Алеуметтану тероиясы indb


2-тарау • Карл Маркс Кіріспе



Pdf көрінісі
бет57/596
Дата14.11.2022
өлшемі16,19 Mb.
#50039
түріОқулық
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   596
47
2-тарау

Карл Маркс
Кіріспе
Маркс өзінің The Communist Manifesto («Коммунистік партия манифесі») 
атты ең танымал еңбегін (Marx and Engels [1848] 1948): «Еуропаны елес кезіп 
жүр, ол – коммунизм елесі», – деген сөздермен бастайды. Тура сол елес біздің 
Марксті түсінуіміздің де қыр соңынан қалмай келеді деп айтуға болады. Маркс-
тің идеяларын оны шабыттандырған саяси қозғалыстардан бөліп қарастыру 
қиын. Дегенмен Том Рокмордың (2002:96) пікірінше, «Марксті марксизмнен 
босатуға» тырысуымыз қажет.
Көп адам үшін Маркс елеулі зерттеуге лайықты ойшылдан гөрі табынатын 
тұлғаға айналды. Оның әйгілі есімі автордың идеяларын түсінуді қиындатады. 
Маркс – саяси қозғалыстар мен социалистік жүйелер өз атымен аталған бірден-бір 
теорияшы. Сіздің достарыңыз бен отбасыңызда мызғымас көз қа растар қалыптас-
тырған жалғыз теорияшы, бәлкім, Маркс болар. Ол жиі сынға алынады, сондай-
ақ оның еңбегін ешқашан оқымаған адамдар да оны мақтан тұтады. Тіпті ізбасар-
ларының арасында Маркстің идеялары «халықтың апиыны» және «пролетариат 
диктатурасы» деген сияқты ұрандарда жиі айтылады, бірақ оның кең ауқымды 
теориясында осы ұрандардың рөлі аса еленбейді.
Маркстің әлеуметтік теориясын түсінбеудің көп себебі бар, оның басты-
сы – Маркс өзінің әлеуметтік теориясын ешқашан аяқтамаған. Ол ер те рек-
те өз мансабында экономика, заң, мораль, саясат және т.б. салалар бойын ша 
жеке еңбектерін жариялап, содан кейін «өзінің арнайы жұмысында сол бө лік-
тердің өзара байланысын көрсету үшін тұтастық ретінде қайтадан ұсы нуды» 
жоспарлады (Marx, [1932] 1964:280). Ол осы соңғы жұмысын ешқашан жа-
са ған емес, тіпті экономика жөніндегі жеке еңбегін де аяқтамаған. Маркстің
көп уақыты оқу, журналистика, саяси белсенділік, достары және қарсыласта-
ры мен бірге шағын интеллектуалды, саяси пікірталастарға арналды.
Кіріспе
Диалектика
Диалектикалық әдіс
Адам әлеуеті
Айыру
Капиталистiк қоғамның құрылымдары
Тарихи материалистік тұжырымдама
Капиталистік қоғамның мәдени аспектілері
Маркс экономикасы: тақырыптық зерттеу
Коммунизм
Сын-пікірлер
Қазіргі қолданылуы


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   596




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет