Алеуметтану тероиясы indb


14-тарау • Модернизмнің заманауи теориялары Холокост және икемді модернизм



Pdf көрінісі
бет411/596
Дата14.11.2022
өлшемі16,19 Mb.
#50039
түріОқулық
1   ...   407   408   409   410   411   412   413   414   ...   596
591
14-тарау

Модернизмнің заманауи теориялары
Холокост және икемді модернизм
Зигмунт Бауман (1989, 1991) үшін формалдық рационал дықтың қазіргі пара-
дигмасы – әсіреұлтшылдардың еврейлерді (және басқаларды) түбегейлі жо-
йып жіберуіне негізделген холокост (Beilharz, 2005c, 2005d, 2011). Бауманның 
айтуынша, «холокост мақсатты түрде бағытталған күрделі жұмыс ретінде есеп-
теліп, қазіргі бюрократиялық рационалдықтың парадигмасы са пасында бола 
алады» (1989:149). Көптеген адамдар үшін жылдам тамақтану мейрамханалары 
(fast-food) мен холокосты бір контексте талқыға салу әдепсіздік болып көрінуі 
мүмкін. Вебердің рационалдық принциптері олардың әрқайсысына қатысты 
пай далы ықпалын тигізуі ықтимал. Холокостқа кінәлілер бюрократияны өз-
де рінің ең негізгі құралдарының бірі ретінде пайдаланды. Холокосты дүниеге 
әкелген формалды рационалды жүйе әлі күнге дейін өмір сүруде. Шынында, ра-
ционалдандыру процесі формалды рационалды жүйелердің сақталатынын ғана 
емес, сонымен қатар кеңейетінін де көрсетіп отыр. Сонымен, Бауманның пікірі 
бойынша, заманауи әлем қолайлы ахуал кезінде бұдан асқан сорақылыққа апа-
ратын жағдайдың да (егер мүмкін болса) пісіп-жетілуі мүмкін.
Модернизм өнімі
Бауман холокосты әдеттен тыс оқиға ретінде емес, оны әлемнің көп жағынан 
заманауи, ұтымды «қалыпты» аспектісі ретінде көреді:
«Шындыққа келер болсақ, холокостың әрбір «ингредиенті», оның пай да бо-
луына себепкер болған құбылыстардың барлығы – қалыпты болып есепте-
леді; «қалыпты» деген таныс мағынасында емес, ...«бірақ әлемді имма нентті 
көруге, біздің өркениет туралы, оны басқарушы күш және оның артықшы-
лықтары туралы білетіндерімізге толық сәйкес болуы» мағынасында».
(Bauman, 1989:8).
Осылайша, Бауманның пікірінше, холокост, көпшілік ойлағандай, модерн 
заманының немесе оның арнайы бағдарының бұзылуы емес, модернизмнің өз 
нәтижесі болды (Joas, 1998; Varcoe, 1998). Вебердің терминінде холокост пен 
модерн заманы арасында «таңдаулы жақындық» (elective affinity) бар. 
Мысалы, холокост тұтасымен индустрияландырудың негізгі принциптерін, 
адамдарды жоюдың фабрикалық жүйесін қамтыды:
«[Освенцим] сонымен қатар қазіргі заманғы зауыттық жүйенің ғаламдық 
кеңеюі болды. Тауар өндіруде шикізат орнына адамды пай даланды, ал 
соңғы өнім – өлім еді, сондықтан көптеген бірліктер күні не менеджердің 
өндіру тізімінде егжей-тегжейлі белгіленді. Қазіргі фаб рика жүйесінің 
символы болып табылатын түтін шығаратын мұржалар адам тәнін өртеу 
арқылы улы түтіндерді шығарып отырды. Қазіргі Еуропаның ке ремет 
ұйымдастырылған теміржол желісі зауыттарға шикізаттың жаңа түр лерін 
әкелді. Басқа жүктерге де дәл солай жасады... Инженерлер кре ма торий 
құрылысын әзірледі; менеджерлер тамаша және нәтижелі жұмыс істе ген 
бюрократиялық жүйені әзірледі... Біздің көргеніміз әлеуметтік инже не-
рияның ауқымды схемасынан кем емес еді».
(Feingold, cited in Bauman, 1989:8)


592
III бөлім

Модерндік теориядан постмодерндік әлеуметтік теорияға дейін (және одан кейінгілер)
Әсіреұлтшылдар өнеркәсіптің рационалдық жетістіктері мен рационалды бю-
рократияны біріктіріп, нәтижесінде адамдарды жою мақсатын көздеді. Қазіргі за-
ман осындай рационалды схемаларға негіздеп, холокостқа жеткілікті деңгейдегі 
жағдай жасамаса да, анық қажетті ахуал туғызылды. Модерн заманынсыз және 
рационалдықсыз «холокост ойға сыймайтын дүние еді» (Bauman, 1989:13).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   407   408   409   410   411   412   413   414   ...   596




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет