Алеуметтану тероиясы indb



Pdf көрінісі
бет221/596
Дата14.11.2022
өлшемі16,19 Mb.
#50039
түріОқулық
1   ...   217   218   219   220   221   222   223   224   ...   596
Аутопоэзис
Луман өзінің аутопоэзис туралы ойларымен белгілі.
13
Ол бұл тұжырымдаманы 
биологтер Умберто Матурано мен Франциско Вареладан (1980) алды. Ауто по-
эзис (аutopoiesis) – бүкіләлемдік жүйеде биологиялық клеткалардың түрлі жү-
йелерін анықтау үшін қолданылып келе жатқан атау, мұны Луман басқалары-
мен қатар, экономика (1988), саяси жүйе, құқықтық жүйе (1993 жыл), ғылыми 
жүйе (1990) мен бюрократияны анықтау үшін қолданды. Бұл атау гректің клас-
сикалық «poiesis» сөзінен алынып, іс-әрекет процесін, ал «auto» сөзі мен дегенді 
білдіреді. Осылайша, аутопоэзис жүйелердің өзіндік дербестігін немесе кеңінен 
алып қарағанда, өз бетінше тіршілік ететінін, яғни өздігінен қалыптасатынын 
айқындайды. Жүйенің эволюциясы мен дамуын анық тайтын жүйеде басқа мән 
жоқ. Басқаша айтқанда, жүйе ақыр соңында өзінің қалыптасуы мен дамуына өзі 
жауап береді. Біз алдыңғы талқылауларда жүйелердің аутопоэтикалығын көр-
сететін қарапайым мағынаны сипаттадық. Онда біз қоршаған орта мен арадағы 
айырмашылықтар туындаған жағдайда ғана жүйенің түзілетінін тілге тиек ет-
кенбіз. Яғни жүйе өзі мен қалған әлем арасын дағы шекараны белгілегенде ғана 
өзін шын мәнінде құрылым ретінде қалыптастырады.
Оның аутопоэзиске назар аударуы, әлеуметтік жүйелердің өзара байла ны-
сының бірқатар ерекшеліктерін көрсетеді. Өзіндік дербес мәндер ретінде әлеу-
меттік жүйелер өзін -өзі бейнелейді (Esposito, 1996). Басқаша айтар болсақ, бұл 
жүйелер өзін-өзі бақылай алады; олар кері байланыс механизмі негізінде жұмыс 
істейді. Жүйе құрылымдарды түзіп, содан соң олардың дұрыс жұмыс істеуін 
қамтамасыз ету үшін өзін де және өзінің құрылымдарын да үнемі «тексеріп оты-
рады». Гарольд Гарфинкель (10-тарау) мен Энтони Гидденс (13-тарау) сияқты 
басқа ойшылдар өзін-өзі бақылау қызметін рефлексивтілік деп атайды. Осылай-
ша, жүйелер құрылымдарды қалыптастырып, сонымен қатар оларды бақылауға 
мүмкіндік беретін механизмдерді жасайды. Луманның айтуынша, жүйе өзін құ-
райтын элементтерді жасайды. Элементтер – жүйенің құрылыстық блоктары. 
Мысалы, көптеген әлеуметтік жүйелер дін мен саясат сияқты институттарды 
жіктейді. Бұл мекемелер түрлі элементтерден тұрады. Діни мекемелерде эле-
менттер қасиетті заттарды, рәсімдерді және сенім жүйелерін қамтиды. Әрбір 
элемент діни мекеменің өмір сүруін жалғастыруы үшін өте қажет.
Сонымен Луман аутопоэтикалық жүйелердің тұйық екенін айтады. Бұл 
жүйе мен орта арасында тура байланыстардың жоқ екенін білдіреді. Оның есе-
сіне, жүйе өзінің қоршаған орта туралы түсініктерін сараптап зер делейді. Бұған 
қарамастан, жүйелер теориясы біз айтқан жағдайлардан да терең әрі күрделі 
сияқты болып көрінеді. Жүйелер қоршаған ортадан күрделі емес. Алайда про-
цедураны жеңілдету жүйеге оңай соқпайды. Мәселе, жүйенің қоршаған ортадан 
да қарапайым бола бастағанынан емес, сондай-ақ жеңілдік жасауға мүмкіндік 
беретін қандай да бір механизм болуы тиіс. Әлеу меттік жүйелерге келер болсақ, 
ортаның күрделілігін жеңілдететін механизм дер – реляциялық, реляциондық 
немесе коммуникациялық болып бөлінеді. Сөздер, бейнелер, ойлар, диаграмма-


283
7-тарау

Құрылымдық функционализм, жүйелер теориясы және конфликт теориясы 
лар, символдар, т.б. арқылы жүйе күрделі ортаны түсінікті бейнеде қайтадан 
басқаша қабылдайды. Қысқаша айтқанда, жүйе қоршаған ортаның өзіне нақты 
да түсінікті қарапайым бейнесін жасау арқылы қалыптасады.
Осының барлығынан маңыздысы – жүйе өзінің меншікті құрылымы мен эле-
менттерін өз бетінше қалыптастыра алады. Бұған қоса, аутопоэзис жүйенің өзін 
үнемі қайтадан жасап, қалыптастырып отырады. Бұл түсінік Луманды өзіне дейінгі 
Толкотт Парсонс сияқты құрылымдық функционалистерден ерек шелеп тұрады. 
Ертеректегі функционалистер әлеуметтік жүйелердің өмір сүруін өзінен-өзі болуға 
тиісті жағдай деп есептеді; құрылымдардың кейбір түрлері әмбебап әрі ауыспа-
лы болды. Бірақ Луман аутопоэтикалық жүйе құрамдарының ешқашан қайта-
ланбайтынын айтады. Ол әрдайым жаң ғырып отыруы тиіс. Бұл қоғамдық өмір 
оның мүшелерінің тұрақты жетістік терінен құралатыны жайлы этноәдіснамалық 
идеяға (қараңыз: 10-тарау) өте ұқсас. Өзінің және адамдардың әрекеті арқылы 
әлеуметтік жүйелер өздері өмір сүретін құрылымдарды кеңірек ауқымда қалып-
тастырады. Бір жағынан, бұл әлеуметтік жүйе жасалуының өзгешелігін білдіреді
ал Луман болса, ойға сыймайтын жетістіктерді болжайды. Басқа жағынан алып 
қарағанда, бұл әлеуметтік жүйелердің біршама бейімделгіштігін көрсетеді. Өйт-
кені олар ылғи да өздерінің құрылымдары мен элементтерін жасақтайды, соны-
мен қатар бұл элементтерді қоршаған ортаның талаптарына сай өзгерте алады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   217   218   219   220   221   222   223   224   ...   596




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет