714
III бөлім
•
Модерндік теориядан постмодерндік әлеуметтік теорияға дейін (және одан кейінгілер)
Төртіншіден, постмодерндік қоғаммен байланысты жаңа технологиялар
бар. Автокөлік жинау желісі сияқты өнімді технологиялардың орнына репро-
дуктивті технологиялар, әсіресе теледидар мен компьютер
секілді электронды
БАҚ басымдыққа ие бола бастайды. Өнеркәсіптік революцияның «қызықты»
технологиясынан гөрі, теледидар секілді «технологиялар» кеңінен таралуда
(Jameson, 1984:79). Постмодерндік дәуірдің имплозивті, тегістеу технология-
лары заманауи дәуірдің ауқымды, қарқынды технологияларына қарағанда, әр-
түрлі мәдени өнімдерді көбірек шығарады.
Сонымен, Джеймисон адамдары өздері өмір сүріп жатқан көпұлтты капи-
талистік жүйені немесе «жар басындағы» мәдениетті түсінуге дәрменсіз, сал-
ғырт постмодернизмнің бейнесін жасайды. Осы дүниенің парадигмасы ретінде
Джеймисон атақты постмодерндік сәулетші Джон Портманның Лос-Андже-
лестегі
Bonaventure қонақүйін ұсынады. Адамның әлемдегі орнын сипаттау
үшін қонақүйді мысалға алады. Джеймисон қонақүйлердің ешқайсысында адам
вестибюльде өз орнын таба алмайтыны туралы айтады.
Вестибюль – Джеймисон бізге жол табуға көмектесе
алмайды деген модерн-
дік тұжырымдамаларға сай «гиперкеңістікке» мысал болады. Бұл жағдайда
вестибюль бөлмелерді қамтитын төрт симметриялық мұнарамен қоршалған
аймақ ретінде айқындалады. Оның пікірінше, вестибюльдерде адамдарға өзде-
рінің бөлмесін табуға жәрдемдесетін белгілер болуы қажет. Бұл – жол табуды
жеңілдетер еді.
Bonaventure қонақүйінің вестибюліндегі осындай жағдай – көпұлтты эко-
номика мен кейінгі капитализм сипатындағы қоғамда адамдардың бейім деле
алмауының метафорасы. Джеймисонның өзге постмодернистерден айыр ма-
шылығы, өзінің марксистік ұстанымына қарамастан, бұл мәселенің ішінара
болса да шешуін табуға ұмтылады. «Бізге керек нәрсе, – дейді ол, – біздің жо-
лымызды табуға жәрдемдесетін танымдық белгілер» (Jagtenberg and McKie,
1997). Бірақ олар ескі болмауы қажет. Осылайша, Джеймисон:
«жаңа идеялардың туындауын күтеді... (кейінгі капитализм), онда біз
тағы да өз ұстанымымызды жеке-дара және ұжымдық деңгейде түсіне
отырып, бейберекеттікпен күресуге әрекеттенеміз және күресу қабілеті-
мізді қалпына келтіре аламыз. Постмодернизмнің саяси пішіні, егер ол
бар болса, әлеуметтік және кеңістіктік масштабтағы ғаламдық когнитивті
карта болар еді».
(Jameson, 1984:92)
Бұл танымдық карталардың бастауын
әлеуметтік теорияшылар, роман жа-
зушылар және қарапайым адамдар салуы мүмкін. Әрине, карталар марксистік
мақсатта қолданылмайды, бірақ постмодерндік қоғамда түбегейлі саяси әре кет-
тің негізі ретінде пайдаланылады.
Карталардың қажеттілігі, Джеймисонның пікірінше, әлемнің кеңістік өл-
шеммен айқындалуымен байланысты. Шынында да,
гиперперсона идеясы және
Bonaventure қонақүйінің вестибюль үлгісі постмодерндік әлемдегі кеңістіктің
үстемдігін көрсетеді. Осылайша, Джеймисон үшін бүгінгі өзекті мәселе – «бұл
кеңістікте өзімізді ұстай білу қабілетімізді жоғалту мен оны картаға түсіруге
мүмкіндігіміздің болмауы» (Jameson, Stephanson, 1989:48).
715
17-тарау
•
Структурализм, постструктурализм және постмодерндік әлеуметтік теория
Бір қызығы, Джеймисон когнитивті карталар идеясын марксизм теория-
сымен, атап айтқанда, таптық сана идеясымен байланыстырады: «Когни-
тивті карталар шын мәнісінде «таптық сананың» құпия сөзі...» (1989:387).
Джейми сонның еңбегі Маркс теориясы мен постмодернизмді синтездеуге
бағытталған. Оның мұндай талпынысы, негізінен,
марксистер мен постмо-
дернистер тара пынан сынға алынды. Бест пен Келлнердің пікірі бойынша,
«оның еңбегі көп теген позицияларды, соның ішінде классикалық марксизм
мен кейінгі постмодернизмді, біріктіруге бағытталған эклектикалық, көпса-
лалы теорияның ық тимал қауіптерінің жарқын үлгісі бола алады» (Best and
Kellner, 1991:192). Нақтырақ айтқанда, кейбір марксистер Джеймисонның
постмодернизмді мәдени үстемдік ретінде
қабылдауына қарсылық білдірсе,
ал кейбір постмодернистер оның әлемнің тотализацияланған теориясын қа-
былдауын сынайды.
Достарыңызбен бөлісу: