240
II бөлім
•
Қазіргі заманғы әлеуметтану теориясы: негізгі мектептер
атауға болады, олар түрлі мемлекеттер жазушыларының
шығармашылық өрі-
сін кеңейтті, университет қабырғасында пайда болып, тек қоғам алдына емес,
арнайы академиялық аудиторияға да ұсынылды. 1990 жылдары бұл теория
интерсекциялық әдісті қамтыды (P. Collins, 1990). Интерсекциялық теория-
шылар «қысым көрсету мен дискриминация қоғамдық фактімен емес, гендер,
нәсіл, тап, сексуалдыққа және икемділікке байланысты» дейді.
Феминистік теория гендерлік аспектілер мен сексуалдықты кең мағынада
зерттеген еңбектерді қамтыды. Бұл ілімнің үлкен
бөлігі квир теория деп ата-
латын теориялық перспективасынан туындады. Квир теориялар 1990 жыл-
дардың басында түрлі ғылыми конференциялар, саяси ұйымдар мен мақала-
лар жарияланымдарынан туындады. Оның теориялық тамыры феминистік
зерттеулер, әдеби сын, әсіресе әлеуметтік конструктивизм мен постструкту-
рализмді қамтитын түрлі салалардан бастау алды. Сондай-ақ квир теориясы
саясатты да қамтиды, олардың ішінде ACT UP және Queer Nation атты топтар
мен квир саясаттың үлкен жобасы бар. Академиялық тұрғыдан квир теория
Мишель Фуконың, Джудит Батлердің,
Ева Кософски Седвиктің, Тереза де
Лоуретистің ертеректегі еңбектерінен бастау алады.
Квир теориясы нақты интеллектуалды идеяларды қамтиды, біздің кім еке-
німізді анықтамайтын, тұрақты және белгіленген бірегейлік тұжырымдарына
негізделген. Дұрысы, бірегейлік тарихи және әлеуметтік тұрғыда қалыптасқан
ағымдық әрі даулы процесс ретінде де қарастырылады. Бұл тұлғалар дың гей
немесе лесбиян болуы міндет емес. Квир теориясы
гомосексуалды немесе ге-
теросексуалды бірегейлікті түсіндіруге тырыспайды, ол гомосексуалды және
гетеросексуалды ерекшелікке еріктілік, мінез-құлық, әлеуметтік институттар
мен әлеуметтік қатынастар тұрғысындағы білім мен билік феномені ретінде
қарайды. Осылайша, квир теориясы сексуалдықты
басты мәселе ретінде қа-
растырса да, оны зерттеу гейлер мен лесбияндарды зерттеуге қарағанда әл-
деқайда интеллектуалдықты қажет етеді. Расында, квир теориясы әлеумет тік
өмірді тұтастай қарастырады: барлық әлеуметтік институттар мен тұлғалар
жыныстық жекелік және жыныстық көрініс арқылы қалыптасады.
Феминистік мектеп көп жобалы еңбектермен және квир теориясымен те-
ңесе тұрып, адамдарды жыныс пен сексуалдылығына қарай жіктейтін жүйе-
нің күр делілігін сипаттайтын көп деңгейлі бейнені ұсынады. Ол әлемге ген-
дер мен сексуалдылық тұрғысынан қарайды, әлемімізді құру барысында тап,
жас, жыныс, нәсіл, міндетті гетеросексуалдық пен геоәлеуметтік теңсіздіктің
қатынасын анықтайды. Бұл көзқарас толықтай қоғамдық өмір түсінігін өз гер-
теді. Бұл тұрғыда, феминистік теорияшылар әлеуметтану
теорияларына қар сы
шыға бастады, әсіресе оның классикалық үлгісі мен ерте кезеңдегі зерттеулер-
ге қарсылық білдірді.
Достарыңызбен бөлісу: