611
14-тарау
•
Модернизмнің
заманауи теориялары
Ескертпелер
1. Хабермас өзінің кейінірек жазған еңбегінде постомодернизмді сыпайы және орынды сы-
нағаны байқалады (Peters, 1994).
2. Бұл бөлімде модерндік Батыс туралы сөз етеміз. Тейлор батыстық немесе еуропалық мо-
дернизмді барынша ашық талдады. Алайда ол Батыс модернизмнің – жалғыз модернизм
екеніне және әлемнің басқа бөліктерін Батыс көзқарасы не солардың аясында түсінуге
болады дегенге сенбейді. Шынында, «Модернизмнің қиял әлемінде» Батыс модерниз-
мін «құрамдас модернизмнің» (1994:1) бірі ретінде сипаттайды және еңбегін заманауи
Батысты түсінумен шектейді.
3. Мұнда Тейлордың жұмысы Гидденстің құрылымдау теориясымен және Бурдьенің кон-
с труктивті структурализмімен (13-тарауды қараңыз) ұқсас. Гидденс пен Бурдье сияқты,
Тейлор идеяны тәжірибеден бөліп қарамайды.
613
15-тарау
•
Нәсіл және отаршылдық теориялары
Фанон және отаршылдық мәселесі
Постколониалды теория
Нәсіл және нәсілшілдік туралы сыни теориялар
Нәсілдің қалыптасуы
Нәсілдің жүйелік теориясы
Оңтүстік теория және жергілікті
халықтың қайта жаңғыруы
Тарау мазмұны
ХХ
ғасырдың басында әлеуметтанушы У.Э.Б. Дюбуа ([1903], 1996):
«Адамның түр-түсі – ХХ ғасырдың аса өзекті мәселесіне айнала-
ды», – деп атап көрсетті. Осылайша, ол қазіргі қоғамның маңызды
ұйымдастырушылық ерекшеліктерінің бірі – нәсіл екенін меңзеген болатын.
Бұл ХХІ ғасырдың басында да дәл сол кездегідей ақиқат болып қалып отыр.
Нәсілдің қазіргі барлық әлеуметтік теориясы «нәсіл – биологиялық ерекше-
лік, адамның табиғи типтерін ажыратудың бірден-бір жолы» деген қалыптасқан
байырғы идеяға қарсы тұрады. Осы тараудан нәсілдің әлеуметтік құрылыс, яғни
адамдарды фенотиптік айырмашылықтарға байланысты (мысалы, терінің түсі,
шаштың түрі, көздің пішіні) ұйымдастыратын жіктеу жүйесі екенін көреміз. Нә-
сілдік сыни теорияларға шолуында, Эмирбайер мен Десмонд (2009:335)
нәсілге
«фенотипке немесе ата тегіне негізделген және белгілі бір әлеуметтік, тарихи
контекске байланысты құрылған символикалық категория, алайда табиғи кате-
гория деп бұрыс қабылданады» деген анықтама береді. Дегенмен екі категория-
ның «шын мәнінде бір-бірімен байланысы бар» болса да, нәсіл
этникалық тек
арқылы (ethnicity) ерекшеленеді (Emirbayer and Desmond, 2009:339).
Этникалық
тек «мәдени, тарихи, діни немесе ұлттық байланыс туралы хабардар ететін ор-
тақ өмір салтын» білдіреді (Emirbayer and Desmond, 2009:339). Осы тарауда біз
этникалық тек пен мәдениетті талқылайтын болсақ та, қазіргі қоғамды ұйым-
дастыруда басты рөл атқаратындықтан, нәсіл тақырыбы
біздің негізгі та қыры-
бымыз болып табылады.
1
Біз сондай-ақ нәсілді отаршылдық теорияларымен байланыстырдық. Бұл
ал ға ш таңданыс тудыруы мүмкін. XVIII және XIX ғасырларда болған құбы-
лыстың XXI ғасырдағы Америкадағы нәсілшілдікпен байланысы қандай? Көп-
теген нәсілдік теорияшылардың ортақ пікірі бойынша, қазіргі нәсілдік тәртіп
отаршылдықтан туындайды (Raewyn Connell, 2007; Emirbayer and Desmond,
2015; Omi and Winant, 2015). Отаршылдық – Еуропа елдері көптеген мемле-
кетті
жаулап алып, үстемдік етуінен туған тарихи процесс. Кейде отар шылдық
әкімшілік билік арқылы жүзеге асырылды. Еуропалықтар жергілікті халықты
ығыстырып, өздері сол аймақтарға (мысалы, АҚШ, Канада, Австралия) қоныс-
танды. Осылайша отарлаудың жаңа түрі пайда болды. Колониалдық билік кез
келген жағдайда әлеуметтік құрылымға негізделген нәсілдік иерархиялар арқы-
614
III бөлім
•
Модерндік теориядан постмодерндік әлеуметтік теорияға дейін (және одан кейінгілер)
лы отаршылдық (құлдардың сауда-саттығын да қамтитын) зорлық-зом былық-
ты заңдастырды.
Нәсіл мен отаршылдықтың көптеген теориялары бар.
Сондықтан біз бұл
тарауда барлық теорияға толық сипаттама бере алмаймыз. Есесіне, осы кітап-
тағы басқа теориялық көзқарастарға негізделген аса ықпалды теорияларды,
сондай-ақ теориялық конвенцияға бірегей қиындық тудыратын қазіргі теория-
лар туралы ой қозғауды жөн деп таптық. Сонымен қатар нәсіл әлеуметтік ын-
тымақтастықтың көзі бола тұра (Emirbayer and Desmond, 2015), осы тарауда
сипатталған теориялардың көпшілігі нәсіл ұғымының әлеуметтік басымдығы-
на байланысты нәсіл тұжырымдамасына сыни тұрғыдан қарайды. Осы нәсілдік
сыни пікірлер батыстық ғылым мен әлеуметтану сыны ретінде жиі көрініс та-
бады. Шындыққа және объективтілікке ұмтылатынына қарамастан,
Батыстың
білімі (біз осы мәтін бойынша тал қылаған) көп жағдайда нәсілшілдік процесі-
не ықпал етті. Басқаша айтқанда, Батыстың ойлары нәсілдің шынайы және та-
биғи категория екені туралы идеяны нығайтуға көмектескен ұғымдар ұсынды.
Сонымен қатар нәсілді анықтау және сипаттау кезінде Батыс ғалымдары нә-
сілшілдікке ұшыраған адамдардың көзқарастарын жоққа шығарды. Бұл тарихи
кезеңде әйелдердің даусы социологиялық канон нан шеттетілген процеске ұқсас
(12-тарауды қараңыз) болды. Осы тараудың соңғы бөлімдерінде батыстық емес,
байырғы білімге негізделген кейінгі тео риялар қарастырылады.
Бұл перспекти-
валар әлеуметтану теорияшыларына теория мен оның қолданылуын түсінуге
байыппен қарауды ұсынады.
Достарыңызбен бөлісу: