96
I бөлім
•
Классикалық әлеуметтану теориясы
Дюркгейм Францияда өмір сүрген кезеңде моральдық дағдарыстың кең
етек жайғаны байқалады. Француз революциясы дәстүрлі билік пен діни се-
німге қауіп төндіреді деген қорқынышпен, қоғам адам құқықтарына қатты
алаңдаушылық танытты. Бұл үрдіс революциялық үкімет құлағаннан кейін
де жалғасты. ХІХ ғасырдың ортасына қарай жұрттың көбі өздері жайлы ғана
ойлады. Француз революциясы мен Дюркгейм идеяларының пісіп-жетілуі
арасындағы 100 жылға таяу мерзімде Франция үш монархия, екі империя
және үш республикалық кезеңді бастан өткерді. Бұл режимдер 14 конститу ция-
ны дүниеге әкелді. Моральдық дағдарыс сезімі 1870 жылы Францияның Прус-
сиядан жеңіліске ұшырап, Пруссияның Дюркгеймнің туған жерін жаула уы мен
үндес туындады. Одан кейін Париж Коммунасы
2
деп аталатын қысқа мерзімді
зорлық-зомбылықты төңкеріс болды. Бұл жеңіліс пен одан кейінгі көтеріліс қо-
ғамда кең таралған индивидуализмге әкелді.
Огюст Конт «осы оқиғалардың едәуірі еңбек бөлінісінің артуына әсер етуі
мүмкін» деп мәлімдеді. Қарапайым қоғамда адамдар, негізінен, бірдей іспен
айналысады, жұмыс барысында жинақталған тәжірибесімен бөліседі, яғни қо-
ғам мүшелерінде ортақ құндылықтар қалыптасады. Заманауи қоғамда бар лы ғы
керісінше, әркім әртүрлі жұмыспен айналысады. Адамдарға түрлі мамандан-
дырылған тапсырмалар берілген соң, олар өзара ортақ тәжірибемен бөлісуді
тоқтатады. Бұл әртүрлілік қоғам үшін қажетті ортақ моральдық құн дылықтар-
ды бұзады. Демек, адам әлеуметтік қажеттіліктерін құрбан ет пейді. Конт әлеу-
меттануға әлеуметтік ынтымақтастықты қалпына келтіретін псевдо-дін жа-
сауды ұсынды. Шын мәнінде, «Қоғамдағы еңбек бөлінісі».
Конттың талдауын
(Gouldner, 1962) терiске шығарды деп қарауға болады. Дюркгейм, еңбек бөлі-
нісі әлеуметтік моральдың жаңа түрі ретінде қабылданатындықтан, әлеуметтік
моральдың жоғалуы мүмкін емес екенін айтады.
«Қоғамдағы еңбек бөлінісі».
тезисі заманауи қоғамда ұқсас іспен айна-
лысатын адам дарды бірге жинақтауды көздемейді. Оның орнына, бұл жүйе
әртүрлі жұ мыспен айналысатын адамдардың өзара байланысында бір-біріне
тәуелді бо лып, бірлесуін қамтиды. Еңбек бөлінісі ынтымақтастық сезімін
ыдырататын экономикалық қажеттілік болып көрінуі мүмкін, бірақ Дюрк-
гейм ([1893] 1964:17) еңбек бөлінісінің экономикалық қызметі, моральдық
әсер етуімен салыстырғанда, шамалы деп санайды және «оның шынайы
функциясы – екі не одан да көп адамдар арасындағы ынтымақтастықты
орнату».
Достарыңызбен бөлісу: