Алеуметтану тероиясы indb



Pdf көрінісі
бет424/596
Дата14.11.2022
өлшемі16,19 Mb.
#50039
түріОқулық
1   ...   420   421   422   423   424   425   426   427   ...   596
Фанон және отаршылдық 
Франц Фаноннан (1925–1961) бастаймыз. Фанон – Францияның Мартини-
ка колониясында дүниеге келген психиатр және философ. Кейінірек Солтүс-
тік Африкада, Алжир мемлекетінде психиатр болып жұмыс істеді. Онда ол
Алжирдің антиколониялық Тәуелсіздік соғысына белсене қатысты. Әлеумет-
та нушы болмаса да, нәсілдік, отаршылдық және постколониалды әлеумет-
тік теорияларға ықпалы айтарлықтай болды (Bhabha, 2004; Go, 2014; Gordon,
Sharpley-Whiting, and White, 1996). Отаршылдықтың адамгершілікке жат 
әсе рін теорияландырып, антиколониялық қозғалыстардың кең қанат жайып
келе жатқанын айтты. Оның психологиялық бағытына қарамастан, отаршыл-
дық психопатологияның әлеуметтік және экономикалық тамыры бар екенін 
анық түсінді. Black Skin, White Masks («Қара нәсіл, ақ бетперде») кітабының 
([1952] 2008:xiv) алғашқы беттерінде: «Біз жүргізген талдау – психологиялық 
талдау. Сонымен қатар біз үшін қара нәсілді адамның шын мәнінде шеттетілуі 
әлеуметтік және эконо микалық шындықтың қатаңдығын білдіретіні анық». Біз-
ге Фанонның «Қара нәсіл, ақ бетперде» және Wretched of the Earth («Қарғысқа 
ұшыраған жер») атты екі кітабы жақсы таныс.
Қара нәсіл, ақ бетперде
Фанон «Қара нәсіл, ақ бетперде» кітабында отаршылдықтың отарланушы адам-
дарға психологиялық әсерін зерттейді. Біз осы тараудан оқитын отаршылдық 
билік – ақ, еуропалық «нәсілдер» мен басқа «дамымаған», «қарабайыр» нәсіл-
дер арасындағы кең ауқымды нәсілдік айырмашылықтарға негізделеді. Фанон 


615
15-тарау

Нәсіл және отаршылдық теориялары 
үшін бұл айырмашылық – символдық және эмоциялық. Мысалы, Фанон ([1952] 
2008:129) француз отаршылдық қоғамында
2
қара нәсілді адам «фобогендік
объект» болғанын айтады. Ол бейсаналық еуропалық қорқыныштарды бейне-
лейді: «Еуропада қара нәсілді ер адамның ұятты сезім дерді, негізгі инстинкт-
тер мен жанның қараңғы жағын бейнелеу сияқты атқаратын қызметі бар. Батыс 
адамының ұжымдық түйсігінде Homo occidentalis қара нәсілді адам немесе, егер 
сіз қаласаңыз, қара түс зұлымдықты, күнәһарлықты, өлімді, соғыс пен аштықты 
бейнелейді» ([1952] 2008:167).
Сонымен қатар отаршылдық субъектілерді отаршылдық мәдениет қорша-
ған дықтан, Фанон олардың өздеріне өктемдікпен теріс көзқараста болғанын ай-
тады. Бұл жерде отаршылдық – саяси үстемдік қана емес, сонымен бірге мәдени 
және пси хологиялық үстемдік. Мартиникадағы отаршылдық жағдайдағы қара 
нәсілді мектеп оқушылары өз тарихынан бейхабар болып, француз тарихын 
оқыды.
3
Олар ақ түстілердің өркениетін бағалап, терісінің қаралығынан ұялуы 
керек болды (соған байланысты аталған кітаптың атауы: «Қара нәсіл, ақ бетпер-
де»). У.Э.Б. Дюбуаның ([1903] 1996) «қос сана» деген тұжырымдамасына ұқсас, 
Фанонның пікірінше, қара отаршылдық субъектілері екіге бөлінеді: «қараңғы 
және жарық арасындағы сананың сынуы» ([1952] 2008:170).
Фанон осы шиеленісті Париж көшелеріндегі ақ нәсілді баламен кездесуі ту-
ралы әйгілі әңгімесінде зерттейді. Жас бала Фанонды көріп, анасына үреймен: 
«Қараңдар! Негр!» – деп айқайлайды ([1952] 2008:91). Баланың қорқынышы 
күшейе түсіп, ол: «Мама, қарашы, негр. Мен қорқып тұрмын!» – дейді ([1952] 
2008:91). Соңында, қорқып кеткен бала анасына жүгіріп барып: «Мама, негр 
мені жеп қояды», – дейді ([1952]) 2008:93). Білімді әрі талғампаз дәрігер Фанон 
мұндай нәсілшілдікке тап болғанына күлкісі келіп, күлімсіреуге тырысқанмен, 
бір орнында қалшиып, үнсіз, тілі байланып қалады: «Мені тұтқындауға еш кү-
мәні болмаған ақ нәсілді адамға қарсы тұруға дәрменім болмай, дәл сол күні 
жеке тұлғамнан тым алыс кеттім, өзімді тек объект ретінде ғана мойындауға 
мәжбүр болдым» ([1952] 2008:92).
Бұл кездесуді талдай отырып, Фанон отаршылдық нәсілшілдікке қатысты 
психологиялық әсер туралы үш тұжырым жасайды. Біріншіден, феноменолог-
философ Джордж Гегельдің жұмысына сілтеме жасай отырып, ол Гегельдің 
диалектикалық таным талдауын сипаттайды. Атап айтқанда, Фанон Гегельдің 
([1807] 1967) қожайын-құл диалектикасы туралы айтады. Символикалық ин-
теракционизм сияқты (9-тарауды қараңыз), Гегель мен Фанон үшін сана өзара 
мойындаудың диалектикалық процесі арқылы пайда болады. Біз бір-бірімізді 
еркін адамдар ретінде мойындайтын болсақ қана мен өзім тұлға боламын, ал 
сіз жеке тұлға боласыз. Мойындау әртүрлі қоғамда әртүрлі формада болады. 
Мысалы, қожайын-құл диалектикасында, қожайын құлдың санасына қарсы, 
оны «басқа» санауы арқылы өзінің санасын растайды. Шындығында, қожа-
йын: «Сен құл болғандықтан, мен қожайынмын» немесе «Сіз дамымай қалған 
қоғамнан, мен дамыған өркениеттенмін». Қожайын құлдың тәуелсіз сана-сезі-
мін танудан бас тартып, өзінің нарцистік (өзін-өзі сүйетін) жеке басын қолдай-
ды. Дегенмен осы мойындаудан бас тарту құлдардың өздерінің сана-сезімін 
іздеуге итермелейді. Құлдар өздерінің сана-сезімін қалыптастырып, қожайын-
ды өзін мойындауға мәжбүрлеу арқылы жауап береді. Фанонның айтуынша, 
отаршылдық қоғам дағы қара нәсілді адам – осы мойындаудан бас тартудың 
ерекше мысалы (L. Turner, 1996).
4
Қара нәсілділердің назардан тыс қалаты-
ны – ауыр жағдай. Бірақ ақ нәсілділер өркениеті отаршылдық субъектілерінің 


616
III бөлім

Модерндік теориядан постмодерндік әлеуметтік теорияға дейін (және одан кейінгілер)
қожайындарға қарсы тұруына мүмкіндік беретін адамгершілік қасиеттерінің 
барын жоққа шығарады. 
Екіншіден, дегуманизация адам денесін объектілеу арқылы жұмыс істей-
ді. Фанон экзистенциалист-философ Жан-Поль Сартр еңбегінен шабыт алып
«адамдар өз ойларын және әрекеттерін анықтау үшін саналы еркіндікке ие» 
дейді. Бұл еркіндік бүкіл дүние жүзін еркін әрі сеніммен аралайтын дене арқы-
лы көрінеді. Шындығында, отаршылдық нәсілшілдікті және жалпы нәсілшіл-
дікті талдауда дененің мәртебесі аса маңызды. Фанонның айтуынша, адамдар 
«дене және... әлем арасындағы шынайы диалектикада» өмір сүруі керек» ([1952] 
2008:91). Адамдар өз дауыстарының ырғағымен басқаларға жауап бере алуы ке-
рек. Алайда отаршылдық қоғамда қара нәсілді адамдардың осы субъективтілігі 
жоққа шығарылады. Қара нәсілділердің «дене сызбасы» «нәсілдік эпидермия-
лық жүйеге» айналды ([1952] 2008:92). Басқаша айтқанда, көшедегі ақ нәсілді 
адамдар Фанонды өздері сияқты бірегей тұлға ретінде көрмей, тек қара нәсіл-
ді адам ретінде көреді және қара нәсілді бейнелейтін барлық стереотипті ғана
байқайды.
Бұл жүйе – денені интерпретациялау тәсілі. Ақ нәсілді адамдардың қарым-
қатынасы мен әрекеттерін ғана емес, сонымен қатар отарланған субъектілердің 
өзіне деген сезімін анықтайды. Бұл – Фанон көшеде басынан кешкен сезім. Ол 
еркіндікте әрекет етіп, ақылға қонымды жауап беріп, әрекет жасағысы келеді, 
алайда ол тілсіз, қимылсыз, бір орында қатып қалады. Фанон «адамдардың ара-
сында адамға сай әрекет ету» үшін өзінің санасына еркіндік пен мойындауды 
сіңірген кезде өзін «басқа объектілердің арасындағы объект» ретінде сезінеді 
([1952] 2008:89).
Үшіншіден, Фанон бір ғана кездесуді суреттесе де, осы сәт отаршылдық би-
ліктің және нәсілшілдіктің құрылымын толық бейнелейді. Әлеуметтану ұғымы 
тұрғысынан айтқанда, Фанон үшін микроәлеуметтік кездесу макроәлеуметтік 
мәдениет құрылымымен түзілген. Фанонның теория лық күші, біз атап өткен-
дей, отаршылдықтың психодинамикасын сипаттау қабілеті. Біз кейінірек тал-
қылайтын Саид ([1978] 2003) немесе Оми және Уинант теорияларынан (2015) 
айырмашылығы – Фанон нәсілшіл мәдениеттер қалай дамитыны немесе олар 
нәсілдік қарым-қатынастарды қалай қалыптастыратыны туралы нақты теория-
лық есеп бермейді. Дегенмен ол отарлаушы мен отарланушы арасындағы нәсіл-
ге негізделген айырмашылық өмірдің барлық салаларында кездесетінін және 
дене мен психикаға терең сіңген, кеңінен таралған және дәйектілігі жайында 
маңызды түсініктеме береді. Бұл нәсіл шіл адамдар мен тәртіпсіз балалардың іс-
әрекеттері мен сөздерінде ғана көрініс таппай, еуропалық отарлау өркениетінің 
құрылымында терең орныққан.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   420   421   422   423   424   425   426   427   ...   596




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет