459
11-тарау
•
Айырбас, желілік және рационалды таңдау теориялары
бейім, ал әлсіз байланыстардың әлеуметтік маңыздылығы нашар деп ойлайды.
Грановеттердің мақсаты әлсіз байланыстар өте маңызды болуы мүмкін екенін
анық көрсету болды. Мысалы, екі актор арасындағы әлсіз байланыс ішкі бай-
ланыстары күшті екі топ
арасында көпір ретінде қызмет жасай алады. Мұндай
әлсіз күш болмаса, бұл екі топ толығымен оқшауланып қалады. Бұл оқшаула-
ну, өз кезегінде, әлеуметтік жүйенің шектен тыс фрагментациялануына алып
келуі ықтимал. Байланыстары әлсіз жеке тұлғалар
тығыз біріккен топтарда оқ-
шаулануы және басқа топтарда, одан да кең ауқымда не болып жатқанынан ха-
барсыз болуы мүмкін. Сол себепті де әлсіз байланыстар оқшауланудың алдын
алады және адамдардың қоғамда жақсырақ интеграциялануына мүмкіндік бе-
реді. Дегенмен Грановеттер әлсіз байланыстардың маңыздылығын ерекшелеп
көрсетеді және мұның «берік байланыстарда маңызды болуы мүмкін» екенін
түсіндіруге асығады (1983:209; see Bian, 1997). Мысалы, берік байланысы бар
адам дарда бір-біріне көмектесу және бір-біріне оңай қол ұшын беру үшін үлкен
мотивация болады.
Желілік теориясы салыстырмалы түрде қазіргі және дамымаған теория бо-
лып табылады. Берт айтып кеткендей, «қазіргі уақытта
желілік талдау сілте-
ме жасайтын еркін бағыттардың құрамасы бар» (1982:20). Бірақ ол өсуде, оған
желі арқылы жарнамаланып жатқан мақалалар, кітаптар саны және осыған ар-
налған журналдың
(Social Networks) бар екені дәлел бола алады. Дегенмен бұл
жұмыстың конгломерациясы әлсіз болғанмен, желілік теориясы келісілген қа-
ғидалар жиынтығына негізделуі мүмкін (Wellman, 1983).
Біріншіден, акторлар арасындағы байланыс әдетте мазмұны мен қарқын-
дылығы жағынан симметриялы болып келеді. Акторлар бір-бірін түрлі заттар-
мен жабдықтайды және олар мұны зор немесе кішігірім қарқындылықпен жа-
сайды. Екіншіден, адамдар арасындағы қарым-қатынас
ірі желілер құрылымы
тұрғысынан өңделуі қажет. Үшіншіден, әлеуметтік желілердің құрылымдалуы
әртүрлі тұрақты желілердің қалыптасуына алып келеді. Бір жағынан, желілер
өткінші: А мен В арасында және В мен С арасында байланыс болса, онда А және
С арасында да байланыстың болуы ықтимал. Нәтижесінде бар болу мүмкіндігі
жоғары, А, В және С қатысуымен желі пайда болады. Басқа жағынан, сілтеме-
лердің саны мен олардың жиілігіне шектеу бар. Сөйтіп, түрлі шекаралар арқы-
лы желілік кластерлер бір-бірін бөлектейді және де дамуға бейім болады. Төр-
тіншіден, кластерлер өз арасында, сонымен қатар басқа жеке тұлғалар арасында
да көлденең байланыстың болуына мүмкіндік туғызады. Бесіншіден, жүйе эле-
менттері арасында шектелген ресурстар дифференциалды түрде үлес тірілуіне
сәйкес симметриялы емес қарым-қатынастар орнайды. Соңында, жеткіліксіз
ресурстарды біркелкі үлестірмеу бәсекелестікке де,
серіктестікке де алып ке-
леді. Кейбір топтар тапшы ресурстарға қол жеткізу үшін бірігеді, ал басқала-
ры болса, ресурстар үшін бәсекелесіп, жанжалдасып жатады. Осылайша, желі
теориясының жүйелік құрылымы коалиция мен жанжалдың тұрақсыз үлгілері
арқылы қарқынды түрде өзгеріп отырады (Rosenthal et al., 1985).
Мысал үшін, Мизручи (1990) корпорацияның бірігуіне және оның билікпен
арадағы қарым-қатынасына қызыққан еді. Ол «тарихи топтасу екі түрлі әдіс-
пен айқындалған» деп тұжырымдайды. Біріншісі, субъективті көзқарас, «топ-
тасу – өздерін топпен сәйкестендіретін топ мүшелері сезімдерінің функциясы,
сондай-ақ олардың жеке мүддесі топ мүддесімен байланысты екенін сезіну бо-
лып табылады» (Mizruchi, 1990:21). Мұнда екпін нормативті жүйеге
қойы лады
460
II бөлім
•
Қазіргі заманғы әлеуметтану теориясы: негізгі мектептер
және бірігу нормативті жүйе немесе топтық қысымның интернали зация жолы
арқылы туындайды. Екіншісі, объективті көзқарас, «ын тымақтастық – жеке
тұлғалардың көңіл күйінен тәуелсіз объективті процесс» (Mizruchi, 1990:22).
Мизручидің желілік теориясына бүйрегі бұратынын ескере отырып, ынтымақ-
тастық мәселесінде объективті ыңғай жағына көшуі өзінен-өзі түсінікті.
Мизручи: «Мінез-құлық ұқсастығы тек бірлікте ғана емес, сонымен қатар
эквивалентті құрылымға байланысты», –
дейді, яғни
«акторлардың әлеуметтік
құрылымы – әлеуметтік құрылымдағы басқа акторлармен
бірдей қарым-қа ты-
нас ұстау болып саналады» (1990:25).
Осыған сәйкес, тіпті арасында ешқандай байланыс болмағанына қарамас-
тан, эквивалентті құрылым корпорация арасында да болады. Мұның себебі,
әлеумет тік құрылымда олардың қандай да бір қарым-қатынаста болатынына
байланысты. Мизручи «бұл құбылыс мінез-құлық ұқсастығын түсіндіруде
маңызды рөл ойнайды» деген тұжырымға келді. Сонымен, Мизручи әлеу-
меттік қарым-қатынас желісіне негізделген эквивалентті құрылымға үлкен
мән берді.
Достарыңызбен бөлісу: