Алеуметтану тероиясы indb



Pdf көрінісі
бет334/596
Дата14.11.2022
өлшемі16,19 Mb.
#50039
түріОқулық
1   ...   330   331   332   333   334   335   336   337   ...   596
Билік-тәуелділік. Эмерсон билікті «бір актор екінші акторды «қабылдауға» 
мәжбүрлейтін әлеуетті құндылық деңгейі» ретінде анықтаса, тәуелділік «ак-
тор қарым-қатынаста қабылдайтын әлеуетті құн деңгейі» деп қарастырады 
(1972b:64). Бұл анықтамалар Эмерсонның билік-тәуелділік теориясына алып 
келеді (Molm, 2007), оны Ямагиши, Гиллмор және Кук былай қорытындылай-
ды: «Айырбас қарым-қатынасындағы бір тараптың екіншіге билігі оның басқа 
тарапқа тәуелділігінің кері функциясы болады (1988:837; Whitmeyer, 2005b). 
Тең емес билік пен тәуелділік қарым-қатынастағы үйлесімсіздікке алып келе-
ді, бірақ уақыт өте келе олар аса үйлесімді түрде биліктен тәуелділікке қарай 
жылжиды. Молм мен Кук (1995) тәуелділікті Эмерсонның жұмысындағы сыни 
тұжырымдама ретінде қарастырды. Молм атап өткендей, «акторлардың бір-
біріне тәуелділігі – олардың өзара қарым-қатынасының негізгі құрылымдық 
көрсеткіштері (1988:109). Эмерсон бастапқыда мәселені былай қарастырған:
«1) Актор А-ның актор В-ға тәуелділігі В жанамасы арқылы А мақсатының 
ынталандырушы инвестицияларына тура пропорционал және 2) АВ қарым-қаты-


455
11-тарау

Айырбас, желілік және рационалды таңдау теориялары
насынан тыс А үшін осы мақсаттарға қол жеткізуге кері пропорционал болып 
келеді» (1962:32). Осылайша, тәуелділік сезімі Эмерсонның билік түсі нікте-
месіне байланысты: «А-ның В-ға билігі тең және В-ның А-дан тәуелділігіне негіз-
делген» (1962:33). А мен В арасындағы өзара байланыста А-ның В-ға, В-ның А-ға 
тәуелділігі тең болған кезде үйлесімділік бар. Тәуелділікте үйлесімділік жоқ 
болған жағдайда тәуелділігі әлсіз актор билікке қатысты артықшылыққа ие бо-
лады. Осылайша билік – А және В арасындағы қарым-қатынас құры лымына 
салынған мүмкіндік. Билік сонымен қатар қарым-қатынастан сыйақы алу үшін 
де қолданылуы мүмкін. Тіпті үйлесімді қарым-қатынаста да біршама тең дә-
режеде билік пен тәуелділік болады. Билік пен тәуелділік мәселесіне қатысты 
зерттеулер, ең бірінші, позитивті нәтижелерге – басқалардың сыйақы алуына 
негізделген. Дегенмен Молм өзінің бірқатар еңбектерінде (1988, 1989, 1994, 
1997; Peterson, 2005) билік-тәуелділік қарым-қатынасындағы жазалау билігі-
нің жағымсыз рөлін атап өтті. Демек, билікке сыйақымен де, басқаларды жа-
залау арқылы да қол жеткізуге болады. Жалпы айтқанда, Молм жазалау күші 
сыйақы күшінен әлсіз екенін анықтаған, оған себеп – жазалау әрекеті жағым-
сыз әсер тудыруы мүмкін. Яғни жағымсыз әсерді ушықтыру қаупі – жазалау 
билігінің маңызды бөлігі болып табылады деген сөз.
Бұл бізді жазалау билігі қауіп элементін сыйақы билігіне қарағанда, аса
стратегиялық тұрғыда қолданады деген қорытындыға әкеледі (Molm, 2001).
Дегенмен Молм зерттеулерінің бірінде (1994) жазалау билігінің салыс тыр-
малы түрде әлсіздігін ескертеді және соған байланысты қауіп – сыйақы билігі-
не қарағанда тиімділігі аз болғанынан емес, оның кеңінен қолданылмайтынына 
байланысты болуы мүмкін. Молм, Квист және Уизли (1994) жазалауды сый-
ақы беруге құқы барлар қолданғанда әділетті болып көрінетінін, ал серіктестер 
сыйақыны күткен кезде бұл әділетсіз және, сәйкесінше, әлсіз ынталандыру ре-
тінде қабылданатынын айтады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   330   331   332   333   334   335   336   337   ...   596




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет