541
13-тарау
•
Микро-макро және агенттік-құрылымдық
интеграция
болатын (Elias, [1939] 1994:118). Ал XVI ғасырда оқырмандарға төмендегідей
кеңес берілген: «Сондай-ақ сіңбіріп болған соң, қол орамалға кеңсірігіңізден
інжу-маржан, лағыл тастар түскендей тесіле қарау жараспайды» (Elias, [1939]
1994:119). Алайда XVIII ғасырдың соңына қарай мұндай ұсақ-түйек заттарды
жүріс-тұрыс ережелері туралы кітаптарда жазудан аулақ болды: «Мұрынға бай-
ланысты кез келген бейбастақ әрекет ыңғайсыздық туғызады.
Саусақпен мұрын
шұқу – жиіркенішті, әдепсіздік... Сіңбірер алдында әдептілік пен тазалықтың
барлық ережесін сақтауыңыз қажет» (Elias, [1939] 1994:121). Элиас айтпақшы:
«Үнсіздіктің жасырын келісімі кеңінен таралуда» ([1939] 1994:121). Бір немесе
екі ғасыр бұрын ашық талқыланған нәрсе қазіргі күні байыппен қарастырыла-
ды немесе мүлдем айтылмайды. Сіңбіруге және басқа да көптеген әрекеттерге
қатысты «ұялшақтықтың шегі» жылжыды. Бұрынғы кезде ұятты болып есеп-
телмеген әрекеттер үшін ұят сезімі күшейді (мысалы, сіңбіру, жел шығару).
Адамдар арасында шектеулер орнауда, сондықтан да басқа адамдардың алдында
жасауға болатын әрекеттерге қазіргі күні тыйым салынады.
Жыныстық қарым -қатынас. Элиас дәл сол жалпы бағытты жыныстық қа-
рым-қатынастарға да қатысты сипаттайды. Орта ғасырларда көптеген адамдар
жазды, бұл еңбегі 1939 жылы неміс тілінде жарияланған болатын. Германияда еврей авторлары
үшін кітап нарығы қол жетпейтіндей болғандықтан, Элиас бұл басылым үшін қаламақысын сол
бойы алмады.
Бұдан бөлек, басқа елдерде де бұл кітапқа аса қызығушылық туындамады.
Соғыс уақытында және ол аяқталғаннан кейін де он жыл бойы Элиастың тұрақты жұмыс орны
болмады, ол Англияның ғылыми ортасынан тыс қалды. Алайда 1954 жылы екі академиялық қыз-
мет ұсынды. Олардың бірі Лестерде болды, Элиас соны таңдады. Ол ресми ғылыми қызметін
57 жасында бір-ақ
бастады. Лестерде оның ғылыми қызметі ойдағыдай өрістеді, көптеген ма-
ңызды еңбектері жарияланды. Әйтсе де көп өтпей Элиастің Лестердегі жұмысынан көңілі қалды,
себебі ол кезде әлеуметтануда үстем болып тұрған статикалық сипаттағы бағыттарға (Толкотт
Парсонсқа және басқаларға тән) балама болатын эволюциялық бағытты ғылымға орнықтыру
әрекеті іске аспады. Ол сондай-ақ бірнеше оқушының өз көзқарастарын ұстанғаны үшін де рен-
жиді; сөзі желге ұшқан зерттеуші күйін Лестерде де басынан кешті, оқушылар оны эксцентрлік
«өткеннің дауысы» деп санаған (Mennell, 1992:22). Әрдайым шетқақпай көрген ғалым бұл сезім-
нен тіпті түсінде де арыла алмады. Элиас телефон трубкасындағы «Сіз қаттырақ сөйлей аласыз
ба? Мен сізді естіп тұрғаным жоқ» деп қайталай беретін түсіндегі дауыс туралы айтады (Mennell,
1992:23). Бір қызығы, Лестерде қызмет атқарған жылдары Элиастың
бірде бір кітабы ағылшын
тіліне аударылмаған, ал ол кездері ағылшын әлеуметтанушыларының
ішінде неміс тілін еркін
игергендер өте аз болды.
1950–1960 жылдары Еуропада, әсіресе Голландия мен Германияда Элиастың еңбектері таныла
бастады. 1970 жылдары ғалым тек еуропалық ғылыми ортада ғана емес, сондай-ақ қоғамдық
ортада мойындалды. Өмірінің соңында бірқатар марапатқа, соның ішінде құрметті доктор дә-
режесіне ие болды. Ғалымның құрметіне орай мерейтойлық жинақ және мұрасына арналған
Theory, Culture and Society журналының арнайы қос шығарылымы жарияланды.
Көпшілік Элиасты әлеуметтанушы ретінде мойындаса да (оларға бұл кітапта орын жайдан-жай
бөлінген жоқ), еңбектерін қабылдау кешеуілдеп жатты. Яғни постмодернистік ойлаудың дамуы
әлеуметтанушыларды кез келген ұлы нарративке күмән келтіруге мәжбүр етті, ал Элиастың
«Өркениет процесі» деген негізгі еңбегі – ескі үлгідегі ұлы нарратив (Dennis Smith, 1999). Яғни ол
Батыстағы өркениеттің ұзақ мерзімді тарихи дамуымен (көпшілік мойындаған қайталаулар мен
ағымдармен бірге) байланысты болды. Постмодернистік ой Элиастың ғылыми мұрасына деген
қызығушылықты жоюы мүмкін.
542
II бөлім
•
Қазіргі заманғы әлеуметтану теориясы:
негізгі мектептер
үшін еркектер мен әйелдердің түнді бір бөлмеде өткізуі қарапайым нәрсе болды.
Жалаңаш ұйықтау ерсі көрінбеді. Алайда уақыт өте келе қарама-қарсы жыныс
адамдарымен бір бөлмеде киімсіз отыру ұят нәрсеге айнала бастады. Элиас «мә-
дениетсіз» сексуалды жүріс-тұрыстың мысалы ретінде орта ғасырларда пайда
болған үйлену салттарын келтіреді.
«Жас жұбайлар бөлмесіндегі рәсімді шафер (күйеу жолдас) басқарады.
Тұрмысқа жаңа шыққан қызды қалыңдықтың құрбылары шешіндіреді; ол
барлық әшекейлерін шешуі тиіс. Жас жұбайлардың төсегі куәгерлердің
көзінше
жайылуы керек, сонда некелері заңды күшіне ие болады. Олар-
ды «бірге жатқызады». «Төсек-орын біреу, демек, күйеуі мен әйелі» де-
ген мәтел бар еді. Орта ғасырдың аяғында бұл дәстүрдің өзгергенін жас
жұбайларға төсекте киіммен жатуға рұқсат берілгенінен көруге болады...
Абсолютті Францияның өзінде күйеу мен қалыңдықты төсекке қонақта-
ры шығарып салып, оларды шешіндірген және түнгі жейделерін берген».
(Elias, [1939] 1994:145–146)
Мәдениеттің дамуына қарай бұл талай өзгеріске ұшырағаны анық. Бүгінде
жас жұбайлардың төсегінде болып жатқанның барлығы жасырын, «сахнаның
артында» және бақылаушылардың назарынан тыс.
Сексуалды өмірлері қо-
ғамдық өмірден тыс шығарылып, отбасы шеңберінде бөлек өтеді.
Элиас
The History of Manners («Мәнер тарихы»)
кітабында адамның ойлау,
әрекет ету және өзара әрекеттесу тәсілдеріндегі өзгерістерді қарастырады. Ол
кейде «тұлға құрылымындағы» өзгерістер жайлы жалпылай айтады. Бірақ
Элиас тек тұлғалық тұрғыдағы өзгерістерді ғана суреттемейтіндей көрінді: ол
адамдардың іс-әрекеті мен өзара қарым-қатынасындағы өзгерістерді көрсетеді.
Жалпы алғанда,
«Мәнер тарихы» кітабында негізінен микродеңгейдегі аспек-
тілер қарастырылады деп айтуға болады. Алайда
екі маңызды фактор осындай
түйін жасауға кедергі келтіреді. Біріншіден,
«Мәнер тарихы» кітабында Элиас
ілеспелі макродеңгейлі өзгерістерге (мысалы, сарайдағы) жиі көңіл аудара-
ды және «жеке тұлға мен қоғам құрылымдары өзара байланыста үздіксіз да-
мып отырады» деп тұжырымдайды (Elias, [1968] 1994:188). Екіншіден,
«Мәнер
тарихы» кітабы макродеңгейдегі өзгерістерге аса
назар аударатын Power and
Civility («Билік пен өркениет»)
кітабымен бірге жүреді деген саналы ойға негіз-
деліп жазылған. Элиас микро- және макродеңгейлердің дихотомиясынан аулақ
болуды қаласа да,
The Civilizing Process («Өркениет процесі») еңбегі екі томнан
құралған. Олардың бірі басты назарды микромәселелерге, ал екіншісі макросұ-
рақтарға аударады.
Достарыңызбен бөлісу: