Алеуметтану тероиясы indb



Pdf көрінісі
бет484/596
Дата14.11.2022
өлшемі16,19 Mb.
#50039
түріОқулық
1   ...   480   481   482   483   484   485   486   487   ...   596
дени әлеуметтану деп атаған бастама. Постструктуралистер мен постмодернис-
тер сияқты, мәдениет Александердің басты талдау тақырыбы болды. Дегенмен 
Александер «мәдени талдаудың постструктуралистік және постмодерндік тал-
даудан айырмашылығы әлемнің шынайылығын сипат тауға мүмкіндік береді» 
деп ойлаған. Атап айтқанда, мәдениет әрекетті болжауға негіз бола алады. Оның 
көзқарасы бойынша, барлық іс-қимыл «белгілі бір дәрежеде мәдениетпен байла-
нысты» (2003:12). Модельдік талдаудың формасын жасай отырып, Александер 
мәдени әлеуметтануды анағұрлым қарапайым мәдениет әлеуметтануынан ажы-
ратады. Мәдениет әлеуметтануы мәдениетті басқа біреудің туындысы ретінде 
қарастырса, онда әлеуметтік күштер (мысалы, экономика) әлдеқайда маңызды
мәдени әлеуметтану, өз кезегінде, мә дениетті жеке қарастырады.
Мұнда Александер мәдениетті зерттеуде күшті бағдарлама бекітеді. Бағ-
дарлама үш элементтен тұрады. Біріншіден, ол мәдениеттің дербестігін талап 
етеді, яғни мәдениет әлеуметтік құрылымнан тәуелсіз әлеуметтік күш ре тінде 
қарастырылуы керек. Александер, Фуко сияқты, мәдениетті жеткілікті түрде 
қарастырмағаны үшін постструктуралистерді сынайды. Дегенмен Фуко билік 
пен білім арасындағы қарым-қатынасты нығайта отырып, материалдық, саяси-
экономикалық режимдер дискурсқа/мәдениетке негізделген деп пайым дайды. 
Александер үшін мәдениет осы басқа салаларға тәуелсіз әрекетті қалыптасты-
ратын күш ретінде айқындалады.


722
III бөлім

Модерндік теориядан постмодерндік әлеуметтік теорияға дейін (және одан кейінгілер)
Бұл тарау әлеуметтану теориясының заманауи тарихындағы маңызды және өзара байла-
нысты оқиғалардың кең ауқымын қамтиды. Осы оқиғалардың көбі лингвистикадағы рево-
люция мен тілдің негізгі құрылымдарын іздестіруге әкелді. Структурализм антропология 
(әсіресе Леви-Стросс) және марксизм теориясы (атап айтқанда, құрылымдық марк сизм) 
секілді бірқатар салалармен байланысты болды.
Структурализм әлеуметтік теорияшылардың ой-пікіріне әсер етуіне қарамастан
постструктурализм деп аталатын қозғалысты тудырды. Атауынан көрініп тұрғандай, пост-
структурализм структуралистік бағыттың идеяларына негізделген, бірақ олардан тыс ой-
лаудың ерекше амалын көрсете білді. Постструктурализмнің ең танымал өкілі – Мишель 
Фуко. Ол өзінің бірқатар еңбектерінде көптеген жылдар бойы ықпалды болатын теориялық 
идеяларды ұсынды. Сондай-ақ Джорджио Агамбеннің еңбектері, әсіресе оның қорғансыз 
өмірге, ерекше жағдай мен лагерьге қатысты көзқарастары маңызды.
Постструктурализмнің ұдайы дамуы ішінара постмодерндік теория деп аталатын ба-
ғыттың қалыптасуына әсер етті. Постмодерндік ойлар архитектура, философия, өнер және 
әлеуметтану секілді салаларға әсер етті. Постмодерндік әлеуметтік теориялардың көптеген 
түрлері бар, осы тарауда біз Фредрик Джеймисон ұсынған постмодерндік әлеуметтік тео-
рияның шектеулі нұсқасын және Жан Бодрийяр ұсынған экстремалды баламасын қарас-
тырдық. Постмодерндік әлеуметтік теория әлеуметтану теориясын сынайды. Әлеуметтану 
теориясының көптеген қағидаларына қарсы шығып, одан түгелге жуық бас тартады. Бұл 
тарауда постмодерндік әлеуметтік теорияның бірқатар маңызды қателіктері, пост-постмо-
дерндік әлеуметтік теорияның маңыздылығы талқыланды және постмодерндік теорияның 
кейбір маңызды жаңа баламалары қарастырылды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   480   481   482   483   484   485   486   487   ...   596




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет