607
14-тарау
•
Модернизмнің заманауи теориялары
Кастельс 1970 жылдары Құрама Штаттарда ақпараттық технологиялар са-
ласында басталған төңкерістер аясында (теледидар, компьютерлер т.б.) пайда
болған жаңа қоғамды, мәдениет пен экономиканы қарастырады. Бұл револю-
ция, өз кезегінде, капиталистік жүйенің 1980 жылдардан бастап іргелі қайта
құруға ұшырауына, Кастельстің сөзімен айтқанда, «ақпараттық капита лизм-
нің» қалыптасуына алып келді. Сонымен бірге «ақпараттық қоғам» (дегенмен
бұл қоғамдар арасында маңызды мәдени және институттық айыр машылықтар
бар) қалыптасты.
Олардың екеуі де «информационализмге» негізделген («өнімділіктің бас ты
көзі – білім мен ақпарат негізінде өндіріс факторларын пайдалану және байла-
ныстыруды тиімді дамыту тәсілі» [Castells, 1998:7]). Информацио на лизмнің,
әсіресе ақпараттық капитализмнің таралуы өзіндік болмысқа және бірегейлік-
ке негізделген оппозициялық қоғамдық қозғалыстардың пайда бо луына алып
келді (әлеуметтік актор – өзін және құрылымдарды тануды, не гізінен алған-
да, сол берілген мәдени белгі немесе белгілер жиынтығы тұрғысынан танып,
басқа әлеуметтік құрылымдарға кең сілтеме жасаудан бас тартуды білдіретін
процесс [Castells, 1996:22]).
Бұл – марксистер «таптық күрес» атаған қозғалыстың қазіргі заманғы эк-
виваленті. Ақпараттық капитализмнің таралуына және оның туындататын
мәселелеріне (қанау, бөліп тастау, өзіндік мән және теңдестіруге қауіп-қатер)
қатысты үміт артатын топ – жұмысшы табы емес, тұлғаға негізделген әлеумет-
тік қозғалыстардың әртүрлі жиынтығы (мысалы, экологиялық, феминистік).
Кастельс талдауының негізінде бес негізгі сипаттамаларымен ерекшелене-
тін «ақпараттық технологиялар парадигмасы» жатыр. Біріншіден, бұл – ақпа-
раттарға әсер ететін технологиялар. Екіншіден, ақпарат адамның барлық қыз-
метінің бір бөлігі болғандықтан, олар кеңінен таралған. Үшіншіден, ақпарат-
тық технологияларды қолданатын барлық жүйелер «желілік логика» арқылы
анықталады, бұл оларға түрлі процестер мен ұйымдарға әсер етуге мүмкіндік
береді. Төртіншіден, жаңа технологиялар оларға бейімделуге және өзгеруге
мүмкіндік беретіндей өте икемді. Ақыр соңында, ақпаратпен байланысты нақ-
ты технологиялар жоғары интеграцияланған жүйеге біріктіріледі.
1980 жылдарда жаңа, неғұрлым үнемді жаһандық ақпараттық экономика
пайда болды. «
Ақпараттық себебі болуының экономикадағы бөлімдер мен
агенттердің өнімділігі мен бәсекеге қабілеттілігі (фирмалар, өңірлер неме-
се ұлттар бола тұра) олардың білімге негізделген ақпаратты жасауға, өңдеу-
ге және тиімді қолдануға деген қабілеттеріне байланысты болады» (Castells,
1996:66). Жаһандық болуының себебі «
планеталық масштабта және нақты
Достарыңызбен бөлісу: