Алеуметтану тероиясы indb



Pdf көрінісі
бет62/596
Дата14.11.2022
өлшемі16,19 Mb.
#50039
түріОқулық
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   596
Акторлар және құрылымдар
Диалектикалық ойшылдар сондай-ақ субъектілер мен әлеуметтік құрылымдар 
арасындағы динамикалық қарым-қатынастарға қызығушылық білдіреді. Маркс, 
сөзсіз, әлеуметтік талдаудың негізгі деңгейлері арасындағы тұрақты өзара әре-
кетін пайымдауға шебер болды. Маркс ойының өзегі – адамдар мен олар жасай-
тын кең ауқымды құрылымдар арасындағы қарым-қатынас (Lefebvre, 1968:8). 
Бір жағынан, бұл кең ауқымды құрылымдар адамдардың өз мақсаттарын жүзе-
ге асыруға көмектеседі; екінші жағынан, олар адамзат үшін елеулі қатер төнді-
реді. Бірақ диалектикалық әдіс бұдан да күрделі, өйткені диалектик өткен шақ, 
қазіргі кез бен болашақтағы акторлар және құрылымдар сияқты мән-жайларды 
қарастырады. 2.1-сызба – осы құбылыстардың өте ауқымды және күрделі тұр-
ғысының оңайлатылған сызба нұсқасы.
2.1-СЫЗБА 

 Әлеуметтанулық тұрғыға тиісті диалектиканың сызба нұсқасы


53
2-тарау

Карл Маркс
Адам әлеуеті
Бұл тараудың бір бөлігі Маркстің макроәлеуметтануын талқылауға, атап айт-
қанда, капитализмнің макроқұрылымдарына талдау жасауға арналған. Бірақ 
бұл тақырыптарды талдауға кіріспес бұрын Маркстің әлеуметтік шындықтың 
микроскопиялық аспектілері туралы ойларынан бастауымыз қажет. Маркс 
капиталистік қоғамның адам әлеуетіне, оның еңбекке деген қатынасына және 
капитализм тұсындағы оның иеліктен айрылу қарама-қайшылықтарына сыни 
талдау жасады. Ол біздің адами әлеуетіміз бен капиталистік қоғамда жұмыс 
істеуіміз арасында нақты қайшылық бар деп санады.
Маркс ([1850] 1964:64) адамдар – «әлеуметтік қатынастардың ансамблі» 
екенін өзінің ертеректегі жұмысында жазған. Бұл біздің, адам әлеуетінің, нақ-
ты әлеуметтік қарым-қатынастарымызбен және институттық контекс імізбен 
тығыз байланысты екенін көрсетеді. Сондықтан адам табиғаты ста тис тикалық 
емес, тарихи және әлеуметтік тұрғыдан өзгереді. Адам әлеуетін түсіну үшін біз 
әлеуметтік тарихты түсінуіміз керек, өйткені адам табиғаты, Маркстің пікірін-
ше, сол қоғамның тарихын қалыптастыратын диалектикалық қарама-қайшы-
лықтар арқылы қалыптасады.
Маркстің ойынша, әлеуметтік және тарихи факторларды есепке алмай
адам әлеуетінің тұжырымдамасын жасауға болмайды, бірақ оларды ескеру – 
адам табиғатының тұтастай тұжырымдамасының болмауымен бірдей емес. 
Бұл тұжырымдаманы қиындатады. Маркс үшін жалпы адам әлеуеті бар, бірақ 
одан да маңыздысы – оның «әрбір тарихи дәуірде өзгеретіні» (Marx, [1842] 
1977:609). Жалпы адам әлеуеті туралы айтқан кезде, Маркс кездесетін түрлер 
терминін жиі қолданды. Ол бұл арқылы адам үшін ерекше және адамдарды 
басқа түрлерден даралайтын әлеуеттер мен күштерді білдірді.
Кейбір марксистер, мысалы Луи Альтуссер (1969:229), Маркстің адам затқа 
сенбейтінін мәлімдеген еді. Қоғамды өзгертуге мүдделі біреу үшін адам та биға-
тын төмендететіндей негіз бар. Адамзат табиғаты туралы, яғни біздің «табиғи» 
ашкөздігіміз, зорлық-зомбылыққа «табиғи» бейімділігіміз, «табиғи» гендерлік 
айырмашылықтарымыз туралы ойлар кез келген әлеуметтік өзге рістерге қар-
сы тұру үшін жиі пайдаланылады. Адами табиғаттың мұндай тұжырымдама-
сы тумысынан консервативті болады. Біздің мәселелеріміз адам табиғатына 
байланысты болса, жағдайды өзгертуге тырысудың орнына, соған бейімделуді 
үйренуіміз керек.
Дегенмен Маркстің адам табиғатына қатысты өзіндік түсінігі болғанына 
көп дәлел бар (Geras, 1983). Шынында да, адам табиғаты жоқ деп айтудың еш 
мағынасы жоқ. Біз тіпті құр тақтаға ұқсайтын болсақ та, тақта бір нәрседен 
жасалуы керек және оның бетінде бор іздері пайда болуы үшін табиғаты бо-
луы тиіс. Адам табиғатының кейбір тұжырымдамасы – кез келген әлеуметта-
ну теориясының бір бөлігі. Адам табиғаты туралы біздің тұжырымдамамыз 
қоғамның қалай өмір сүре алатынын және оны қалай өз гертуге болатынын 
анықтайды, бірақ Маркс теориясындағы ең маңызды нәрсе – қоғамның қалай 
өзгеруі қажеттігін көрсетеді. Нақты мәселе – бізде адам таби ғаты бар-жоғында 
емес, бұл табиғаттың қандай түрі өзгермейтін немесе тарихи үдерістерге ашық 
па, жоқ па деуде (адам әлеуетінің идеясын қолдану бұл жерде оны ашық деп 
санайтынымызды көрсетеді):
«Біз идеямен, оның қаншалықты қауіпті болатынына қарамастан, бетпе-
бет кездеспесек, адами табиғатымыз бен түрлерді түсінбесек, біз неден 


54
I бөлім

Классикалық әлеуметтану теориясы
Карл Маркс 1818 жылы 5 мамырда Трир қаласын-
да, Пруссияда дүниеге келген (Antonio, 2011; Beilharz, 
2005e). Оның заңгер әкесі отбасының орта тапқа сай 
өмір сүруін қамтамасыз етті. Ата-анасының екеуі де 
раввин отбасынан шыққан, бірақ кәсіптік се бептерге 
байланысты әкесі Карлдың бала кезінде люте рандық 
дінге өтеді. 1841 жылы Маркс Берлин универ ситетінде 
философия ғылымының докторы атағын алды. Берлин 
университеті Гегельдің және өз ұстазының ілімін қол-
дап, оған сыни көзбен қараған жас гегельшілердің зор 
ықпалында болды. Маркстің докторантурасы құрғақ 
философиялық трактат еді, алайда оның кейінгі көпте-
ген идеяларына түрткі болғаны анық. Бітіргеннен кейін 
ол либералды-радикалды газетте автор болды және он 
айдың ішінде бас редактор болып тағайындалды. Де-
генмен саяси ұстанымдарына байланысты, кейі нірек 
бұл басылымды үкімет жауып тастады. Осы кезеңде жа-
риялан ған алғаш қы эсселері Маркстің өмір бойы бас-
шылыққа ал ған бірқатар ұстанымын айқындады. Олар 
демократиялық принциптермен, гуманизммен және жастық идеализммен қанаттанған еді. Ол 
гегельдік философияның абстрактілігінен, уто пиялық коммунистердің аңғал армандарынан, 
сондай-ақ мерзімінен бұрын саяси әрекет деп санайтын әрекеттерге шақырған белсенділер-
ден бас тартты. Маркс осы белсенділерді қабылдамай, өз өмірлік жұмысының негізін қалады:
«Практикалық әрекеттер, тіпті көпшілік іске асырса да, қауіпті болған кезде оларға тез 
арада «мылтықпен» жауап беруге болады, бірақ біздің ақыл-ойымызды, сенімімізді 
баураған идеялар, ар-ұжданымызға сай келетін идеялар өзгенің жүрегін толқытпай 
шыға алмайтын әрекетте; олар – жындар, оларды тек оларға бағыну арқылы ғана же-
ңуге болады».
(Marx, [1842] 1977:20)
Маркс 1843 жылы үйленіп, көп ұзамай Париждің либералды атмосферасы үшін Германиядан 
кетуге мәжбүр болды. Онда ол Гегельдің және оның жақтастарының идеяларымен күресін 
жалғастырды, сондай-ақ екі жаңа идея жиынтығы – француз социализмімен және ағылшын 
саяси экономикасымен танысты. Ол өзінің интеллектуалды бағдарын қалыптастырған геге-
лизмді, социализмді және саяси экономиканы біріктірді. Бұл жерде оның өмір бойғы досы, 
қайырымды көмекшісі және әріптесі болатын адам – Фридрих Энгельспен (Carver, 1983) кез-
десуі өте маңызды болды. Тоқыма өндірушінің ұлы Энгельс жұмысшы таптың алдында тұрған 
жағ дай ларды социалистік сынға алды. Маркстің жұмысшы табының қайғы-қасіретіне мейір-
бандығы Энгельстің және оның идеяларының әсерінен туындады. 1844 жылы Энгельс пен 
Маркс Париждегі әйгілі дәмханада ұзақ әңгімелесіп, өмір бойғы қауымдастыққа негіз қала-
ды. Энгельс бұл әңгімеден: «Біздің теориялық салалардағы толық келісіміміз анық болды... 
және бірлескен жұмысымыз сол уақыттан бері басталады», – деп айтты (McLellan, 1973:131). 
Келесі жылы Энгельс елеулі жұмыс жариялады, бұл кезеңде Маркс көптеген туындыларын 
(олардың көпшілігі тірі кезінде жарияланбаған), соның ішінде The Holy Family («Қасиетті 
отбасы») ([1845] 1956) және The German Ideology («Неміс идеологиясы») ([1845–1846] 1970; 
екеуін де Энгельспен бірігіп жазған), сондай-ақ экономикалық саламен бірге дамып келе 
жатқан прогрессияны жақсырақ танытқан 1844 жылғы (1932) экономикалық және филосо-
фиялық туындыларын жазды.
Маркс пен Энгельстің теориялық бағдары бір болса да, екеуінің арасында көп айырма шылық 
болды. Маркс теориялық беталысты ұстанған, даңғаза интеллектуал еді және өз отбасының 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   596




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет