551
13-тарау
•
Микро-макро және агенттік-құрылымдық интеграция
назар аударатын еді (Giddens, 1989:300) (Гидденс институттар деп практика-
лардың жиынтығын түсінеді және олардың төрт типін белгілейді: символдық
тәртіп, саяси институттар, экономикалық институттар және заң). Екіншіден,
негізгі қызығушылық уақыт пен кеңістіктегі институттарда болып жатқан өз-
герістерге бағытталатын еді. Үшіншіден, зерттеушілер әртүрлі институттар-
дың жетекшілері әлеуметтік үлгілерді қалай күштеп мін деттеп, өзгертетінін
түсінуі қажет еді. Төртіншіден, құрылымдау теориясын ұстанушылар өз тұ-
жырымдарының әлеуметтік өмірге әсерін қадағалап, ілтипатпен жауап қатуы
керек еді. Қорытындылайтын болсақ, Гидденс «қазіргі заманның қиратушы
күшіне» терең қызығушылық танытқанын (Giddens, 1989:301) айтуға болады,
құрылымдау теориясының жақтаушысына осындай өткір әлеуметтік мәселе-
мен айналысқан жөн.
Құрылымдау теориясы бұл жерде ұсынылғаннан да ауқымдырақ: Гидденс
жай ғана өз теориясындағы біз атап өткен және көптеген басқа да элементтерін
кеңінен қарастырады. Ол бірқатар теориялық көз қарастарды талдайды, бірік-
тіреді немесе сыни пікірін білдіреді. Ол соңғы уақытта заманауи әлемге сыни
талдау жасау үшін, өзіндік болмыс (1991), махаббат және сырластық (1992),
үшінші жолдың саясаты (1998), жаһандану (2000) және соңғы жылдары климат
өзгерісі (2009) секілді мәселелерде өз теориясын пайдалануға көп көңіл бөле-
ді (14-тарауды қараңыз). Басқалармен салыстырғанда Гидденс агенттік-құры-
лымдық интеграцияның бағдар ламасын мәлімдеу шеңберінен шығып кетті. Ол
оның әртүрлі элементтерін егжей-тегжейлі талдап шықты және аса маңызды-
сы – өзара қарым-қатынастың сипатына баса көңіл аударды. Гидденстің бағыт-
тарындағы неғұрлым көңілге қонымдысы – оның құрылымдағы негізгі мәселесі
интегративті терминдермен анықталады. Агенттер мен құрылымдардың жаса-
луы бір-бірінен тәуелсіз емес; әлеуметтік жүйелердің қасиеттері бір уақытта ак-
торлардың тәжірибе құралы мен нәтижесі деп қарастырылады және мұндай жү-
йелі қасиеттер акторлардың тәжірибелерін рекурсивті түрде ұйымдастырады.
Лейдер, Аштон және Санг (Layder and Ashton, Sung, 1991) өздерінің оқудан
жұмысқа көшу туралы зерттеулерінде Гидденс ұсынған құрылымдау теориясы-
на эмпирикалық дәлел іздеген.
Олар оның теориялық тәсілін қолдағанымен, қорыта келгендегі тұжыры-
мы құрылым мен агенттік Гидденс ойлағандай байланыспайды деген пікірге
саяды: «Біз эмпирикалық құрылым мен іс-әрекет өзара тәуелді (осылайша
бір-бірімен терең байланысты), бірақ
ішінара автономды және жіктеуге ке-
Достарыңызбен бөлісу: