Алеуметтану тероиясы indb


Бүгінгі сыни теория: Аксел Хоннет (Axel Honneth)



Pdf көрінісі
бет247/596
Дата14.11.2022
өлшемі16,19 Mb.
#50039
түріОқулық
1   ...   243   244   245   246   247   248   249   250   ...   596
Бүгінгі сыни теория: Аксел Хоннет (Axel Honneth)
Хабермас бүгінгі әлеуметтік ойшылдардың ең көрнекті тұлғасы саналған-
мен, заманауи шындықтарға жақсы бейімделген сыни теорияны дамыту жо-
лындағы күресте жалғыз болған жоқ (see, for example, the various essays in 
Wexler, 1991; Antonio and Kellner, 1994). Кастеллс (1996) жаңа «ақпараттық 
қоғамның» сыни тео риясын жасаудың маңызын айқындады. Осындай ізбасар-
лардың бірі – Аксел Хоннеттің еңбегімен жақынырақ танысу үшін оның күрес 
туралы шығармашылық ойларын қысқаша талқылайық.
Аксел Хоннеттің идеялары.
Юрген Хабермастың шәкірті Аксел Хоннет 
(1949 ж.) – Франкфурт әлеуметтік зерттеулер институтының қазіргі директо-
ры. Зейнетке шыққан Хабермас сияқты, Хоннет те бүгінде жетекші сыни тео-
рияшыл ретінде кең танымал. Бұл мәртебеге ол сыни мектептің жұмыстары-
на, сонымен қатар Хабермастың да еңбектеріне сүйене отырып қол жеткізді, 
әйт кенмен оларды сынайтын теориялық позицияны да ойлап тапты (Honneth, 
[1985] 1991, [1990] 1995, [1992] 1994, [2000] 2007, 2008).
Алдындағылардың сыны сияқты Хоннеттің өзінің теориялық көзқарасы 
да сыни теорияның басты талаптарына негізделген. Біріншіден, ол күнделікті 
өмірде бар практикалық сын-пікірлерге сүйену керек. Хоннеттің пайымдауын-
ша ([1990] 1995:xii), әлеуметтік феноменнің түсіндірілуі «сынның практика-
лық аспектісі сыни түсінудің құрылымдық талабы ретінде пайда болатындай» 
етіп жасалу қажет. Екіншіден, сыни теория адамдарды үстемдіктен азат ету мен 
шынайы өмірдегі қысымшылықтан құтқарудың жолдарын іздестіреді, яғни 
дәстүрлі марксизм тұрғысынан алғанда, сыни теорияның теорияға да және тә-
жірибеге де интеграциялық қызығушылығы болу керек. Ол «тарихи үдерісте 
өзін-өзі сынға ала отырып, билік нысандарын жеңуге ықпал ететін қоғамның 
қозғаушы күшін анықтау» үшін іздену керек (Honneth, [1990] 1995:xii). Демек, 


318
II бөлім

Қазіргі заманғы әлеуметтану теориясы: негізгі мектептер
сыни теорияның эмансипациялық мүддесі қоғамның өз ішінен (имманентті) 
туындамақ.
Классикалық сыни теорияға, әсіресе Хоркхаймер мен Адорноның нұсқа-
ларына тән негізгі мәселе – оның капиталистік әлемге деген толығымен бас-
қарылатын көзқарасы негативизмге әкелгені. Сыни теория күнделікті әлемде 
және сыни теорияның өзінде де тәжірибелік сын мен эмансипациялық мүм-
кіндіктерге үміт қалдырмады
. 
Хоннет (1990) 1995:xii) сыни теорияны «капиталистік үстемдік пен мә дени 
манипуляция арасындағы тұйық шеңбер» деп санайды, «бұл олардың әлеу-
меттік шынайылығында моральдық-тәжірибелік сыни аймақ үшін кеңістік 
болмайды». Бұл Хоннетті бүгінде сыни теория үшін де, Хоннеттің өзі үшін де 
басты мәселе «әлеуметтік үстемдік құрылымымен қалай әрекет ету, сондай-ақ 
оның тәжірибелік трансформациясы үшін әлеуметтік ресурстарды анықтау» 
деген қорытындыға әкеледі (Honneth, [1990] 1995:xiii).
Бұл тұрғыда Хоннет Хабермастың коммуникациялық теориясын бір қадам 
алға басқандық деп бағалады, өйткені ол бізге күнделікті өмір мен қарым-қа-
тынас жасаудың және оны қабылдаудың жолын ұсынды. Осы әлемдегі «өзара 
әрекеттесудің нормативтік болжамдар формасында моральдық тәжірибе қаба-
ты бар... Ол имманентті, сонымен қатар сынға түсетін сәтте есептеу нүктесі 
болады» (Honneth, [1990] 1995:xiii). Бірақ ақыр соңында Хоннет Хабермастың 
еңбектерінен, әсіресе күнделікті өмірде моральдық реакциялар мен сезімдерге 
қалай қол жеткізуге болатыны туралы қажетті ақпаратты таба алмады. Сон-
дықтан Хоннет Хабермастың еңбегіне сүйенуге мәжбүр болды, бірақ зерт теуін 
одан гөрі тереңдетіп, басқа бағытта өрістетуге талпынды.
Хабермас коммуникациямен айналыса бастаған кезде, Хоннет адамдар мен 
ұжымдардың бірегейлікті мойындауына баса назар аударады. Сыни теорияға 
сай, ол өздерімен санасуды талап етіп шағымданушыларға жасалатын зорлық-
зомбылық, басқа да әділетсіздікке қарсы күресуге ниет білдіреді. 
Адамдар мен топтар саяси қарсылыққа дерексіз моральдық принцип сал-
дарынан емес, «іс-тәжірибедегі нақты зорлық-зомбылық әсерінен» қосылады 
(Honneth, [1990] 1995:xiv). Демек, олар өздерін мойындауға, санасуға лайық-
пыз деп санайды. Олар оны қабылдамаса, әділетті ойын шарты бұзылып, әді-
летсіздік танытқандарға қарсы шығады. Сондай-ақ «бұл адамгершілік тұр ғы-
сынан әлеуметтік мойындауға, жеке немесе ұжымдық наразылықтарға қатыс-
ты зорлық-зомбылық, моральдық әділетсіздік ретінде айыпталады» (Honneth, 
[1990] 1995:xv). Сыни теорияшылар, соның ішінде Хоннет күнделікті әлеу-
меттік әлемнен өздерінің моральдық көзқарастарын іздейді. Бұл – «әлеу мет-
тік сынды моральдық тұрақтылықпен» қамтамасыз ететін күнделікті әлем 
(Honneth,[1990]1995:xv). 
Хоннет еңбегінің негізінде Гегельдің «танылу (мойындау) үшін күрес» 
(the struggle for recognition) идеясы жатыр. Хоннет Гегельдің идеяларын тек 
мойындау ұғымына көңіл бөлу үшін ғана пайдаланбайды, сондай-ақ Хоннет 
Гегельдің идеяларын сезімдерді мойындауға назары үшін ғана емес, сонымен 
қатар олар моральды адамдардың моральдық сезімдерімен байланыстырып, 
мойындалудың жетіспеушілік сезімінің әлеуметтік әрекеттер мен әлеуметтік 
қақтығыстарға қалай әкелетінін зерттегенімен қызықты деп тапты. Адам әрқа-
шан басқалардан өзіне деген құрмет сезімін күтеді, егер ондай болмаған жағ-
дайда жайсыз күйге түсіп, қорлану сезімін бастан кешеді.
Адам бойында өзінің лайықты бағаланбауына байланысты наразылық сезі-


319
8-тарау

Неомарксистік теорияның әралуандығы
мі ғасырлар бойы қалыптасты, сонымен қатар қазіргі қоғамда да танылу дағ-
дарысы секілді құбылыстың күшеюі әбден мүмкін. Мәселен, белгілі бір топтар 
(especially for women; see Honneth, [2000] 2007:75–77; Rossler, 2007) үшін өз 
еңбегінің мойындалуына қол жеткізу оңай емес. Жалпы алғанда, әртүрлі инс-
титуттардың (мысалы, отбасы, жұмыс) адамдарды мойындау жүйесін құру қа-
білетінің әлсірегені байқалады. 
Нақтырақ айтқанда, Гегельдің ұстанымы бойынша, адамдар басқалардың 
өздерін мойындаудың үш түріне мұқтаж. Біріншісісүйіспеншілік немесе 
адамның қажеттіліктері мен эмоцияларын қамтамасыз ету. Адамдар осындай 
мойындауды сезінгенде өзіне сенімді болады. Екіншісі – адамның мораль-
дық-құқықтық беделін құрметтеу, бұл өзін-өзі құрметтеуге әкеледі. Үшінші-
сі – адамның әлеуметтік жетістіктері үшін құрмет, бұл өзін-өзі бағалау деген 
сөз (Van den Brink and Owen, 2007). Мойындалудың бұл нысандары субъек т ара-
лық түрде жасалынады және сақталады (Мидтің көзқарасынан туындаған). 
Демек, осы тұрғыда қарым-қатынас жасау үшін (және өз-өзіне деген сенім-
ділік, өзін-өзі құрметтеу және өзін-өзі бағалау) адамдар басқалардың құр-
метіне бөленуі керек. Сайып келгенде, «танылу қарым-қатынастары біздің 
моральдық субъек тивтігіміздің және агенттігіміздің қажетті шарты болып 
табылады» (Van den Brink and Owen, 2007:4–5). Адамдар өздерінің адам ре-
тіндегі толық дербестігін тек осылай өзіне деген құрметті сезіну арқылы жү-
зеге асыра алады.
Адамдар өздеріне лайықты дәрежеде мойындалмаған жағдайда қадірсіздік 
(Honneth, [2000] 2007) қалыптасады, бұл олардың тиісті тұлғалық бірегейлік 
қасиетін қалыптастыруға нұқсан келтіреді.
Қадірсіздік байқалмайтын елеусіз сезім емес, бірақ осы сезімдер белгілі 
бір мойындау нысандарына лайықты нормативті стандартқа негізделген, ең 
бастысы, олар сүйіспеншілікке, құрметке және бағалануға лайық. Конфлик-
тілер мен қарсылықтар нормативтік жүйеге сай лайықты дәрежеде таныл-
мау салда рынан туындауы мүмкін. Осындай нормативті стандарттың болуы 
әрекетке түрткі болып қана қоймайды, сонымен қатар аутсайдерлерге/тыс-
қарыларға (сыни теорияшыларды қоса алғанда) мойындалуға қатысты нақты 
талпы ныстарды бағалау үшін белгіленген нормаларды пайдалануға мүмкін-
дік береді. Осылайша, Хоннет танылу туралы талпыныстарды бағалау үшін 
объективті нүктені (Архимед нүктесін) қолымызға ұстатады, себебі осы тал-
пыныстардың легитимдігі туралы біздің пайымдарымыз дәлелсіз болмауы 
керек.
Хоннеттің сыни теориясында, кем дегенде, басты төрт қателік бар. Бірінші-
ден, кейбір сыншылар мойындалудың әлеуметтік және этикалық теорияның 
негі зінде жатқанына күмән келтіреді: мұндай мойындалу Хоннет айтқандай 
маңыз ды ма? Маркс теориясындағы жұмыс және еңбек сияқты немесе Ха-
бермас теориясындағы қарым-қатынас секілді соншалықты өзекті мәселе ме? 
Нанси Фрейзер әлі күнге дейін жалғасып келе жатқан пікірталаста мойында-
луға экономиканың қайта бөлу мәселесі сияқты шұқ шия назар аударғаны үшін 
Хоннетті сынға алды (Fraser and Honneth, 2003). Екіншіден, Хоннеттің ойлап 
тапқан монистикалық теориясына қатысты күмән бар: танылу шын мәнінде 
маңызды ма? Үшіншіден, кейбіреулер ойлағандай, танылудың үш негіздемесі 
бар ма деген сұрақ туындайды: неге көп немесе аз емес? Төртіншіден, Хоннет 
теориясындағы билік әрекеттерін түсіну қиындық тудырады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   243   244   245   246   247   248   249   250   ...   596




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет