Алеуметтану тероиясы indb


Холокост және рационалдандыру



Pdf көрінісі
бет413/596
Дата14.11.2022
өлшемі16,19 Mb.
#50039
түріОқулық
1   ...   409   410   411   412   413   414   415   416   ...   596
Холокост және рационалдандыру 
Холокост Вебердің рационалдану процесінің барлық сипаттамаларына сәйкес 
келді (сондай-ақ «макдональдтандыру» (McDonaldization); 16-тарауды қа ра-
ңыз). Әрине, процестің тиімділігіне назар аударылды. Мысалы, газды оқпен са-
лыс тырғанда, оның адамдарды жаппай қыру үшін әлдеқайда тиімді әдіс екені 
анық талды. Холокоста бәрі болжаммен іске асты: өлім лагеріне алып кететін 
ішек тей шұбырған пойыздар тізбегі, ұзыннан-ұзақ созылған адамдар тізбегі, 
барлық процестердің соңында толық жойып жіберуге дайындалатын айдауыл-
дар. Өйткені, ең алдымен, сандық факторларға мән беріліп, жазалау – қанша 
адамды, қандай уақыт аралығында жойып жіберуге болатынына негізделді.
«Теміржол менеджерлері үшін бірден-бір маңызды нәрсе – ұзындығы бір 
шақырымға жететін тонналаған нысандарды бөлшектеу. Олардың адам-
дармен, қойлармен немесе тікенек сымдармен ісі жоқ; тек жүкке қарады 
және осы жүктердің сапасына мән берілмейтін. Көптеген шенеуніктерге 
тіпті жүктердің сапасын тек серуге шектеу қойылған. Олар тек өз істерінің 
қаржылық салдарына ғана мән береді. Олардың нысаны – ақша».
(Bauman, 1989:103)
Еврейлердің газ камераларына сап түзеп баруына, тіпті олардың өліміне, қо-
ғамдағы алатын орнына аз көңіл бөлінді. Холокост шектен шыққан жаппай қы-
рып-жою болды.
«Қазіргі заманғы рационалды, жоспарланған, ғылыми тұрғыда ақпарат-
тандырылған эксперттердің қатысуымен тиімді басқарылып, үйлестіріл-
ген қоғамда жасалған басқа да әрекеттер сияқты, холокост өзіне дейінгі 
эквиваленттердің салыстырмалы түрде қарағанда, тұрпайы, ысырапшыл 
және тиімсіз екенін айғақтады. Біздің қазіргі заманғы қоғамдағы басқалар 
сияқты, барлық жағынан алып қарағанда, холокост жақсы же тістік ретін-
де ...соңғы геноцидтік эпизодтардан әлдеқайда биікте тұр».
(Bauman, 1989:89)


594
III бөлім

Модерндік теориядан постмодерндік әлеуметтік теорияға дейін (және одан кейінгілер)
Ақырында, холокост күзетшілерді де, қамаудағыларды да бақылау үшін ла-
герьдегі ережелер мен жағдайлар, конвейерлі пештер линиясындағы операция-
лар сияқты адами емес технологияларды қолданды.
Әрине, холокостқа ең дәл келетін рационалдықтың сипаттамасы (макдо-
нальдтандыру сияқты) – рационалдықтың иррационалдығы, шындығында, гу-
мандылықтың жоғалуы. Мұнда Бауман арақашықтық идеясын қолданып, құр-
бандарға қатысты гумандылықтың жоғалуын, олар туралы шешім қабылдайтын 
бюрократтардың олармен ешқандай тікелей байланысының болмағанынан кө-
реді. Сонымен қатар зардап шеккендер басты кітаптағы нөмірі бойынша көші-
руге және жоюға арналған объектілерді білдіреді; олар адам емес. Тұтас алғанда, 
«немістің бюрократиялық аппараты өзінің иррацио налдығына сәйкес түсініксіз 
мақсатқа қызмет етті» (Bauman, 1989:136).
Бауман еңбегінің анағұрлым тартымды тұстарының бірі – әсіреұлтшылдар 
құрған рационалды жүйеде еврейлерді құрбан етуі. Гетто «ұлғайтылған өлтіру-
ші машинаға» айналды (Bauman, 1989:23). 
«Осылайша, азап шеккен қауымдастық жетекшілері бюрократиялық жұ-
мыстардың көпшілігін бұлжытпай орындап (әсіреұлтшылдарды олардың 
ықтимал құрбандары туралы жазбалар сақталған файлдармен қамтама-
сыз ету), жәбірленушілерді газ камералары қабылдауға дайын болғанға 
дейін ұстап тұруға қажетті нәтижелі және бөлу қызметтерін жүзеге асы-
рып, тұтқын дағы халықты күзету, заң тәртібіндегі міндеттерге қарсы жа-
сырын әре кеттердің немесе жасырын ресурстардың болуына жол бермей, 
жойылу процесінің біртұтас ағынын қамтамасыз етіп, таңдалған объекті-
лерді аз уақыт ішінде жинап алуға болатындай етіп сайтқа жіберіп, соңғы 
жолға ақы төлеу үшін қажетті қаржы ресурстарын жұмылдырды».
(Bauman, 1989:118)
Бұл макдональдтандыру әлемінде тұтынушылардың өздері үшін салат әзір-
леп, соңынан ыдыс-аяқтарын тазартатын жүйедегі жалақы алмайтын қыз мет-
керлерге айналу идеясына ұқсайды. 
«Кәдімгі геноцидте» өлтірушілер мен өлген адамдар бір-бірінен оқшау-
ланған. Кісі өлтірушілер зардап шеккендерге қорқынышты бір нәрсе жасауды 
жоспар лап, соның салдарынан потенциалды құрбандардың қарсылық көрсетуі 
ықтимал. Алайда құрбандар қылмыскерлер жасаған «жүйенің» ажырамас бөлігі 
болған жағдайда, мұндай қарсылықтың күші әлсіз болуы мүмкін.
Әсіреұлтшылдармен жұмыс істеген еврейлер рационалды түрде әрекет етті. 
Олар, мысалы, бір күн болса да, тірі жүру үшін ерекше қолайлы қарым-қаты-
нас жа сауға тырысты. Тіпті ұтымды амалдарды пайдаланып, бірнеше адамның 
құр бан болуы көптеген адамды құтқарады деп есептеді, ал егер оларда ынтымақ 
болмаса, көп адам өледі. Алайда мұндай әрекеттер ұтымды болмай, геноцид про-
цесін жеделдетуге және оған қарсылықты әлсіретуге алып келді.
Қазіргі заманда холокост сияқты қырғын ешқашан қайталанбауы үшін қауіп-
сіздік шараларының, өркениеттіліктің бар екені көңілге сенім ұяла тады. Бірақ 
бәрібір қорқынышты құбылыстар баршылық: оның алдын алу үшін кепілдіктер 
жеткіліксіз болды. Бүгінде рационалдықпен байланысты күштер бәз баяғы қал-
пында қалып, бұрынғыдан да күшейіп отыр. Ақылмен жұмыс істеуге кепілдік 
беретін қауіпсіздік шаралары 1940 жылдарға қарағанда пәрменді деп те айтуға 
болмайды. Бұл жайында Бауман: «Освенцимді дүниеге әкелген әлеуметтік жағ-


595
14-тарау

Модернизмнің заманауи теориялары
дай лардың бірде-біреуі жойылған жоқ, Освенцим тәрізді апаттардың алдын алу 
үшін де ешқандай тиімді шаралар қабылданбаған... », – деген еді (1989:11). Тағы 
бір холокосты болдырмау үшін күшті мораль және плюралистік саяси күштер 
қажет. Дегенмен біртұтас биліктің үстемдік ететін мөлшерлі уа қыты болуы да 
ықтимал, алайда қуатты көшбасшы мен шыдамсыз және мейірімді бюрократия-
ның тағы да бірігуіне жол бермейтін барынша күшті моральдық жүйенің бар 
екеніне бізді ешкім сендіре алмас.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   409   410   411   412   413   414   415   416   ...   596




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет