43 1-тарау •
Әлеуметтану теориясына тарихи шолу: ерте кезең
Еуропалық марксизмнің ғасырлар тоғысындағы дамуы ХІХ ғасырда көптеген әлеуметтанушылар өздерінің теорияларын Маркстің
теориясына оппозиция ретінде дамытқан болса, бірқатар марксистер тарапы-
нан бір уақытта марксистік теорияны айқындау және кеңейту әрекеті байқал-
ды (Beilharz, 2005f; Steinmetz, 2007). 1875 және 1925 жылдар аралығында марк-
сизм мен әлеуметтануда ұқсастық аз болды (Веберді қоспағанда). Екі идеялық
мектеп қатар дамып отырды, бірақ олардың арасында өзара тәжірибе алмасу
болған емес.
Маркс қайтыс болғаннан кейінгі алғашқы кезеңде марксистік теория-
дан ғы лыми және экономикалық детерминизмді көргендер үстемдік құрды
(Bakker, 2007a). Валлерштайн бұл кезеңді «ортодокстік марксизм» деп атаған
(1986:1301). Фридрих Энгельс – Маркстен ұзақ өмір сүрген, оның ізбасары
әрі серіктесі, бұл ілімнің бірінші өкілі. Негізінде, бұл тәсілдің мәні Маркс-
тің теориясы капиталистік әлемді билейтін экономикалық заңды анықтап
ашумен байланысты. Бұл заңдар капиталистік жүйенің шарасыз күйреуін
аңдатты. Карл Каутский секілді, ерте кезеңдегі марксистер бұл заңдардың
әрекет етуін түсінудің ең жақсы жолын табуға тырысты. Сол кезде мұндай
көзқарастың бірқатар қайшылықтары да болды. Біріншіден, Маркс позиция сы-
ның іргетасы саяси әрекетті жоққа шығаратындай көрінді. Демек, индивидтер,
әсіресе жұмысшылардың бір нәрсе істеуінің қажеттілігі жоқ секілді. Барлығы
міндетті түрде қирайтын жүйеде олардың бар қолынан келетіні – оның ақырын
күту. Екіншіден, теорияда детерминистік марксизм индивидтер мен ірі әлеу-
меттік құрылымдардың арасындағы диалектикалық байланысты анықтағандай
болды.
1900 жылдардың басында осындай жағдай марксизм теорияшыларының
ара сындағы реакцияға және «гегельдік марксизмнің» дамуына алып келді. Ге-
гельдік марксистер марксизмді индивидуалды ойлау мен тұлғаның әрекетін
елемей тін ғылыми теорияға жатқызудан бас тартты. Олардың гегельдік марк-
систер деп аталуының себебі: Гегельдің сана-сезімге деген қызығушылығын
(кейбіреулер, соның ішінде автор да бар, бұл мүддені Маркс те қолдады) детер-
министердің қоғамның экономикалық құрылымдарына деген мүддесімен бірік-
тіруге ты рыс ты. Гегельдік марксистер теориялық және тәжірибелік тұрғыдан
маңызды болды. Теорияда олар индивидтің, сана-сезімнің және ой мен әрекет
арасындағы қатынастардың маңыздылығын қайта қалпына келтірді. Тәжірибе-
лік тұрғыда олар әлеуметтік революциядағы индивидуалды әрекеттің маңыз-
дылығын ерек ше атап өтті.
Мұндай көзқарастың негізгі өкілі Георг Лукач болды (Fischer, 1984; Markus,
2005). Мартин Джейдің ойынша, Лукач «Батыстағы марксизмнің негізін салу-
шы» болды, ал оның History and Class Conscious-ness («Тарих және таптық сана»
[1922] 1968) еңбегі «гегельдік марксизм кодексі ретінде кең мойындалған»
(1984:84). 1900 жылдардың басында Лукач марксизмді әлеуметтанумен бі рік-
тіруге тырысты (әсіресе Вебер және Зиммель теорияларын). Көп кешікпей,
ХХ ғасырдың 20–30 жылдарында, сыни теорияның дамуымен мұндай бірігу әл-
деқайда қарқынды жүзеге асты.