Алеуметтану тероиясы indb



Pdf көрінісі
бет412/596
Дата14.11.2022
өлшемі16,19 Mb.
#50039
түріОқулық
1   ...   408   409   410   411   412   413   414   415   ...   596
Бюрократияның рөлі
Неміс бюрократиясы холокосты енгізгеннен де артық іс жасады; олар осы зұ-
лымдықтың шын мәнінде тууына мүмкіндік берді. Гитлердің «Еврейлерден құ-
тылу» жоспары неміс бюрократтары арқылы жүзеге асты, олар мұны өзекті мә-
селе ретінде қарастырып, Гитлер мен оның жақтастарының ұйғарымымен жап-
пай жойып жіберуді дұрыс шешім деп тапты. Бауман холокосты «иррационал-
дықтың немесе қазіргі заманға дейінгі варварлықтың нә тижесі емес, керісінше, 
қазіргі рационалдық бюрократияның нәтижесі» деп тұ жы рымдады. Холокосты 
жасап, оны басқарғандар есі ауысқандар емес, өте ұтымдылар және басқаша жағ-
дайда қалыпты бюрократтар еді.
Іс жүзінде, бұған дейінгі эмоциялық немесе иррационалдық күш көр сету 
әрекеттері холокост сияқты жаппай қырғынға қарсы мүлде еш нәрсе жа сай 
алмады. Мұндай көпшілікті жаппай қыру өте ұтымды және бюро кратиялық 
операцияларды талап етті. Бүлік сияқты иррационалдық жарылыс бірқатар 
адамдарды өлтіруі мүмкін болғанымен, холокостағы сияқты, жаппай қыр-
ғынды ойдағыдай жүзеге асыра алмайды. Бауманның сипаттауынша, «Ашу 
мен ыза – көпшілікті қырудың жабайы және тиімсіз құралдары. Олар әдетте 
тапсырманы орындап болғанша жоқ болып кетеді» (1989:90). Керісінше, әсі-
реұлтшылдардың геноциді «күшті» қоғам (өкінішке орай, әсіреұлтшылдар 
үшін «жауыз» еврейлерден тазару тиімді қоғам болған еді) құруға бағыттал-
ған мақсатты әрекет еді. Әсіреұлтшылдар мен бюрократтар осы мақсатқа қи-
тұрқылықпен қол жеткізуді көздеді.
Бауманның басқа да көптеген шолушылардан ерекшелігі – бюрократияны 
кез келген бағытта қолдануға болатын бейтарап құрал деп қабылдамағаны. 
Бауманның ойынша, бюрократия «қатып қалған сүйекке... көбірек ұқсайды» 
екен (1989:104). Қатал да, сонымен қатар гуманды мақсаттар үшін де қолда-
нылу мүмкіндігіне қарамастан, адамгершілікке жат процестерге жақынырақ: 
«Ол қалыпты жағдайды саралауда бір адамды – екіншісінен, адалды азғын-
нан ажырата білмеуге алдын ала бағдарланған» (Bauman, 1989:104). Осын-
дай негізгі сипаттамаларымен қоса, бюрократия адамгершілікке жатпайтын 
міндеттерді ақыр соңына дейін және одан тыс жерде де жүзеге асырады. 
Өзіне ғана тән қалыпты операцияларымен қатар, бюрократияның жалпыға 
танымал кемшіліктері де бар, міне, осылар холокостқа алып келді. Мысалы, 
бюрократияның қолданатын құралдары көп жағдайда кез келген нәрсенің 
түбіне жетуге қызмет етеді, яғни адам өліміне әкелетін құралдар көбінесе со-
ның ең қатерлісі болып табылады.
Әрине, бюрократия және оның ресми тұлғалары холокосты жасай алмады 
және жасаған жоқ. Бұған басқа да факторлар керек болды. Біріншіден, қо-
ғамның қалған бөлігіне зорлық-зомбылық көрсету құралдарына мемлекеттік 
аппарат сөзсіз бақылау жүргізді. Басқаша айтқанда, әсіреұлтшыл Германияда 
қандай да бір мұның орнын толтыратын басқа айбынды күш болмады. Мемле-


593
14-тарау

Модернизмнің заманауи теориялары
кетті өзінің алдына қойған мақсатына жетуге мүмкіндігі бар Адольф Гитлер 
бақылап отырды. Басқа жағынан алып қарағанда, еврейлерді Германияның 
«идеалды» қоғам болуына кедергі келтіргендер ретінде, қоғамның басқа бө-
лі гіне қарсы қоятын антисемитизмнің модернді және рационалды түрі пайда 
болды. Немістер осы мақсатқа жету үшін идеалды қоғам орнатуға қарсы тұр-
ғандарды жойып жіберуі тиіс еді. Неміс ғылымы (жоғары деңгейде рационал-
дандырылған) еврейлерді кемшілігі бар нәсіл екенін дәлелдеу үшін қолданыл-
ды. Кемелденген қоғамға жетудегі кедергі деп анықтағаннан кейін бірден-бір 
шешім оларды құртып жіберу болатын. Оларды жою керек деп шеш кеннен 
кейін, бюрократияның алдында тұрған жалғыз маңызды мәселе, осы мақсатқа 
жетудің ең тиімді әдісін табу болды.
Мұндағы тағы бір фактор – қазіргі құрылымдардағы бюрократия сияқты 
моральдық түсініктің болмауы. Еврейлерді жою керек пе, жоқ па, мұның мәні 
де жоқ еді. Мұндай моральдық ұстанымның болмауы қазіргі заманғы холокост 
құбылысының басты себебі болды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   408   409   410   411   412   413   414   415   ...   596




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет