Алеуметтану тероиясы indb


Биосаясат және Мишель Фуко еңбегінің әсері



Pdf көрінісі
бет477/596
Дата14.11.2022
өлшемі16,19 Mb.
#50039
түріОқулық
1   ...   473   474   475   476   477   478   479   480   ...   596
Биосаясат және Мишель Фуко еңбегінің әсері. Агамбен өз еңбектерін-
де ([1995] 1998:122) биосаясатқа қызығушылық танытты (ол өз тұрғысында 
[Фуко «қорғансыз өмір» түсінігін қарастырмаған], «қорғансыз өмір» фашис-
тік концлагерь, жалпы лагерь, сондай-ақ лагерьге айналған қоғам негізінде қа-
рас тырылған). Әсіресе Агамбеннің биосаясат мәселелері жөніндегі ойларына 
Мишель Фуко елеулі ықпал етті. Агамбен өзі айқындағандай ([1995] 1998:3),
биосаясат Фуко тұжырымдамасында «тіршілік түрі мен қоғамның саяси сала-
сында қауіп-қатерлермен бірге кездеседі». Дегенмен Фуко бұл жағдайды «қа-
зіргі қоғамға да тән» деп қарастырса, Агамбен «бұл ежелгі құбылыс» деп ай-
қындайды (DeCaroli, 2007:53; for other differences10 between the two thinkers, 
see C. Mills, 2007). Агамбеннің айтуынша ([1995] 1998):
«Ескеретін жайттардың бірі – шеттетуді қалыпты жағдай ретінде қабыл-
даумен қатар, «қорғансыз өмір» саяси салаға тән бола бастау процесі орын 
алуда. Сыртқы және ішкі, bios және zoe, құқық және факт өзара араласып 
кетеді. Бір кездері саяси кеңістіктен алыстату саяси тұтқында ұстау, тұ-
тастай алғанда, бүкіл саяси жүйенің негізі қаланған жасырын бастамасы... 
қорғансыз өмір... мемлекеттік билікті ұйымдастыру мен одан босатудың 
орнына... айналуда...». 
(Agamben, [1995] 1998:9)
Жоғарыда айтылғандай, «қорғансыз өмір» – биосаясаттың мақсаты және 
Фуко мен Агамбен еңбектерінде көтерілген ортақ мәселе. Фуко биосаясат түрме 
негізінде жүзеге асады деп есептейді, ал Агамбеннің ([1995]1998:20) пайымынша, 
биосаясаттың жүзеге асырылатын орыны – «түрме емес» – лагерьлер. Осылайша
Агамбен ([1995] 1998:119) Фуконы «қазіргі заманғы биосаясат үлгісі бола ала-
тын ХХ ғасырдағы ұлы тоталитарлық мемлекеттердің саясатын қарастырмағаны 
үшін» сынға алады. Агамбеннің айтуы бойынша, Фуко, мысалы, «заманауи био-
саясаттың маңызды сипаттамаларының бірі – медицина мен саясаттың интегра-
циясы – концентрациялық лагерьлерді қарастыруы қажет еді»... Жалпы дәрігер 
мен «тәуелсіз» адам өз рөлдерімен алмасады» (Agamben, [1995] 1998:143).
Дегенмен Агамбеннің болашаққа көзқарасы Фукодан ерекшеленеді 
(Agamben, [1995] 1998:187). Агамбеннің болашаққа көзқарасы пессимистік бол-
ғанымен, ол bios пен zoe арасындағы айырмашылықты жоюға болатын болашақ-
ты көреді. Дегенмен Агамбен Батыс өркениетінің тарихымен «бақытты өмірді» 
ажыратады... (C. Mills, 2011:474). Миллс атап өткендей, Агамбеннің ойынша, 
«бақытты өмір» деген нені білдіретіні түсініксіз болғанымен, бұл идея Вальтер 


705
17-тарау

Структурализм, постструктурализм және постмодерндік әлеуметтік теория
Бенджаминнің және мессиандық кезеңдегі иудей-христиан тұжырымдамала-
рында айқындалады. Миллстің айтуынша, Агамбеннің кез келген теориясын 
қолданғанда «ерекше жағдай мен шеттетуді» біріктіретін осы теориядағы мес-
сиандық саясатты қабылдау қажеттігі туындайды. Әлеуметтік теорияшылар 
Агамбен теориясының екі аспектісін айқындайды.
Фуко, әрине, постструктуралист болды, оның еңбектерінде постструктура-
лизмнің (және структурализмнің) әсері байқалады.
11
Поструктурализмнің ық-
палы оның «заңның күші» тұжырымдамасында көрінеді. Бұл еңбектегі ойлар 
жетекші постструктуралистердің бірі – Жак Дерриданың жұмысына ұқсас. Осы 
тұжырымдамаға сәйкес, заң бір кездері заңмен байланысты болған, бұл байла-
ныс қазіргі кезде әлсізденіп, заң көрінбей кетіп, тек заңның күші ғана сақталған.
Агамбен өзінің еңбектерінде сонымен қатар құқық күшін қарастырады. 
«Төтенше жағдайларда заңның күші» нақты болмаған кезде құқық күшін мем-
лекеттік органдар... және революциялық ұйымдар көрсетуі мүмкін. Шет тету 
жағдайы – бұл заң емес, заң күші басымдыққа ие болатын аномалиялық ке-
ңістік. «Заң күші», негізінен, заң мен оны қолдану туралы ережелермен бай-
ланысты болмағандықтан, оны тек заң тұлғалары емес, сонымен қатар өзге 
тұлғалар да өз мақсатына пайдалануы мүмкін. Мысалы, неміс ұлтшылдары, 
революционерлер.
Агамбеннің үлкен нарративі және негізгі мақсаттары. Агамбеннің еңбекте-
рінде постструктурализмнің ықпалы болғанымен, постмодернизмнің ықпалы 
жоқ. Нәтижесінде оның еңбектеріне «негізделген нарративтің» құрамдас бөлік-
тері тән емес.
Біріншіден, ол уақыт өткен сайын шеттету жағдайы кеңейеді деп болжай-
ды: «Шеттету жағдайы маңыздылығы жоғарылай отырып, іргелі саяси құры-
лым ретінде қалыптасады және біртіндеп ережеге айнала бастайды» ([1995] 
1998:20; see also Agamben, [2002] 2005:2; this view is associated with Benjamin, 
1942). Оның егжей-тегжейлі түсіндірмесі бойынша: «Бастапқыда бөлек болған 
өмір мен саясат бір-бірімен араласа келе, шеттету жағдайы өмірдің барлық са-
лаларына, әсіресе саяси салаға тән бола бастайды (Agamben, [1995]1998:148). 
Агамбеннің ойынша ([2002]2005:87), «қазіргі шақта шеттету жағдайы өзінің ең 
жоғарғы деңгейіне жетті».
Екіншіден, ол саясаттың биологияға үстемдігі ақырындап кеңейгенін көреді; 
биосаясаттың кеңеюі. Мысалы, болашақта «мемлекет өз ұлтының биологиялық 
өміріне қамқорлық жасауды өз міндеттерінің бірі деп қабылдайды» (Agamben, 
[1995] 1998:175). Екінші жағынан, бұл өзгелерге адамдардың биологиялық өмі-
рін бақылауға мүмкіндік береді. 
Үшіншіден, лагерь кеңейіп, бірте-бірте орталыққа айналды. «Қазіргі уақытта 
қала ішінде орналасқан лагерьлер планетаның жаңа биосаясат көрінісіне айнал-
ды» (Agamben, [1995] 1998:176). Нацистік концлагерьлермен байла нысты лагерь-
лер «жүйені өмірге қауіп төндіретін машинаға айналдыруға» әкеледі (Agamben, 
[1995] 1998:175). Бұл жаһандық азаматтық соғыстың «тоқтаусыз ілгерілеуіне» 
апарады (Agamben, [2002] 2005:2). Тіпті демократиялық мемлекеттерде осы аза-
маттық соғысқа қатысады, соның нәтижесінде демо кратиялық және тоталитар-
лық мемлекеттер арасында айтарлықтай айырмашы лықтар азаюда.
Осы процестерді ескере отырып, Агамбен қандай жағдайды көргісі келер 
еді? Ол патриоттық сипаттағы және антогонистік сипаты жоқ заманауи саяси 


706
III бөлім

Модерндік теориядан постмодерндік әлеуметтік теорияға дейін (және одан кейінгілер)
жобаны көруге үміттенбейді (DeCaroli, 2007:44). Керісінше, оның болашаққа 
қатысты көзқарастары өте абстрактілі сипатта және тек жалпы идеяларды тұ-
жырымдайды. Мысалға, ол «қорғансыз өмірдің» саяси немесе құқықтық сала 
бойынша бөлінуін қолдайды (Agamben, [1995] 1998:134) немесе ол адамның өзі 
қалаған іс-әрекетін жасауға мүмкіншіліктерді кеңейтуге ұмтылады және бұл 
саяси тұрғыдан айқындалуы қажет. Басқаша айтқанда, ол адамның іс-әрекеті 
мен саясатының реинтеграциясын көргісі келеді. Де Кароли (2007:45) пайым-
дауы бойынша, Агамбеннің мақсаты – «саясат пен субъективтілік ажыратыл-
ған болашақ қоғамдастықты» құру.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   473   474   475   476   477   478   479   480   ...   596




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет