484
II бөлім
•
Қазіргі заманғы әлеуметтану теориясы: негізгі мектептер
теориялық позициялары көрсетілді және феминистік теория мен феминистік
әлеуметтану теориясы уақыт өте өзгеретін динамикалық кәсіпорындар болады.
Қазіргі уақытта бұл типология келесі интеллектуалды үрдістердің ішінде орна-
ласқан: 1) бұл түрлі теориялардың элементтерін синтездеуге, сыни бағалауға
деген тұрақты ұмтылыс; 2) ерлер мен әйелдерге бірдей әсерін тигізетін қысым
тәжірибесі мен әйелдердің жүйелік қысымға ұшырауы; 3) өкілеттіктің мате-
риалдық жүйелерін белгілейтін мәдениет пен мағынаға ерекше көңіл бөлінетін
интерпретациялардың арасындағы қысым; 4) ақырында, феминистік теория
әлеуметтанудың Томас Кун «қалыпты ғы лым» деп атаған бөлігі ретінде тәжі-
рибеге енеді, яғни оның жорамалдары эмпирикалық зерттеулер үшін бастапқы
нүкте ретінде қабылданады.
Гендерлік айырмашылықтар
Қазіргі кезде гендерлік айырмашылық теориялары ескі феминистік теориялар
арасында қызығушылық пен өңдеудің қайта жандануын туындатып отыр.
«Айырмашылық» ұғымының тарихи түсінігі феминистік көзқараспен бірне-
ше теориялық пікірсайыстарда қарастырылды, біз оларды әйел мен ер адам ара-
сындағы теорияға сілтеме жасай отырып, қандай да бір мінез-құлық пен тәжі-
рибеде суреттейтін, түсіндіретін және қадағалайтын айырмашылықтарды анық-
тау үшін қарастырамыз. Гендерлік айырмашылықтың барлық аспектілері «әйел
мен еркек арасындағы іргелі айырмашылық өзгермейтін жайт болып санала-
ды» деген идеяға сүйенетін «эссенсиалдар уәжіне» қарсы тұра алу керек. Бұл
өзгеріссіз айырмашылық әдетте үш негізгі фактор бойынша қарастырылады:
1) биология; 2) әсіресе отбасында (бірақ отбасында ғана емес) әртүрлі рөлдер-
ді орындайтын әйелдер мен еркектердің әлеуметтік-институттық қажет тіктері;
3) адамның өз-өзін анықтау актісінің бір бөлігі ретінде «Басқаны» құру үшін
экзистенциалды және феноменологиялық қажеттігі.
Социобиологияға ден қоюшылық феминист ғалымдардың қызығушылығын
тудырды, әсіресе бірінші кезекте «адам биологиясы ер мен әйел адамының ара-
сындағы әлеу меттік айырмашылықты анықтайды» деген тезисті зерттеген Элис
Росси (1977, 1983) болды. Биология мен социомәдени процестердің феминис-
тік қызығушылықпен өзара әрекеттесуінің жалғасын соңғы мәлімдемелердегі
жаңа (
or neo- ) материализмнен іздеуге болады (Ahmed, 2008; N. Davis, 2009;
Hird, 2004). Бүгінде феминистік теориядағы маңызды гендерлік айырмашылық
теориялары: әйелдер қозғалысы, психология, экзистенциалды және феномено-
логиялық философия, әлеуметтану және постмодернизм сияқты түрлі ағымдар-
дан тамыр тартады.
Достарыңызбен бөлісу: