Алеуметтану тероиясы indb


13-тарау • Микро-макро және агенттік-құрылымдық интеграция Агенттік-құрылымдық интеграцияның негізгі мысалдары



Pdf көрінісі
бет388/596
Дата14.11.2022
өлшемі16,19 Mb.
#50039
түріОқулық
1   ...   384   385   386   387   388   389   390   391   ...   596
547
13-тарау

Микро-макро және агенттік-құрылымдық интеграция
Агенттік-құрылымдық интеграцияның негізгі мысалдары
Құрылымдау теориясы. Агенттік пен құрылымдық интеграцияның аса 
әйгілі және айқын мысалдарының бірі – Энтони Гидденстің құрылымдау 
теориясы (Bryant and Jary, 2011; I.Cohen, 1989, 2005; Craib, 1992; Held and 
Thomp son, 1989). Гидденстің тұжырымдауы бойынша, «әлеуметтік ғылымдар 
немесе тарих саласындағы кез келген ғылыми-зерттеу әрекет [агенттіктің 
синонимі ретінде жиі қолданылады] пен құрылымды біріктірумен айналыса-
ды... Құры лым әрекетті «анықтайды» немесе тұжырымдаудың мағынасы жоқ»
(Giddens, 1984:219).
Гидденс марксист болмағанына қарамастан, марксистік теория оның шығар-
машылығына әсер етті, ал ол өзі The constitution of Society («Қоғам конституция-
сы») атты еңбегін Маркстің негізінен интегративті сипатқа ие пікірлерінің бірі 
туралы толық пайымдау деп санайды: «Адамдар тарихты өздері жасайды, бірақ 
өздері қалағандай немесе ойларына келгендей жасамайды; кездейсоқ тап болған, 
бұрыннан салынған жолмен жасайды» (K. Marx, [1869]1963:15).
8
Макрстің теориясы – құрылымдау теориясының көптеген қайнар көзінің бі-
реуі ғана. Қалай болғанда да, Гидденс аса маңызды теориялық бағыттарды тал-
дап, сыни түрде қарастырып шықты және олардан бірқатар пайдалы идеяларды 
алды. Құрылымдау теориясы ерекше эклектикалы; Крейб (Craib, 1992:20–31) 
Гидденс тұжырымдамасына тән негізгі тоғыз басымдықты белгілейді.
Гидденс индивидтен/агенттен шығатын (мысалы, символикалық интерак-
ционизм) немесе қоғамнан/құрылымнан шығатын (мысалы, құрылымдық 
функ цио нализм) көптеген теорияларды зерттейді және осы қарама-қарсы ба-
ламалардың екеуін де қабылдамайды. Оның пайымдауынша, біз «қайталана-
тын әлеуметтік тәжірибелерден» бастауымыз керек (Giddens, 1989:252). Ол өз 
пікірін дәйектеп, былай деп жазады: «Құрылымдау теориясына сәйкес, әлеу-
меттік ғылымдардағы зерттеудің негізгі саласы – индивидуалды актордың тә-
жірибесі емес және әлеуметтік тұтастықтың қандай да бір формасының бар 
болуы емес, бұл – уақыт пен кеңістікте ретке келтірілген әлеуметтік прак тика-
лар» (Giddens, 1984:2).
Шын мәнінде, әлеуметтік тәжірибелерді жинақтаған Гидденстің құрылым-
дау теориясы – агенттік пен құрылым арасындағы өзара байланыс теориясы. 
Ричард Дж. Бернстайн: «Құрылымдау теориясының ең негізгі өзегі агенттік пен 
құрылымның қосарлануы мен диалектикалық өзара әрекеттесуін түсін діруге 
арналған», – деп санайды (Bernstein, 1989:23). Яғни агенттік пен құрылымды 
бір-бірінен бөлек қарастыруға болмайды; бұл – бір медальдың екі жағы. Гид-
денстің тілімен айтсақ, олар қосарлы. Кез келген әлеуметтік іс-әрекет құрылым-
ды қамтиды, ал кез келген құрылым әлеуметтік іс-әрекетке байланысты болады. 
Агенттік пен құрылым адамның күнделікті іс-әрекетінде немесе тәжірибесінде 
тығыз байланысқан.
Жоғарыда айтып өткендей, Гидденс үшін аналитикалық бастапқы нүкте 
адамдар тәжірибесі болып саналады, алайда ол оларды рекурсивті деп түсіну-
ді талап етеді. Басқа сөзбен айтқанда, әрекет «әлеуметтік акторлардан туын-
да майды, өздерін акторлар деп көрсетуге көмектесетін құралдардың көмегі-
мен қайта құрылып тұрады. Бұл әрекеттерде және агенттер олар арқылы осы 
іс-әрекеттерді мүмкін ететін жағдайларды жасайды» (Giddens, 1984:2). Іс- 
әрекеттер сана, шындықтың әлеуметтік құрылуы және әлеуметтік құрылым ар-
қылы да жасалмайды. Шындығында, адамдар өздерін акторлар ретінде көрсетіп,


548
II бөлім

Қазіргі заманғы әлеуметтану теориясы: негізгі мектептер
тәжірибеге қатысады және сана да, құ рылым да дәл осы тәжірибе арқылы туын-
дайды. Құрылымның рекурсивті сипатын талдай келе, Хелд пен Томпсон: «Құры-
лым процесс барысында және ол ұйымдастырған оқиғаға тіркеулі тәжірибелердің 
реттілігімен қайта құралады», – деп (Held and Thompson, 1989:7) жазады. Дәл 
осыны сана турасында да айтуға болады. Гидденс үшін сана немесе рефлексив-
тілік қызық. Алайда, оның ойынша, индивидуалды актор өзін рефлексивті түр-
де жай ғана қабылдамайды, сондай-ақ ол әрекеттер мен құрылымдық шарттар-
дың үзіліссіз ағынын бақылауға қатысады. Бернстайн «агенттік өзі әлеуметтік 
құрылымдарға рефлексивті және рекурсивті түрде қосылған» деп пайымдайды 
(Bernstein, 1989:23). Жалпы алғанда, Гидденс диалектикалық процесті қарасты-
рады деп айтуға болады, ал бұл процестің барысында тәжірибе, құрылым және 
сана туындайды. Гидденс осылайша тарихи, процессуалды және динамикалық 
тәсілдерді қолданып, агенттік пен құрылым мәселелерін зерттейді.
Әлеуметтік акторлар ғана емес, сондай-ақ оларды зерттейтін әлеуметтану-
шылар да рефлексивті. Бұл идея Гидденсті оның «қос герменевтика» туралы 
әйгілі пікірлеріне саяды. Әлеуметтік акторлар да, әлеуметтанушылар да тілді 
пайдаланады. Акторлар тілді өздерінің әрекеттерін түсіндіру үшін, ал әлеумет-
танушылар өз кезегінде тілді әлеуметтік акторлардың әрекеттеріне түсінік беру 
үшін қолданады. Осылайша, тұрмыстық және ғылыми тіл арасындағы өзара 
байланысқа көңіл бөлу қажет. Әсіресе әлеуметтанушы ғалымның әлеуметтік 
әлемді түсінуі оның зерттеп жатқан акторларды түсінуіне әсер ете алады деген 
фактіні ұғыну керек. Әлеуметтанушылар осындай жолмен өздері зерттейтін 
әлемді өзгертіп, бұрмаланған нәтижелер мен қорытындыларға келуі мүмкін.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   384   385   386   387   388   389   390   391   ...   596




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет