Алеуметтану тероиясы indb



Pdf көрінісі
бет414/596
Дата14.11.2022
өлшемі16,19 Mb.
#50039
түріОқулық
1   ...   410   411   412   413   414   415   416   417   ...   596
Икемді модерн
Соңғы уақыттары Бауман қазіргі заманға «икемді модерн» (W. Atkinson, 2008; 
Binkley, 2008; A. Bryant, 2007; Jay, 2010) деп қараудың жаңа тәсілін тұжырым-
дады. Оның рационалдандыру мен холокостқа байланысты ертеректегі жұмыс-
тары – осының айғағы. Негізінен, ол соңғыларды «қатаң» құрылымдар деп атап, 
бюрократия және концлагерь (17-тараудағы Агамбеннің жұмысындағы талқы-
лауды қараңыз) сияқты түрлі дәрежедегі және деңгейдегі шектелген адамдар 
құрайтын құрылымдарды талдады. Алайда Бауман ХХІ ғасырда жазылған бір-
қатар кітаптарында (2000, 2003, 2005, 2006, 2007b, 2010, 2011; Bauman and Lyon, 
2012) кейінгі модернизмнің көңілге қаяу түсірер өзгерістерін сипаттайды. Негі-
зінен, ерте модернизмнің мақсаты бір нәрсені жасап, оны қалыптастыру арқылы 
тұрақтылыққа қол жеткізу болса (адамдардың қонысы және оның тұрғындары), 
кейінгі модернизмнің мақсаты – уақытша болатын дүниелер (көбінесе керуен-
дер мен көшпелілердің аялдамасы сияқты тұрғылықты жер және азаматтық 
неке). Сондай-ақ сол кездегі жоғарғы тап өкілдері тұрақты мансап пен үлкен 
меншікке иелік етіп, жұмыс беруші мәртебесін сақтаса, кедейлер барлық уақыт-
та жұмыс іздеп, қауіпсіздікті ойлаумен болды. Енді жағдай айтарлықтай өзгерді, 
өйткені элита ауыртпалықтардан құтылуды қалап, әлемде, әсіресе экономикада 
болып жатқан шұғыл өзгерістердің артықшылықтарын пайдалану мүмкіндігін 
іздейді. Басқа жағынан қарағанда, бір орнынан тапжылмайтын кедейлер мұн-
дай өзгерістерді пайдалана алмайды; іс жүзінде олар экономикадағы және басқа 
орындардағы (мысалы, фабрикалардың жабылуынан және жұмыс орнын жоғал-
тудан) өзгерістерден күйзеліске түседі. 
Бауман икемді модернизмнің мәнін және оның ерте модернизмнің не ғұр-
лым қатаң формаларынан айырмашылығын түрлі жолдармен түсінуге ты рыс-
ты. Неғұрлым ертеректегі формаларды веберлік «темір тор» ретінде қарасты-
руға болады; модернизмнің мұндай темір тормен байланысты кейінгі құрылы-
мы адамдар үшін, оның ішінде элита үшін, жеңіл қозға луға мүмкіндік беретін 
«жеңіл желбегей» сияқты. Фуко бейнелеген (17-тарауды қараңыз) паноптикум 
үстемдік ететін қатаң түрменің орнына, енді біз бақылаудың неғұрлым жеңіл 
формаларымен сипатталатын постпаноптикум қоғамында (мысалы, біздің Ин-
тернет арқылы байланысымыз) өмір сүреміз. Білім беру жүйесінде де өзгеше-
лік бар, ерте модернизмде қажет болып қалуы мүмкін деген желеумен жалпы 
пәндердің барлығы оқытылатын болса, кейінгі модернизмде оқу бағдарлама-
сы уақыт талабына сай жаңалықтармен толықтырылып отырады. Материал-
дық құрылымдарда (фабрикаларда) өндіретін материалдық объектілер негізгі 
орында болса, кейінгі модернизм заманы жеңіл және жылдам тұтынушыла-
рымен сипатталады (Bauman, 2003:49; see also Bauman, 2007b). Шындығында
Бауманның ойынша (2005:9), «ағымды тіршілік өмірді жұтуда». Өндірушілер 
жалғаса беретін нәрсені жасауға бағытталған болса да, тұтынушылар қысқа, 


596
III бөлім

Модерндік теориядан постмодерндік әлеуметтік теорияға дейін (және одан кейінгілер)
қызмет ету мерзімі шектеулі нәрсені сатып алғысы келеді. Осындай шексіз қа-
рама-қарсылықтардың себебі Бауманның ағымдар туралы кітаптарында түсінді-
рілген. Бірақ ол кейінгі модернизмді талдаудың жаңа, күшті тәсілдерін жасады 
(бұл туралы 16-тарауда талқылайтын боламыз). 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   410   411   412   413   414   415   416   417   ...   596




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет