Алеуметтану тероиясы indb



Pdf көрінісі
бет220/596
Дата14.11.2022
өлшемі16,19 Mb.
#50039
түріОқулық
1   ...   216   217   218   219   220   221   222   223   ...   596
Жүйе және қоршаған орта
Луман айтқан жүйенің кілтін жүйе мен оның ортасы арасындағы айырмашылық 
арқылы табуға болады. Әрбір жүйе белгілі бір ортада орналасып, өзін қоршаған-
дардан шекара арқылы бөлінеді. Шекараның мысалы ретінде, адамның денесі 
мен қоршаған әлемнің арасындағы айырмашылықты айтуға болады.
Адамның денесі – бұл бәрін бірдей есептемегеннің өзінде, басқа адамдар мен 
объектілерден құралған ортада орналасқан жүйе. Шекараның басқа мысалы ре-
тінде ұлттық мемлекеттер арасындағы айырмашылықтарды, атап айтқанда, Құ-
рама Штаттарды, оны қоршаған және өзі де сол жүйеге кіретін ұлттық мемле-
кеттер қауымдастығын айтуға болады. Құрама Штаттар – бұл жүйе болса, онда 
басқа мемлекеттер жиынтығы – ол үшін орта.
Жүйені анықтаудағы Луман ұсынған басты қағида – күрделілік ұғымы. Әлем 
күрделі, бұл дегеніміз, оның әрекеттесумен өзара әрекеттесуге қажетті сансыз 
мүмкіндіктерге толы екенін білдіреді. Шын мәнінде, әлем өте күрделі, сондық-
тан да адамдар осы қиындықтарды жеңетін тәсілдерді таппаса, онда олар әлем-
нен ұтылады. Осыны ескере отырып, Луман жүйелердің, оның ішінде әлеумет-
тік жүйелердің әлемнің осы күрделілігін бәсеңдету үшін қалыптасатын ын айта-
ды. Бұл күрделіліктің жеңілдеуі әлемді шын өмірдегіден де қара пайымдау етіп, 
жүйе мен орта арасындағы айырмашылықтарды азайтады.
Жүйе қандай жағдайда да қоршаған ортадан күрделі емес. Басқа сөзбен айт-
қанда, шекаралар құрып, қоршаған ортаның бөліктерін елемей, жүйе өзіне қор-
шаған ортадан ерекше орын сайлайды. Мысалы, Құрама Штаттар Қытайдың 
сыртқы саясатына қатысты алаңдаушылық білдірсе де, ондағы өнер туынды-
ларының Қытайда жасалып келгеніне және жасала беретініне түбегейлі байла-
нысты емес. Құрама Штаттар қоршаған ортаның күрделілігін азайтып, өзінің 
назарын қоршаған ортаның кейібір аспектілеріне ғана (сыртқы саясат) ауда рып, 
басқа (көркемөнер) салаларына алаңдамайды.
Луманның бұл мәселемен айналысуының тағы бір себебі – жүйенің өзіне қа-
тыс ты ортаның құрамдас бөліктерін өзі таңдайтынында. Бұл көркемөнер туын-
дысы емес, ол тек қана қытайлық сыртқы саясатпен өзара әрекеттесуді қалай ды. 
Алайда жүйе өзінің шегі мен шекарасын нақты анықтайды. Мұндай таңдау жү-
йені кейбір қиындықтарға тап қылады. Қоршаған ортаның құрамдас бөліктерін 
елемеу, оларға салғырттықпен немқұрайды қарау түптің түбінде қатерге алып 


282
II бөлім

Қазіргі заманғы әлеуметтану теориясы: негізгі мектептер
келуі мүмкін (Luhmann, [1986] 1989, 1991). Оқиға тап сол елемеген тұста өршіп, 
ақырында жүйенің қалыптасуына қатер төндіруі ықтимал. Демек, жүйе мұндай 
экологиялық тәуекелдерге алдын ала икемделуге тиісті, жағдай күрделеніп, 
қауіп төндірердей асқына беретін болса, жүйенің өзін қайтадан құруға тура ке-
леді. Эволюция тілімен айтқанда, жүйе ортаның өзгерістеріне бейімделе алады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   216   217   218   219   220   221   222   223   ...   596




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет