549
13-тарау
•
Микро-макро және агенттік-құрылымдық интеграция
жағдай болмасын, егер адам араласпаса, ештеңе болмас еді» (Giddens, 1984:9).
Осылайша, Гидденс агенттікке көп көңіл бөледі (сыншылар тым көп көңіл бөле-
ді деп сынайды) (Baber, 1991). Ол агенттікті мақсат-ниеттерден ажырату үшін
үлкен күш жұмсайды, өйткені іс-әрекеттер, ақыр соңында, бастапқы мақсат-
ниеттерден көп жағдайда өзгеше болады;
басқаша айтқанда, әдейі жасалған әре-
кеттер көбінесе алдын ала ойластырылмаған салдарға алып келеді. Әдейі емес
сал дар ұғымы Гидденстің теориясында үлкен рөл атқарады және агенттікті тал-
даудан әлеуметтік жүйенің деңгейін қарастыруға көшудің барысында ерекше
маңызға ие.
Агенттікке баса назар аудара отырып, Гидденс оған үлкен әлеуетті күш бере-
ді.
Басқаша айтқанда, Гидденстің агенттері әлеуметтік әлемді өзгерту қабілетіне
ие. Бұған қоса, агенттер ұғымының биліксіз мәні жоқ: актор әлеуметтік әлемді
өзгерту қабілетін жоғалтса, ол агент болудан қалады. Гидденс, әрине, акторлар
тап болатын шектеулер бар екенін мойындайды, алайда бұл дегеніміз – актор-
ларда таңдау жоқ және олар өзгеріс жасай алмайтынын білдірмейді.
Гидденс
үшін логикалық тұрғыдан билік субъективтіліктің алдында, себебі іс-әрекет
билікті немесе жағдайды өзгертуге қабілеттілікті қамтиды. Гидденстің құ ры-
лымдау теориясы акторды және әрекетті билікке иелік еткізеді, сондай-ақ бұл
тәсілді жоққа шығаратын және оның орнына актордың мақсаттарына (феноме-
нология) немесе сыртқы құрылымға (құрылымдық функционализм) үлкен мән
беретін теорияларға қарсы тұрады.
Құрылымдау теориясының тұжырымдамалық мәні құрылым, жүйе және
құрылымның қосарлануы деген ұғымдарында жатыр.
Құрылым «әртүрлі уақыт
пен кеңістік аралықтарында осындай әлеуметтік
тәжірибелердің болуына және
оларға жүйелі сипат беруіне жағдай жасайтын ...құрылымдық қасиеттер
[ере-
Достарыңызбен бөлісу: