-бірте пайда болатын процесс.


334
II бөлім

Қазіргі заманғы әлеуметтану теориясы: негізгі мектептер
Валлерстайн ([1989] 2011:170) марксизмнің экономикалық бағытына сү-
йене отырып, әлемдік экономиканың бір бөлігіне айналуы «міндетті түрде», 
қатысушы мемлекеттердің саяси құрылымдарының мемлекетаралық жүйенің 
бір бөлігі болуы тиіс екенін білдіреді. Осылайша, біріккен аймақтардағы мем-
лекеттер осы мемлекетаралық саяси жүйенің бір бөлігіне айналып, жаңа саяси 
нысандармен алмастырылуы немесе осы саяси жүйенің бөлігі болған мемлекет-
тер қатарына енуі мүмкін.
Қосылу үдерісінің соңында пайда болған мемлекеттер мемлекетаралық жүйе нің 
бөлігі болып қана қоймай, сонымен бірге олар экономикалық мүдделерін сырт-
қы араласудан қорғай алатындай қауқарлы болуы тиіс. Алайда олар тым күшті 
болмау керек, яғни олар капиталистік әлемдік экономика талаптарына сәйкес 
әрекет етуден бас тарта алатындай дәрежеде қуатты болмау қажет.
Ақырында, Валлерстайн Солтүстік және Оңтүстік Америкадағы 1750–1850 
жылдардағы отарлықтан азат етілу жайын зерттейді. Бұл Американың Ұлы - 
британия, Франция, Испания және Португалия бақылауынан шыққаны тура-
лы деректі нақтылайды. Бұл отарлықтан азат етілу әсіресе Құрама Штаттарда, 
сонымен бірге әлемдік капиталистік жүйенің кейінгі дамуында үлкен серпін 
туғызуы тиіс еді.
Аз уақыт бұрын Валлерстайн Centrist Liberalism Triumphant («Модерн әлем-
жүйесінің») (2011a) «Орталықтандырылған либерализм триумфы (салтана-
ты)» деп аталған төртінші томын жариялады. Бұл шығарма 1789–1914 жылдар 
аралығын қамтиды. Капиталистік әлемдік экономиканың саяси және эконо-
микалық құрылымдарының пайда болуын сипаттайтын алдыңғы томдардан 
айырмашылығы – бұл томда капиталистік әлемдік экономика идео логиясы-
ның пайда болуы сипатталады. ХІХ ғасырға дейін «әлемдік жүйенің саяси эко-
номикасы мен оның дискурстық риторикасы» арасында айырмашылық болды 
(2011а:277). Бұдан бұрынғы құрылымдық жетістіктерді нығайту үшін әлемдік 
жүйе де заңды идеологияны талап етті. Валлерстайн бұл идеологияны геомәде-
ниет деп атайды: «Геомәдениетте біз бүкіл әлемде кеңінен айқын және жасы-
рын таралған құндылықтарды ескереміз» (2011а:277). IV томда ХІХ ғасырдың 
ортасында орталық либерализм заманауи әлемдік жүйенің геомәдениеті ретін-
де сипатталады.
Француз төңкерісінен кейін пайда болып, орталықтандырылған либера-
лизмнің әлемдік капитализмнің геомәдениеті ретінде табысты болатыны кү-
мәнді. XIX ғасырдың бірінші жартысында орталықтандырылған либерализмге 
сол жағынан социализм және оң жағынан ескішілдік қарсы шықты. Осы көз-
қарастардың әрқайсысы француз төңкерісінің мағынасын нақты түсіндірді, 
қазіргі заманның «тарихи пәні» туралы ерекше көзқарасты және мемлекеттің 
осы тарихи тақырыпқа қатынасы туралы әртүрлі идеяларды ұсынды. Дегенмен 
«либерализмге қатысты осы қарама-қарсылықтың артында барлық тәртіп-та-
лаптардың басты компоненті ретінде өндіріс арқылы прогреске жетеміз деген 
либералдық сенім тұрды» (2011а:18). Ескішілдік және социализм нің шиелені-
сі белсенді болғанмен, бұл ортақ көзқарас орталықтандырылған либерализмге 
қарсы барлық ұстанымдарды күшейтеді.
Валлерстайн үш заманауи әлеуметтік институт: либералдық мемлекет, қа-
зіргі заманғы азаматтық және әлеуметтік ғылымдар пайда болғанын анық-
тап, либерализмнің әлемдік жүйенің бір бөлігі болатынын көрсетеді. Либера-
лизммен «араласпау» (laissez -faire) идеологиясына қарамастан, Валлерстайн
(Карл Поланийдің пікірінше) орталықтандырылған либерализмнен мықты 


335
8-тарау

Неомарксистік теорияның әралуандығы
мемлекет құрылуын талап етеді. Либералдық мемлекеттің басымдығы – арала-
сусыз на рыққа шығуын қамтамасыз ету емес, тұтастай алғанда экономикалық 
өсуді қамтамасыз ету. Бұл еркін нарықтық заңнаманы қамтуы мүмкін, бірақ ол 
сондай-ақ еркін нарықты құруға қатысы жоқ заңдарды да қамтуы мүмкін. Мы-
салы, либералды мемлекет әлеуметтік жақсарту бағдарламаларын құру ісіне 
де қатысқан. Әлеуметтік мелиорация саясаттары экономикалық өнімділікке 
үлес қосады деп есептелінген, бірақ одан да маңыздысы – бағдарлама «қауіпті 
таптарды оқшаулау» саяси мақсатына да қызмет етті (2011а:140). Бұл радикал-
ды социализмді либерализм жобасына айналдырып, оны елеулі идеологиялық 
қауіп ретінде жойды.
Азаматтық теңдік пен демократиялық ұжымдық басқару тұжырымдамасы 
«либералды идеологияның орталығы» болған (Wallerstein, 2011a:217). Жал-
пыға бірдей сайлау құқығы либералды мемлекет құрған элиталардың билігіне 
қауіп төндірді. Нәтижесінде инклюзивті азаматтық ұғымы «белсенді» азамат-
тардың санын азайтуға бағытталған (яғни ұжымдық басқаруда қатысуға рұқсат 
етілген) біршама шектеулермен қатар жүрді. Басқалармен қатар әйелдер мен 
нәсілдік топтар «пассив» азаматтар тобына жатқызылды. Олар либералды мем-
лекеттің қорғауына сүйене алар еді, бірақ оның басқаруына қатыса алмады. Бұл 
қосу-алу (inclusion-exclusion) жүйесінде, «ХІХ ғасырда біздің заманымыздың 
бірегейлікке қатысты барлық тұжырымдамалары мен терминдер жиынтығы 
құрылған», олар ХІХ және ХХ ғасырлардағы ірі қоғамдық қозғалыстардың не-
гізі болды (2011 а:217).
Ақырында Валлерстайн тарихи әлеуметтік ғылымдардың: тарих, экономи-
ка, әлеуметтану және саясаттанудың пайда болуын талқылайды. Олар либе-
ралды мем лекетті легализациялауда және оның жұмысын жолға қоюда үлкен 
міндет атқарады. Бұл пәндер өздерін бейтарап және объективті ғылымдар ре-
тінде көрсетуге ұмтылғанмен, олар либерализмнің міндеттерімен тығыз байла-
ныста және осылайша әлемдік экономикалық жүйе геомәдениеттің дамуы үшін 
аса маңызды болмақ.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   252   253   254   255   256   257   258   259   ...   596




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет