§ І. Ес. Ес жайындағы теориялар
Адам өзінің өмірде көріп-естіп білгеңдерін, басынан кешіргендерін, түрлі ойлары мен сезімдерін, әрқилы іс-әрекеттерін ұмыта бермейді. Олар баста сақталады, қажет кезінде кайта жаңғыртылады,
Сонымен, адамның бұрын қабылдаған нәрселері мен құбылыс бейнелерінің, көңіл-күйлерінің ойда сақталып, кажет кезінде қайта жаңғыруы ес процесі деп аталад” Жүйке процесінін уақытша байланыстары негізінде бұрынғы қабылданғандар еске түседі.Естің бұл күйі қайта жаңгырту делінеді.
Қайта жанғыртуда тану мен еске түсіру қызметі бірін-бірі толықтырьш отырады. Қабылданған нәрселердің есте қалғаны естң материалы делінсе, ал есте сақталып, кайта жаңғырғаны естің мазмұны болып саналады. Адам өзінің, басқалардың ойы мен бастан кешкен сезімдерін, іс-әрекеттерін сөз арқылы қайта жаңғыртады.
Есте қалдыру, қайта жаңғырту, тану ес процестері болып саналады. Ес адам тіршілігінде маңызды орын алады. Есте қалдыру адамның өмір тәжірибесін байытады. Адамның есі үнемі дамып, жетіліп отырмаса, онда ол жаңа туған нәресте дәрежесінде қалып қояр еді.Өмір тіршілігіне қажетті нәрселердің бәрінің ес процесінсіз болуы мүкін емес. Ес осы заманғы психалогия ғылымының даму сатысында өзекті мәселенің бірі болып саналумен қатар, техникалық ғылымдар саласында да ерекше маңызды. Есті осы заманғы психология ғылымы тұрғысынан зерттеуде негізгі әрі жанды болып отырған — ссте қалдырудың механизмі туралы мәселелер.
Қазіргі кезде ес туралы түрлі анықтамалар мен теориялық болжамдар бар. Алайда, тұрақты түрде тұжырымдалып, бір жүйеге түскен теория жоқ. Бұл жайт ес процесінің осы кезге дейін әр-тарапты қызу зерттелгендігін, ол жөнінде бірнеше ғылыми жорамал-дар мен концепциялар және әрқилы модельдер бар екендігін көр-сетеді. Соңғы жылдары ес психологиядан басқа ғылым салалары арқылы да қарастырылуда. Осы орайда, бүгінде естің механизмі мен оның заңдылықтары жайында қальштасқан психологиялық және нейропсихологиялық бұрынғы бағыттарға қосымша үшінші бағыт — биохимиялық тұрғыдан іздестіру қосылып отыр. Сондай-ақ, есті бұлармен қатар кибернетика ғылымы тұрғысынан зерттеуде де едәуір қальштасқан жүйелер бар.
Естің психологиялық теоркясы ес механизмін зерттеудің ең бастапқы бағыты болып есептеледі де, осы тұрғыдағы зерттеулер мен кезқарастар көптеген бағыттарға және теорияларға тарам-далады. Осындай тарамдалудың негізі ретінде естік дамуындағы адамның белсенділік әрекеті алынады. Ал ес жайындағы бірсыпыра теориялар (бұлар өзгелерінен гөрі басымырақ) басты мәселе етіп сол күйінде объектіні (“материалды”) немесе “таза” сананың белсенділігін (субъектіні) алады. Бұл бағыт адам іс-әрекетінің материалға қатысы жоқ деп санайды, Мұндай көзқарастың сыңаржақты, үстірт пікірді білдіретіндігі анық.
' Психолоғиялык тұрғыдағы көзқарастар тобы — ассоциациялық (байланысты) бағыт делінсе де, оның негізгі мәеелесі мен өзекті ұғымы — ассоциациялық байланыстар Осы байланыстар психикалық міндетті түрде жасалу принципі болып саналады. Сөйтіп, екі түрлі елес пен әсерлену санада бір мезгілде бой көрсетеді. Осыған орай есте әр түрлі сыртқы жағдайларға байланысты пайда болып отыратьш әсерлер мынадай үш типке бөлі-неді: а) әсерленген объектінің кеңістік пен уакытқа орай араласып келуі; ә) өзара ұқсастығы; б) бір-бірінен айырмашылығы мен қарама-қарсылығы. Сыртқы дүние құбылыстарының өзара қатынасынан ассоциациялардың мынадай үш түрі жасалады: 1) Аралас не іргелес ассоциащиялар (мысалы: түс (реңк) — сары). 2. Ұқсастық ассоциациялар (қарындаш, дәптер). 3. Қарама-қарсылық асссоциациялар (ақ — қара; ұзын—қысқа т б } Мұндай ассоциация-лық принциптерді тұңғыш рет зерттеп, оларды тұжырымдаған — ертедегі грек философь Аристотель (б. з. д 384—322 жж.) Атақты физиолог-ғалым И. П, Павлов ассоциацияларды шартты рефлекг теориясымен түсіндіріп, ми қабығындағы екі қозу процесінің қабаттасьш келуінен пайда больш, сан рет қайтталау нәтижесінде бекіп отыратын уақытша байланыстар деп анықтады. Бұл ілім естің физиологиялық теориясы деп аталады. Аталмыш теорияға естің физикалық теориясы да жатады. Ол бойынша жүйкелік импульстер нейрон арқылы өткенде, өзінің ізін қалдырады. Бұл нейрондық модель теориясы деп те аталады Осы заманғы нейропсихологиялық зерттеулер нейрондар мен молекулдық дәрежедегі жүйке қызметінің механизмдерінде естің сақталуы мен беку жағдайына терең мән беруде жүйке клеткаларынан таралатын аксондар басқа клеткалар-дағы дендриттермен жанасады, не өзі орналаскан клетка денесіне қайта оралады. Жүйке клеткаларындағы осындай құрылымдарға сәйкес байланыс пайда больш, күрделілігі жөнінен түрліше қозулар реверберикалық қозғалыста болады. Сөйтіп, клеткалардьщ өз-өзінен жандануы -іске асады. Кейбір зерттеушілер мұндай құбылыстар-жүйесін іздердің сақталын қалу процестерінің физиолргиялық субстраты деп есептейді. Мұнда сақталатын іздер қысқа мерзімді есте сақтаудан ұзақ мерзімді есте сақтауға ауысып отырады. Кейбір зерттеушілер осындай есте сақтаудың негізінде бірыңғай механизм'-дер болады десе, ал екінші біреулері мұнда әр түрлі сипаттағы екі түрлі механизм болады деп жорамалдайды. Мұндай болжам-жорамалдар биохимиялық зерттеулер арқылы ғана дәлелденбек.
Естің биохимиялық теориясы. Ес механизмін нейро-физио-логиялық дәрежеде зертгеу мәселелері осы кездегі биохимиямен ұштасады. Осы бағыттағы зерттеу нәтижелері есте сақтау екі сатылы сипатта болады деген жорамал жасайды. Бұл жорамал бойынша алғашқы сатыда тітіркендіргіштер тікелей әсер еікеннен кейін мида электрохимиялық қысқа реакциялар пайда болып, олар клеткаларда физиологиялық өзгерістерге ұшырайды. Екінші саты-сында бірінші саты негізінде биохимиялық реакция пайда болып, жаңадан протейндер дейтін белокты заттар құрайды. Бірінші саты тек секунт, минуттарға созылады. Ол — естің қысқа мерзімді физиологиялық механизмі. Ал екінші сатыда клеткаларда химиялық өзгерістерге ұшырайтын заттар ұзақ мерзімді есте сақтаудың механизмі болып табылады.
Мұндай жорамалдардың шындығын анықтау мақсатымен сабаукуйрық тышқандарға арнайы тәжірибе жүргізілген. Адам есінен уақытша танып қалғанда, науқастанбастан бұрын көрген-білгендерін ұмытьш қалатыны мәлім. Бұл жайт адамдарға кысқа мерзімде әсер еткен нәрселердің ізі-электрохимиялық реакция-лардың биохимиялық өзгерістерге жетпей, басылып қалатындығын керсетеді.
Естің химиялық теориясын қолдаушылар есте сақтаудың физиологиялық негізі клеткалардағы нуклеин дейтін қышқыл молекулаларының бөлінуімен байланысты деп санап, бұл генетикалық немесе нәсіл қуалау арқылы беріліп отырады деп есептеледі. Ал онтогенетикалық не дара адамның есі рибонуклеин қышқылына байланысты (РНК) делінеді Мұның мәнін айқынырақ түсіну үшін мынадай бір мысал келтірейік. Алматы қаласынан Ке-ген ауданы жаққа бір самосвал машинасы кетеді. Машина сағатына 50 км жол жүреді. Сол машина 95 км жол жүргенде апатка ұшырап, жүргізуші жарақаттанады, Жүргізуші емделіп шыққан соң одан апатқа кімнің кінәлі екендігін сұрағанда, ол 70—75 км-ге дейінгі көргендері мен кездестіргендерін айта береді. Бірақ 75 км-ден 95 кн-ге дейінгі аралықта болган оқиғаларды айта алмайды. Оның себебі — мағлұматтардың консолидация күйіне енбегендіктен, жүргізуші есінде сақталмағандығы.
Швеция биохимигі Хиденнің зерттеулері клеткаларда тітіркендіргіштерді күшейтудің РНК затын көбейтіп, ұзак уақыт бойы химиялық іздер қалдыратынын анықтаған РНК өте өзгергіш; оның өзіндік өзгеруі 1015--І02°-ға дейінгі сандар арасында болып отырады. Осындай биохимиялық зерттеулер арқылы табылган жаңа мағлұматтар болашақта адамның ес процесін басқаруда үлкен жетістіктерге жеткізуі мүмкін. Адамның ес процессі — өте күрделі және адамның іс-әрекетіне орай жоғарыдан төмен қарай дамып, бүтіннен бөлшекке — организмнен мүшеге, одан клеткаға және керісінше ауысып отыратын процесс. Сондықтан, естің механизмін әр түрлі дәрежеде анықтаған зерттеу нәтижелері бір-бірін толықтырып отырады-
Достарыңызбен бөлісу: |