55
2-тарау
•
Карл Маркс
алшақ тай алатынымызды немесе ығыстыру
нені білдіретінін біле ал-
маймыз. Сондай-ақ «қимыл-қозғалыс күштеріміздің» қайсысын эман-
сипациялық мақсаттарға жету үшін оятуымыз
керек екенін анықтай
алмаймыз. Адам табиғатының анықтамасы,
қаншалықты толық емес
және сенімсіз болса да,
фантастикалық емес, нақты баламаларды із-
деудегі ең қажетті қадам. Біздің «түрлер» туралы әңгімеміз әрі қарай
жалғасатыны сөзсіз».
(D. Harvey, 2000:207)
жағдайын ерекше күйттейтін. Энгельс практик-ойшыл, ұқыпты және мұнтаздай биз нес мен, от-
басы институтына сенбеген адам еді.
Айырмашылықтарына қарамастан, Маркс пен Энгельс
кітап пен мақалаларын ынтымақтаса жазып, радикалды ұйымдарда жұмыс істейтін тығыз одақ
құрады. Ал Энгельс Маркстің интеллектуалдық және саяси тұрғыдан алаңсыз жұмыс істеуі үшін
тіпті оған өмір бойы жәрдемдесіп тұрды.
Маркс пен Энгельс есімдерінің тығыз байланысына қарамастан, Энгельс өзінің кіші серіктес
болғанын былай деп түсіндірді:
«Маркстің өзі де менсіз істей алатын еді. Маркстің тындырған ісіне мен қол жеткізе ал-
мас едім. Маркс жоғарырақ тұрды, көрегендеу болды, басқаларға қарағанда көзқарасы
барлық заттарға кеңірек және жылдам болды. Маркс «данышпан» болды».
(Engels, cited in McLellan, 1973:131–132)
Көп адамдар Энгельстің Маркс еңбектерінің бірталай қырын түсінбегеніне сенеді (C. Smith,
1997). Маркс қайтыс болғаннан кейін Энгельс Маркс теориясының жетекші өкілі болды және
әртүрлі жолмен Маркске саяси тұрғыдан адал болып қалса да, оны түрлі жолмен толықтыр-
ды.
Оның кейбір жазбалары Пруссия үкіметінің
берекесін қашырғандықтан, француз үкіметі
(прус сиялықтардың өтініші бойынша) 1845 жылы Марксті елден қуып жіберді, содан кейін
ол Брюссельге көшті. Радикализмге бет бұрып, халықаралық
революциялық қозғалыстың
белсенді мүшесіне айналды. Ол Коммунистік лигамен байланыста болды және ондағылар
ұйымның мұрат-мүдделерін түсіндіретін құжат (Энгельспен бірге) жазуды өтінді. Нәтижесін-
де 1848 жылы ([1848] 1948)
Communist Manifesto («Коммунистік манифест») дүниеге келді,
бұл жұмыс саяси ұран дарды (мысалы, «Барлық елдердің пролетариаттары, бірігіңдер!») да-
былдатумен ерекшеленді.
1849 жылы Маркс Лондонға көшті және 1848 жылғы саяси төңкерістердің сәтсіздікке ұшы-
рауына байланысты революциялық
белсенділіктен бас тартып, капиталистік жүйенің дамуы
тура лы аса күрделі және егжей-тегжейлі зерттеулерге көшті. 1852 жылы ол капитализмдегі ең-
бек жағдайларына арналған атақты зерттеулерін британ мұражайында бастады. Бұл зерт теу лер
соңында 1867 жылы басылып шыққан
Capital («Капиталдың») үш томына жол ашты, қалған
еке уі қайтыс болған соң жарияланды. Ол
осы жылдар ішінде кедейлікте, өзінің жазбалары
мен Энгельстің қолдауы арқылы өмір сүрді. 1864 жылы
Маркс халықаралық қызметке, жұ-
мыс шылардың халықаралық қозғалысына қосылу арқылы саяси қызметке қайта оралды. Көп
ұза май осы қозғалыстың көсеміне айналып, оған бірнеше жылын арнады. Ол Интернационал-
дың көшбасшысы ретінде де,
«Капиталдың» авторы ретінде де атаққа ие бола бастады. Бірақ
1876 жылы Интернационалдың ыдырауы, әртүрлі революциялық қозғалыстардың сәтсіздікке
ұшырауы және жеке ауруы Маркске әсерін тигізді. Оның әйелі – 1881 жылы, қызы – 1882 жылы,
Маркстің өзі 1883 жылдың 14 наурызында қайтыс болды.