Алеуметтану тероиясы indb


Анағұрлым интегративті айырбас теориясы



Pdf көрінісі
бет335/596
Дата14.11.2022
өлшемі16,19 Mb.
#50039
түріОқулық
1   ...   331   332   333   334   335   336   337   338   ...   596
Анағұрлым интегративті айырбас теориясы. Кук, О’Брайен мен Коллок 
(1990) айырбас теориясын талдаудың түрлі деңгейлеріндегі, соның ішінде өзара 
байланыстағы жеке тұлғалар, бірлестіктер және ұлттық мемлекеттер арасында-
ғы айырбасқа қатысты ажырамайтын интегративті терминдер арқылы анықтай-
ды. Олар айырбас тарихындағы жұмыстың екі саласын – біреуін айыр бастағы 
әлеуметтік мінез-құлыққа назар аудара отырып, микродеңгейде, ал екіншісін – 
әлеуметтік құрылымды айырбас ретінде қарастырып, макродеңгейде теңесті-
реді. Олар айырбас теориясының күші микро- және макроинтеграцияда деп
біледі, себебі «бір теория аясында жеке акторларға және жалпы макродеңгейге 
(немесе жүйелі деңгейде) қатысты қолдануға болатын тұжырымдарды ұсына-
ды, осыған орай, бір деңгейдегі өзгерістердің салдарларын басқа талдау деңгей-
лерінде қолдануға әрекеттенеді» (Cook, O’Brien and Kollock, 1990:175). 
Кук, О’Брайен және Коллок үш заманауи үрдісті үйлестіріп, үшеуін де ана-
ғұрлым интегративті айырбас теориясына бағыттайды. Біріншіден, далалық 
зерттеулерді барынша қолдану арқылы макроскопиялық мәселелерге назар 
аударды, олардан алынған деректер зертханалық эксперименттердің нәтижесін 
толықтыруы мүмкін. Екіншіден, олар жұмыстағы басты назардың диадаға және 
ірі айырбас желілеріне ауысқанын байқады. Үшіншіден, ең бастысы, төменде 
талқыланған ағымдағы ізденістер айырбас теориясын және құрылымдық әлеу-
меттануды, әсіресе желілік теориясын бір арнаға жинақтайды.
Сонымен қатар Кук, О’Брайен және Коллок көптеген басқа микротеория-


456
II бөлім

Қазіргі заманғы әлеуметтану теориясы: негізгі мектептер
лардағы түсініктерді біріктірудің тиімділігін талқылайды. Шешім қабылдау 
теориясы «акторлардың мәмілелерге қатысты таңдау жасау жолдарын» ұсы-
нады (Cook, O’Brien and Kollock, 1990:168). Жалпы алғанда, когнитивті ғы лым 
(соның ішінде когнитивті антропология және жасанды интеллект) «акторлар 
ақпаратты қалай алатыны, өңдейтіні және қабылдайтыны жайлы көбірек мә-
лімет» береді (Cook, O’Brien and Kollock, 1990:168). Символикалық интерак-
ционизм акторлар бір-біріне ниеттерін қалай түсіндіретіні туралы ақпарат 
ұсынады және ол айырбас қарым-қатынастарында сенім мен өзара адалдықты 
дамыту үшін маңызды. Жалпы, олар өздерінің айырбас теориясының синте-
тикалық нұсқасы агенттік пен құрылым қарым-қатынастарының өзекті мәсе-
лелерін шешуге дайын деп санайды. Олардың ойынша, «айырбас теориясы – 
құрылымға қатысты мақсатты акторларды нақты тұжырымдайтын әлеуметтік 
ғылымдардағы теориялық бағыттың шектеулі санының бірі болып саналады»
(Cook, O’Brien and Kollock, 1990:172). 
Айырбас теорияшылары үнемі өз ұстанымдарын басқа бағыттағы теориялар 
арқылы өңдеп, жетілдіріп отыруға тырысты, оның мысалдары көп. Мәселен, 
Ямагиши мен Кук (1993) айырбас теориясын рационалды таңдау нұсқасы – 
әлеуметтік дилемма теориясымен интеграциялауға талпынған (Yamagishi, 
1995). Әлеуметтік дилемма бағыты атақты тұтқын дилеммасының диадалық 
тұжырымдамасынан туындағаны сөзсіз. «Әлеуметтік дилемма белгілі бір ын-
таландыру құрылымының түріне байланысты жағдай ретінде айқындалады, 
онда 1) егер топтың барлық мүшелері бірге қызмет жасаса, барлығы, сол сәт-
те; 2) әрбір жеке тұлға үшін бірге қызмет жасамағаны тиімді» (Yamagishi and 
Cook, 1993:236; Yamagishi, 2005). Өз зерттеулерінің жай-жапсарына қарамас-
тан, Ямагиши мен Кук айырбас қарым-қатынасы және құрылымының сипа-
ты адамдардың әлеуметтік дилеммамен қалай айналысатынына әсер етеді деп
санайды.
Хегтведт, Томпсон мен Кук (1993) айырбас теориясын когнитивті процес-
терге қатысты бірыңғай интеграциялауға тырысты: ол – атрибуция теориясы. 
Осы теория арқылы интеграциялау айырбас теориясына адамдар атрибуттар-
ды қалай қабылдайтынын және иемденетінін түсінуге мүмкіндік береді, ал 
айырбас теориясы атрибуция теориясын қарастыру кезіндегі «әлеуметтік құ-
рылым алғышарттарының және атрибуцияның мінез-құлық салдарының» әл-
сіз тұста рының орнын толтырады (Hegtvedt, Thompson and Cook, 1993:100). 
Мысалы, авторлар, билік құзыры оның құрылымдық жағдайымен байланыс-
ты және «өздерін жоғары билікке иеміз деп ойлайтын адамдар айырбас нәти-
желерін жеке іс-қимылдармен немесе өзара әрекеттесумен байланыстырады» 
деген болжамдарына қолдау тапты (Hegtvedt, Thompson and Cook, 1993:104). 
Деген мен бұл авторлар гипотезасын толық қолдамағанымен, зерттеу әлеумет-
тік құрылым, когнитивті үдеріс (қабылдау және атрибуция) және мінез-құлық 
арасында өзара әрекеттесудің маңыздылығын көрсетеді.
Маңызды ұсынысты Микер (1971) жасады, ол айырбас теориясының ра-
ционалды таңдау теориясына тәуелділігі жойылса, түрлі микротеориялық 
агенттіктер арқылы интеграциялануына мүмкіндік туатынын айтты. Микер ра-
ционалдықты айырбас ережесінің бірі ретінде қарастыру керек және айырбас 
альтруизм, бәсекелестік, өзара кепілдік пен ахуал келісімділігі сияқты басқа 
айырбас ережелеріне негізделуі мүмкін деп болжады.
Соңғы жылдары айырбас теориясы бірқатар жаңа бағытта дами бастады 


457
11-тарау

Айырбас, желілік және рационалды таңдау теориялары
(Molm, 2001). Біріншіден, айырбас қарым-қатынасына байланысты тәуекел-
мен белгісіздікке көңіл бөлінеді (Kollock, 1994). Мысалы, бір актор екіншісіне 
айырбасқа пайдалы ештеңе алмай, құнды нәтижелер беруі мүмкін. Екіншіден, 
тәуекелге деген қызығушылық айырбас қарым-қатынасына деген сенімге кү-
мән туғызуы мүмкін. Мәселе мынада болып тұр: жауапты сәтте бір-біріне өзара 
кепілдік беру үшін бір актор келесі акторға сене ала ма? Үшін шіден, осыған 
байланысты акторларда бір-бірімен өзара міндеттер кешенін жасау арқылы 
тәуелділіктің төмендеуі мен сенімнің артуы мәселесі туындайды (Molm, 1997). 
Бұл, өз кезегінде, төртінші мәселемен байланысты, пайдакүнем акторларға 
ерекше назар аударылатын теориядағы аффект пен эмоцияға көңіл бөлуді кү-
шейту. Бесіншіден, алдыңғы айырбас теориясының басым бөлігі құ рылымға 
назар аударса, айырбас қарым-қатынасында актордың сипаты мен рөлін анық-
тауға қызығушылық арта түседі.
Көп көңіл аударуды қажет ететін сұрақтарға қатысты Молм былай дейді: 
«Айырбас теориясы айырбас құрылымдарын қарастыруға бейім, бірақ өзгеріс 
немесе айырбас динамикасына баса назар аудару қажет. Соңында, кейінгі жыл-
дары ерекше назар аудартқан жаңа бағыттардың бірі – айырбас теориясының 
желілік теориясымен интеграциялануы болды. Біз желілік айырбас теориясы-
на желілік теориясын талқылап болғаннан кейін ораламыз». 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   331   332   333   334   335   336   337   338   ...   596




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет