Алеуметтану тероиясы indb


Феминизмнің негізгі мәселелері



Pdf көрінісі
бет348/596
Дата14.11.2022
өлшемі16,19 Mb.
#50039
түріОқулық
1   ...   344   345   346   347   348   349   350   351   ...   596
Феминизмнің негізгі мәселелері
Заманауи феминистік теорияның алға шығуы «ал әйелдердің жайы не болмақ?» 
деген алдамшы, қарапайым сұрақтан бастау алады. Басқаша сөзбен айтқанда, 
әртүрлі жағдайда зерттелетін әйелдер қайда? Егер олар болмаса, неліктен олай? 
Егер олар болса, олар нақты немен айналысады? Олар бұл жағдайды басынан 
қалай өткереді? Ол үшін олар қандай жағдай жасайды? Бұл жағдайдың оларға 
қандай маңызы бар?
Осы сұраққа жауап бере отырып, феминизм мектебі төмендегідей қоры-
тынды ларға қол жеткізді. Әйелдер көптеген әлеуметтік жағдайларға қатысады. 
Егер әйелдер қатыспаса, олардың қабілетінің немесе қызығушылығының жоқ-
тығынан емес, оның себебі – оларды қатыстырмау мақсаты болғанын білдіреді. 
Әйелдер қатысқан жерде олардың танымал тұжырымдарынан (мысалы, әйел 
мен ана рөлі сияқты) ерекшеленетін рөлдерді сомдайды. Шындығында, әйелдер 
мен аналар сияқты басқа рөлдерімен қатар, әйелдер еркектермен бірге зерттеліп 
отырған жағдайларға белсенді түрде қатысады. Әйелдер әлеуметтік жағдайдың 
көпшілігінде белсенділік танытса да, ғалымдар, қоғам және олардың әлеуметтік 


478
II бөлім

Қазіргі заманғы әлеуметтану теориясы: негізгі мектептер
акторлары, әйелдер де, еркектер де оған көз жұма қарайды. Оған қоса, көптеген 
әлеуметтік жағдайда әйелдердің рөлі еркектікіне қарағанда маңызды әрі ықпал-
ды болса да, ол бағынышты сипатқа ие болғандықтан, басым бола алмады. Олар-
дың көрінбеуі – теңсіздіктің тағы бір көрсеткіші.
Феминизмнің екінші негізгі сұрағы: «Неге барлығы осылай?». Осы сұраққа 
жауап ретінде феминистік теория әлеуметтануға көп әсерін тигізген жалпы 
әлеуметтану теориясының негізін қалады. Феминистік әлеуметтану теорияла-
рының негізгі қосқан үлестерінің бірі – гендерлік тұжырымдаманың осы сауа-
лына жауап іздеді. 1970 жылдардың басынан бастап, феминистік теорияшылар 
адамдарға 1) әйел мен еркекке байланысты нақты биологиялық атрибуттарды 
және 2) ер-азаматтық пен әйелге тән қасиеттерге байланысты әлеуметтік жат-
танды мінез-құлық арасындағы ерекшеліктерді айқындауға мүмкіндік берді. 
Соңында олар мұны «гендер»
2
деп анықтады. Гендердің басты ерекшеліктері 
феминизмдегі теориялық пікірталастың нүктесі болып қалады және бұл пікір-
сайыстар феминистік теорияның кейбір түрлерін ажырату тәсілдерін ұсынады. 
Бірақ феминистік теориялардың барлық түрінің арасындағы бірауызды келісім 
бойынша, гендер ұғымы әлеуметтік құрылым ретінде табиғаттан пайда болма-
ған, топтық өмір процестерінің бөлігі ретінде адамдар жасаған нәрсе болды.
Осы мәселелерді зерттеуші феминистердің шеңберіне Құрама Штаттарын-
дағы, сондай-ақ халықаралық деңгейдегі адамдар көбірек тартыла бастағанда, 
феминист теорияшылар: «Ал әйелдер арасындағы айырмашылықтар туралы не 
деуге болады?» деген үшінші сұрақты қояды. Бұл сұрақтың жауаптары әйелдер-
дің әлеуметтік тұрағы, яғни оның табы, нәсілі, жасы, талғамы, отбасылық мәрте-
бесі, діні, этникалық құрамы мен жаһандық орналасуы арқылы жалпы әйелдер-
дің өмірін сипаттайтын, ерлерге қатысты еленбейтін, теңсіздік пен атқаратын 
қызметтегі ерекшеліктер туралы жалпы тұжырымға алып келеді.
Барлық феминистер үшін төртінші сұрақ: «Барлық адамға ортақ шынайы 
әділеттік орнату үшін біз әлеуметтік әлемді қалай өзгертіп, қалай жақсарта 
аламыз?». Әділеттік мақсатындағы бұл әлеуметтік өзгергіштік – әлеуметтану-
дың сыни теориясының ерекше сипаты. Патрисия Хилл Коллинз (1998:xiv): 
«Әлеуметтанудың сыни теориясы білімнің негізін қамтиды... ол әділетсіздікті 
сипаттайтын арнайы саяси, әлеуметтік, тарихи мәнмәтінде әртүрлі дәрежеде 
орналасқан адамдар тобының алдында тұратын негізгі мәселелермен айналыса-
ды», – деп түсіндіреді. Бұл міндет – нәсілдік және этникалық аз топтарда, пост-
колониялық қоғамдарда кеңінен таралған феминизм, марксизм, неомарксизм 
әлеуметтануын да және әлеуметтану теорияларында көрініс табады. Бүгінде елу 
жылдан астам белсенділік танытып, шынайы материалдық табысқа жеткеннен 
кейін, феминистік әлеуметтану теорияшылары жеңіс пен жеңілістердің нәтиже-
сінде пайда болған мынадай сұраққа кезігеді: «Қазіргі әлемде гендерлік теңсіздік 
қалай және неліктен сақталады?» (Ridgeway, 2011).
Феминистік теория тек әйелдер туралы емес, гендерлік қатынастардың орта 
таптық теорияларын жасаудың негізгі ірі жобасын қамтиды. Демек, феминизм-
нің негізгі теориялық табыстарымен Маркстің гносеологиялық жетістіктерінің 
бірі сәйкес келеді. Маркс «адам – қоғамның білімі, олар шындықты абсолютті 
және әмбебап мәлімдеме» деп санайды, ал шын мәнінде әлемді экономикалық 
және саяси басқаратын адамдардың тәжірибесі сипаттайтынын көрсетті. Соны-
мен қатар ол әлемге дүние жүзіндегі еңбекшілердің көзқарасы арқылы қарауға 
болатынын тиімді дәлелдеді. Бұл түсінік үстем тап өкілдерінің білімін біржақ-
ты қарастырмады және бізге осы білімді жұмысшылардың перспективасынан 


479
12-тарау

Қазіргі феминистік теория
алын ған білімдерімен салыстыруға мүмкіндік берді, сөйтіп, әлеуметтік шын-
дықты талдау мүмкіндігімізді айтарлықтай кеңейтті. Маркс қайтыс болғаннан 
кейін, бір ғасырдан астам уақыт өтсе де, біз осы түсініктің салдарынан әлі де 
ассимиляцияға түсудеміз.
Феминизмнің басты теориялық мәселелері біздің әлемді қабылдау түсіні-
гімізге революциялық өзгерістер алып келді: біздің әлемді абсолютті және әм-
бебап білім ретінде қабылдауымыз, шындығында, адамдар «шебер» ретінде қо-
ғамның күшті бөлігінің тәжірибесінен алған білімде болып отыр. Егер біз әлемді 
бұрын-соңды көрінбеген, «төменнен» еленбеген көзқарас арқылы қайта ашсақ, 
бұл білім релятивтеледі: бағынышты, бірақ міндетті түрде «қызмет көрсететін» 
рөлдердегі әйелдер – біз өмір сүріп жатқан қоғамды қалпына келтіру және қай-
та құру үшін жұмыс істеді. Бұл жаңалық біз білген қоғам туралы ойымыздың 
барлық мәселелерін қамтиды және оның салдары әлеуметтану теориясы үшін 
заманауи феминистік теорияның маңыздылығын айқындайды.
Феминистік теория олардың маскулативті ағат пікірі мен гендерлік сая-
сатын көрсетіп, оларды ақпараттандыра отырып, қалыптасқан білім жүйе ле-
рін қайта құрастырады. Білім «деконструкцияланған» деп айту – біздің осы 
уақытқа дейін қойылымдық, сингулярлық және табиғи ретіндегі біліміміздің 
көрінісі жасырын болғанын дәйектейді, яғни бұл көрініс әлеуметтік, реля-
циялық және күш-қуаттық қойылымдарға негізделген құрылым болып сана-
латынын байқағанымызды айтқанмен бірдей болады. Бірақ феминизм өзінің 
теориялық шегінде релятивистік және деконструктивті қысымның пәніне ай-
налды. Бұл қысымның ал ғашқы әрі күштірегі әйелдердің мәртебесін төмен-
детуге қарсы шыққан жетекші феминистерден, постколониялық қоғамдағы 
әйелдерден, жұмысшы тап әйелдерінен және лесбияндардан туындайды. Бұл 
әйелдер «шеттен ортаға» (Hooks, 1984) шығып сөйлеп, әртүрлі әйелдер бар 
екенін және еркектерге берілер білімге қойылған талаптар сияқты унитар-
лы әйелдер туралы феминистердің кез келген гегемондық талаптарына қар-
сы шығатын әйелдердің мүдделеріне бағытталған көптеген білім жүйесі бар 
екенін көрсетті. Феминизм ішіндегі екінші деконструктивті қысым постмо-
дернистік әдебиеттердің дамуынан пайда болды, ол гендер мен әлем бастан 
кешіретін сана мен тұлғаның тұрақты локусы ретінде жеке «мен» туралы, әр-
тараптанбаған тұжырымдар сипатындағы гендерлік мәселелерді көтереді. Бұл 
мәселелердің потенциалды әсері, ең алдымен, феминистік эпистемологиямен 
байланысты, оның ақиқат талаптарына сай келетін жүйесі кейін толығырақ
қарастырылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   344   345   346   347   348   349   350   351   ...   596




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет