450
II бөлім
•
Қазіргі заманғы әлеуметтану теориясы: негізгі мектептер
Норма түсінігі, Блаудың тұжырымдамасы бойынша, жеке тұлға мен қо ғам-
дық ұйымдар арасындағы айырбас деңгейіне, ал құндылық түсінігі қоғамдық
ұжымдар арасындағы қарым-қатынастың кең әлеуметтік деңгейіне және тал-
дауына жатқызылады. Блау былай дейді:
«Түрлі үлгідегі қоғамдық құндылықтарды әлеуметтік кеңістік пен уа-
қыт шегіндегі қарым-қатынастың әрекеттесу ауқымын және құрылымын
кеңейтуге мүмкіндік беретін әлеуметтік реттеу құралы ретінде түсінуге
болады. Әлеуметтік құндылықтарға қатысты келісім әлеуметтік реттеу
тәртібін тікелей адам өмірінен бөлек әлеуметтік байланыстар шегінен
тыс тарату және әлеуметтік құрылымдардың тіршілігін ұзарту үшін не-
гіз болады. Құндылық стандарттары – екі түрлі мағынадағы әлеуметтік
өмірдің құралы. Құндылықтың мәні – әлеуметтік қарым-қатынасты қа-
лыптастырушы құрал; жалпы құндылықтар кең мағынада әлеуметтік
ассоциация және қарым-қатынастарды байланыстырушы түйін ретінде
түсіндіріледі».
(Blau, 1964:263–264)
Мысалы,
партикуляристік құндылықтар ынтымақтастықтың негізі және
біріктіру құралы ретінде қалыптасады. Бұл құндылықтар патриотизм немесе
мектеп, немесе компания беделінің көрінісі сияқты айналасындағы топтардың
бірігу қызметін атқарады. Олар ұжымдық деңгейде адамдарды жеке қарым-қа-
тынас арқылы біріктіреді. Дегенмен олар жеке тартымдылықтан тыс ин те гра-
тивті байланыстарды кеңейтеді. Партикулярлық құндылықтар сыртқы топтан
ішкі топты дифференциациялайды, сөйтіп олардың біріктіруші функ циясын
күшейтеді.
Блаудың талдауы бізді Хоманс ұсынған айырбас теориясынан алшақ әке-
теді. Хоманс үшін аса маңызды жеке тұлға мен жеке тұлғалық мінез-құлыққа
Блау тұжырымдамасында ешқандай мән берілмейді. Оның орнына алдыңғы қа-
тардан түрлі
әлеуметтік фактілер орын алады. Мысалы, Блау топтарды, ұйым-
дарды, ұжымдарды, қоғамдарды, нормаларды және құндылықтарды қарастыр-
ды. Өзі нің талдауында ол ірі ауқымды әлеуметтік бірліктерді байланыстырушы
және жоюшы механизмге ерекше назар аударды, бұл әлеуметтік фактілер пара-
диг масын ұстанушылардың дәстүрлі құралы бола алады.
Блау айырбас теориясын тек ірі қауымдастықтар деңгейіне дейін кеңейтеді
деп пайымдайды, дегенмен ол оны танымастай етіп өзгертеді. Ол қарастыра-
тын қарым-қатынас деңгейіне сай процестер жеке тұлғалық деңгейде болып
жат қан үдерістен түбегейлі түрде ерекшеленеді. Блау айырбас теориясы шегін
кеңейтуге талпыныс жасап, оны макродеңгейлік теорияға өзгертті. Дегенмен
жан-жақты алып қарағанда ғалым жеке тұлғалар арасындағы қарым-қатынас
бәрібір айырбас теориясының негізгі пәні болып қалатынын жақсы түсінген
еді. Әйтсе де ол толықтыруды – макроқұрылымдарды қарастыруды қажет ете-
ді. Блау (1987, 1994) бұл ойын жасырмайды және өзінің соңғы еңбектерінде
макродеңгейлік, құрылымдық құбылыстарға ерекше көңіл аударды.
Достарыңызбен бөлісу: