Алеуметтану тероиясы indb



Pdf көрінісі
бет478/596
Дата14.11.2022
өлшемі16,19 Mb.
#50039
түріОқулық
1   ...   474   475   476   477   478   479   480   481   ...   596
Сын-пікірлер. Негізінен, сыни көзқарастар Агамбеннің қазіргі заман тура-
лы қатыгез көзқа растарына, оның «қалыпты емес мәлімдемелеріне» (Laclau, 
2007:21) және «поэзияны әсірелеу шешендігіне» (LaCapra, 2007:136) қатыс-
ты айтылған. Лакапраның (2007:133) пайымдауы бойынша, «Агамбен ойға 
сыймайтын, батыл мә лімдемелер айту арқылы теорияшыл ретінде өз үлесін 
қосуға ұмтылған». Сыни көзқарастар «қазіргі әлемді әсіреұлтшылдар қалып-
тастырған әлемнен де сорақы, тоталитарлық және демократиялық режимдер 
арасында айтарлықтай айырма шылықтар жоқ» деп айқындайтын мәлімдеме-
леріне де қатысты айтылды. Лагерь – қазіргі заманның саяси кеңістігі немесе 
nomos және «концентрациялық лагерьдің төтенше және абсурд парадигмасы» 
(Laclau, 2007:22). Мұндай көзқарастар – «қазіргі қоғам жағдайында қолже-
тімді эмансипациялық мүмкіндіктерді зерттеуді» шектейтін қате, тіпті абсурд 
бұрмалау (Laclau, 2007:22).
Әрине, Агамбеннің қазіргі әлемнің сын-қатерлері туралы ойларын асыра 
сілтеу деуге болады. Қазіргі әлемдегі туындаған күрделі мәселелерге қарамас-
тан, оны тіпті әсіреұлтшылдардың режимінен, олардың концлагерьлерінен де 
нашар деп айқындауын түсіну қиын. Тіпті Кубадағы америкалық Гуантанамо 
түрмесі өзінің қатыгездігіне қарамастан, Освенцим секілді, тағы басқа кон-
центра циялық лагерьлермен және әсіреұлтшылдардың жасаған қылмысымен 
салыстыруға келмейді.
Постмодерндік әлеуметтік теория
1980 жылдары постмодерндік теория қалыптаса бастағанда, аталған теория 
«қаладағы ең қызу ойын» деп аталды (Kellner,1989a). Ол қалыптасқан әлеумет-
тік теориялардан бөлек ойлау мен жазудың жаңа түрін ұсынды. Сол кезде көп-
теген ғалымдар постмодернизмді тек қызығушылық ретінде қарастырды. Өз-
дерін постмодернист ретінде айқындаған ғалымдардың аздығына қарамастан, 
бұл теорияның әлеуметтік теорияға ықпалы зор болды. Мысалы, 18-тарауда 
талқыланатын бірқатар теорияларды постструктуралистік және постмодерндік 
теорияның түрленген жалғасы ретінде қарастыруға болады. Осылайша, көп-
теген ғалымдардың постмодерндік ойларды қабылдамағанына қарамастан, ол 
бірқатар теориялардың негізін қалады.
Постмодерндік әлеуметтік теорияның маңызы мен ол тудырған пікірталас-
тарды ескере отырып, осы кітапта постмодерндік ойларға қысқаша шолу жаса-
лады (Antonio, 1998; Ritzer, 1997; Ritzer and Goodman, 2001). Дегенмен бірқатар 


707
17-тарау

Структурализм, постструктурализм және постмодерндік әлеуметтік теория
қиындықтар бар. Олардың ең бастысы постмодерндік бағыт өкілдерінің арасын-
да жалпы қабылданған тұжырымдардың болмауы мен өзара қарама-қайшылық-
тарға байланысты. Мысалы, Смарт (1993) постмодерндік үш ұстанымды өзара 
біріктірген.
12
Бірінші ұстанымы бойынша түбегейлі өзгерістер постмодерндік 
қоғамның қалыптасуына әкелді. Осындай көзқарас ұстанғандардың қатарына 
Жан Бодрийяр (Armitage, 2005), Gilles Deleuze, and Felix Guattari (Deleuze and 
Guattari, [1972] 1983, [1980]1987; Binkley, 2007; Bogard, 1998; Genosko, 2007; 
Theory, Culture and Society, 1997) жатады. Екінші ұстанымға сәйкес, постмо-
дернизммен қатар модернизм де да мып жатыр. Бұл бағытты Фредрик Джейми-
сон, Эрнесто Лакло, Шантал Муфф се кілді марксистік ойшылдар және Нэнси 
Фрейзер, Линда Николсон секілді феми нистер қолдаған. Смарттың үшінші ұс-
танымына сәйкес, модернизмді және постмодернизмді жеке дәуірлер ретінде 
емес, ұзақ уақыт бойы дамып келе жат қан және тұрақты қарым-қатынастардың 
құрамдас бөліктері ретінде қарастыру керек. Постмодернизм әрдайым модер-
низмнің шектеулерін көрсетіп отырады.
Әлеуметтік теорияда «постмодерн» терминінің кеңінен қолданылуына қа-
рамастан, осы терминнің мағынасына байланысты келіспеушіліктер бар.
Айқындық үшін постмодерн, постмодернизм және постмодерндік әлеумет-


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   474   475   476   477   478   479   480   481   ...   596




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет