Алеуметтану тероиясы indb



Pdf көрінісі
бет50/596
Дата14.11.2022
өлшемі16,19 Mb.
#50039
түріОқулық
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   596
Амелиоризм. Саяси экономикамен байланысты болса да, одан өзгеше 
британ әлеуметтану ілімінің екінші анықтаушы белгісі – амелиоризм немесе 
адамның тұлғасын түзету арқылы қоғам мәселелерін шешуге ұмтылу. Бри-
тан ғалымдары қоғамда мәселелердің (мысалы, кедейлік) бар екенін мойын-
даса да, олар әлі де қоғамға сеніп, оны сол қалпында сақтағысы келді. Олар
зорлық-зомбылық пен революцияның алдын алып, жүйені өз болмысымен
әрі қарай жалғасын табу мақсатында реформалануын қалады. Ең алдымен,
олар социалистік қоғамның пайда болуының алдын алғысы елді. Осылайша 
француз әлеуметтануы мен неміс әлеуметтануының кейбір бағыттары секілді, 
британ әлеуметтануы да консервативті бағытты ұстанды.
Британ әлеуметтанушылары кедейлік секілді мәселелердің пайда болу негі-
зін жалпы қоғамнан көре алмағандықтан немесе көргісі келмегендіктен, оның 
себептерін индивидтердің өздерінен іздеген. Бұл – Уильям Райанның (1971) 
кейінірек «жәбірленушіні айыптау» деп атаған әуелгі формасы. Инди видуал-


39
1-тарау

Әлеуметтану теориясына тарихи шолу: ерте кезең
ды мәселелердің тізімдері: «немқұрайдылық, рухани кедейлік, ластық, нашар 
санитария, пауперизм, қылмыскерлік пен сабырсыздық, әсіресе бірінші кезекте 
сабырсыздыққа» көп назар аударды (Abrams, 1968:39). Ғалымдардың барлық 
әлеуметтік қасіреттердің қарапайым себебін табуға ұмтылғандары анық және 
ең алғашқы айқын мәселе – маскүнемдік. Бұл америолистерге керемет үлгі 
болды, өйткені бұл – қоғамның емес, тұлғаның ауытқушылығы. Америолис тер-
ге әлеуметтік құрылым теориясы, осындай индивидуалды мәселелердің әлеу-
меттік себептері жайындағы теориялары жетіспеді.
Әлеуметтік эволюция. Британ әлеуметтануында әлеуметтік құрылымның 
болмысы анағұрлым күштірек сезілді және ол ХІХ ғасырдың екінші жар-
тысында әлеуметтік эволюцияға деген қызығушылықтың өсуімен байқалды 
(Maryanski, 2005; Sanderson, 2001). Маңызды ықпалдардың бірі – ХІХ ғасыр-
дың 50-жылдарындағы Гарриет Мартино мен Огюст Конттың ағылшын тілі-
не аударылған еңбектері (Hoecker-Drysdale, 2011). Конттың шығармашылығы 
бірден қызығушылық тудыра қоймаса да, ғасырдың соңғы ширегіне қарай бір-
қатар ойшылдар Конттың қоғамның ірі құрылымдары туралы зерттеулеріне, 
ғылыми (позитивті) бағыттарына, салыстырмалы бағыттары мен эволюция-
лық тео рия сына назар аударды. Дегенмен Конт теориясының қайсыбір шектен 
шыққан тұстарына қатысты (мысалы, әлеуметтануды діннің мәртебесіне дейін 
көтеру үрдісі) оппозициялық тұрғыда кейбір британ ойшылдары өздерінің
әлем тұжырымдамасын ұсынды.
Абрамстың пікірінше, Конттың шынайы маңыздылығы оның оппозицияны 
«жәбір көрсетуші кемеңгер Герберт Спенсерге» қарсы қоя алатын базаны қам-
тамасыз етуі еді (Abrams, 1968:58). Позитивті және негативті тұрғыда да Спен-
сер британ әлеуметтану теориясының, әсіресе эволюциялық теорияның басты 
тұлғасы болды (Francis, 2007, 2011; J. Turner, 2000, 2007a).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   596




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет