Алеуметтану тероиясы indb


II бөлім • Қазіргі заманғы әлеуметтану теориясы: негізгі мектептер Агрессия – мақұлдау ұсыныстары



Pdf көрінісі
бет328/596
Дата14.11.2022
өлшемі16,19 Mb.
#50039
түріОқулық
1   ...   324   325   326   327   328   329   330   331   ...   596
444
II бөлім

Қазіргі заманғы әлеуметтану теориясы: негізгі мектептер
Агрессия – мақұлдау ұсыныстары 
«А ұсынысы: адам өзі күткен сыйақыны алмаса немесе өзі күтпеген жа за-
лауға ұшыраса, ашуланады; агрессиялы іс-әрекетке бейім болады және 
ондай іс-әрекет нәтижесі ол үшін қымбатқа түсуі мүмкін».
(Homans, 1974:37)
Егер кеңседе адам өзі күткен кеңесті алмаса, ал басқа біреу өзі күткен ма-
дақты естімесе, олардың екеуі де ашулануы мүмкін.
4
Хоманс еңбектерінде-
гі түңілу және ашу тұжырымдамасына таңғаламыз, себебі олар психикалық 
жай-күйге қатысты болып көрінуі мүмкін. Іс жүзінде Хоманс «адам қала-
ғанын алмаған жағдайда уайым-қайғыға салынады; бихевиоризмде пурист 
болжам ға мүлдем жүгінбейді, себебі бұл сөз... жанның күйіне байланысты» 
деп мойын даған. (1974:31). Хоманс бұлай үмітсізденіп, түңілу міндетті түрде 
ішкі күйге «ғана» қатысты болуы тиіс емес екеніне сендіреді. Сонымен қатар 
ол тек сол адам ғана емес, бөтен адамдар бақылайтын «сыртқы оқиғаларға» 
қатысты болуы мүмкін.
А қағидасында агрессияны бекіту тек теріс эмоцияларға байланысты, В ұсы-
нысы көбінесе жағымды эмоцияларға ие.
«В ұсынысы: егер адам өзі күткен сыйақыны немесе өзі күткеннен де көп 
сыйақы алса немесе өзі күткен жазаны алмаса, ол риза болады; ол оң іс-
әрекет жасауға бейім болады және ондай іс-әрекет нәтижесі ол үшін бұ-
рынғыдан да құнды бола түседі».
(Homans, 1974:39)
Мысалы, кеңседе адам өзі күткен кеңесті алса, ал келесі бір адам өзі күткен 
мадақты естісе, олардың екеуі де риза және бір-біріне көбірек кеңес беруі ықти-
мал. Кеңес және мадақ әрқайсысы үшін ерекше құнды болады.
Рационалдық ұсыныс
«Балама әрекеттер арасында таңдау жасау кезінде адам өзін сол уақытта 
қалай қабылдағанына байланысты таңдайды, Р ықтималдықпен көбей-
ген V нәтижесі үлкен нәтижеге қол жеткізуге мүмкіндік беретін нәтиже-
ні таңдайды».
(Homans, 1974:43) 
Бұрынғы ұсыныстар көбіне мінез-құлыққа тәуелді болғандықтан, рацио-
налдық туралы ұсыныстар – рационалды таңдау теориясы Хоманстың көз қа-
расына әсер еткенін көрсетеді. Экономикалық тұрғыдан алғанда, рационалдық 
ұсыныстарға сәйкес әрекет ететін акторлар өздерінің коммуналдық қызметте-
рін барынша арттырады.
Негізінен, адамдар ашық түрдегі әртүрлі балама әрекеттер арқылы есептеу-
лер жа сайды. Олар әрбір әрекетке байланысты сыйақылардың санын салыс-
тырады. Сондай-ақ олар, шын мәнінде, сыйақыны алу мүмкіндігін де есептей-
ді. Акторлар сыйақы алуға болатыны екіталай деп санаса, жоғары бағаланған 
сый ақылар құнсызданады. Керісінше, егер құндылығы төмен сыйақылар тым 


445
11-тарау

Айырбас, желілік және рационалды таңдау теориялары
Питер Блау 1918 жылы 7 ақпанда Австрияның Вена қа-
ласында дүниеге келді. 1939 жылы Құрама Штаттарына 
қоныс аударып, 1943 жылы АҚШ азаматы болды. 1942 
жылы Иллинойс штатындағы салыстырмалы түрде 
атағы белгісіздеу Элмхерстдегі Элмхерст колледжінде 
бакалавр дәрежесін алды. Екінші дүниежүзілік соғыс 
бас талғаннан кейін оқуын үзуге мәжбүр болды, сөйтіп 
АҚШ әскерінде қызмет етті және Қола жұлдызымен 
марапатталды. Соғыстан кейін, 1952 жылы мектепке 
оралып, өз оқуын Колумбия университетінің PhD дәре-
жесін алуымен аяқтады (Bienenstock, 2005).
Блау формалды ұйымдарды зерттеуге қосқан үле-
сі үшін әлеуметтануда алғаш рет кең танылды. Оның 
ұйымдарды эмпирикалық зерттеулері мен формалды 
ұйымдар жөніндегі оқулықтары әлі күнге дейін осы 
салада кеңінен пайдаланып келеді. 2002 жылы қайтыс 
болғанға дейін өзінің әлеуметтік зерттеулерін жемісті 
жалғастырды. 
Сондай-ақ ол Отис Дадли Дунканмен бірігіп жазған The American Occupational Structure
(«Америкалық еңбек құрылымы») [1967] атты еңбегі үшін 1968 жылы америкалық әлеуметтану-
шылар қауымдастығының беделді Сорокин сыйлығын иеленді. Бұл еңбек әлеуметтік стратифи-
кацияны зерттеуге қосылған өте маңызды шығарма болып табылады.
Блау көптеген ғылыми-зерттеуімен танымал болса да, бізді қызықтыратыны оның әлеуметтік 
теорияға қосқан үлесі еді. Бұл жердегі ерекше атап өтерлік нәрсе – Блаудың екі түрлі теориялық 
бағдарға қосқан маңызды үлесі. 1964 жылы жазған Exchange and Powerin Social Life («Айырбас 
және әлеуметтік өмірдегі билік») атты кітабы қазіргі заманғы айырбас теориясының негізгі құ-
рамдас бөлігі болып саналады. Блау еңбегінің басты мәні, ең алдымен, шағын айырбас теория-
сын қалыптастыруға және оны кең ауқымды мәселелерге қолдануға тырысуында болды. Кейбір 
елеулі кемшіліктеріне қарамастан, ең бастысы, ол үлкен және шағын ауқымды әлеуметтік мә-
селелерді теориялық тұрғыдан біріктіруге талпыныс жасады. Сонымен қатар Блау құрылымдық 
теорияның алдыңғы легінде болды. Америкалық әлеуметтанушылар қауымдастығының пре-
зиденті (1973–1974) болған кезеңде осы тақырыпты қауымдастықтың жыл сайынғы жиналы-
сында басты мәселенің бірі ретінде қарастырды. Ол құрылымдық теорияны түсіндіруге және 
кеңейтуге бағытталған бірқатар кітаптар мен мақалаларды жариялады. Осы саладағы оның 
кейінгі еңбектері арасында Structural Contexts of Opportunities («Мүмкіндіктердің құрылымдық 
мәнмәтіндері») [1994] және Crosscutting Social Circles («Әлеуметтік шеңберлердің қиылысула-
ры») [Blauand Schwartz, 1997] кітабының екінші басылымын атауға болады.
Питер Блау 2002 жылы 12 наурызда қайтыс болды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   324   325   326   327   328   329   330   331   ...   596




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет