Алғы сөз психология ғылымы қазақ елінің өткен дәуірлерінде жеке ғылы-мы пән



бет84/116
Дата11.10.2024
өлшемі1,2 Mb.
#147748
түріОқулық
1   ...   80   81   82   83   84   85   86   87   ...   116
Байланысты:
Алдамұратов Ә-Жалпы психология (1)

§ 2. Естің түрлері
Ес адамның әр алуан іс-әрекеттерімен байланысты болып, тіршілікте аса маңызды қызмет атқаратын болғандықтан, оның түрлері мен көріністері де әрқилы. Естің бөлінуі адамның түрлі әрекет ерекшеліктеріне сәйкес жүргізіліп, олар есте қалдыру, қайта жаңғырту процестерімен тығыз ұштасады. Мысалы, адамда есту мен көру есі психикалық қасиеттер ретінде көрінеді әрекет сипаттарына орай, ес мынадай үш түрге негізделіп бөлінеді: 1. Психикалық белсенділік сипатына байланысты: қимыл-қозғалыс, эмоциялық-сезімдік, бейнелі- көрнекілік және сөздік-мағыналық (логикалык); 2. әрекеттін, мақсат сипатына қарай: ерікті, еріксіз ес. 3. Адамның материалдарды қанша уақытқа дейін ест сақтай алатындығына қарай кысқа және ұзақ мерзімді "(түпкілікті), сондай-ақ оперативтік -ес. Естің кейбір түрлері арнайы аспап-мнемометр арқылы өлийнеді (34-сурет).

34-сурет. Есті өлшеу аспабы — мнемометр.
Қимыл-қозғалыс есі дегеніміз — ойын, спорт, енбек оқу әрекеттеріне байланысті әр түрлі қимыл-қозғалыстар мен әрекеттерді есте қалдырып, оларды қайта жаңғыртып отыру. Мысалы, кокьки тебу, машинада жазу, өлең-сөздерді жаттау, қой қырқу т. б. Естің бұл түрі қозғалыс дағдыларын қалыптастырудың негізі болып табылады. Адамның бастан кешірген түрлі сезімлері мен эмоция
176
лық күйлерін есте калдырып отыруын сезімдік ес деп атаймыз. Өз айналасындағы нәрселер мен құбылыстарға көңіл-күйінің қандай қатынаста болғанын кайта жаңғыртып, оларды тітіркендіргіш ретінде есіне тусіруі амамды қызықтырьш, түрлі іс-әрекеттерді атқаруға жетелейді.
Эмоциялық ес бойынша адам басынан кешіргендерін еске түсіргенде, бозарады, не қызарады, Өйткені, оның басынан өткен әр алуан жағдайлар оған күшті әсер етіп, эмоциялық күйге ұшыратады. Белгілі мәні тұрғысынан алғанда, бұл естін, басқа түрлерімен салыстырғанда әлдеқайда күшті болады.
Бейнелі-көрнекілік ес заттар мен құбылыстардьщ қасиеттерін, нақты бейнесін ойда қалдырып, қайта жаңғыртуда айқын көрініс береді. Естің бұл түрі арқылы табиғат көрінісі, бастан кешкен оқиғалар, дыбыс, иіс, дәм жаңғыртылады. Осығай орай бейнелі-көрнекілік: ес — көру, есту, сипау, иіс, дәм естері болып та бөлінеді. Егер қалыпты дамыған адамдар үшін есту есі мен көру_ есінің маңызы зор болса, ал соқыр, саңырау адамдарда мұның егесіне сипау, иіс, дәм естері (түйсіктердід осы түрлеріндегі сияқты) өте жақсы дамып, басқа естердің кемістіктерін толықтырады.Бейнелі ес, әсіресе, көркемөнер кәсібімен шұғылданатын адамдарда жоғары әрі өте нәзік түрде дамыған болады.
Кейде эйдетикалық есі бар адамдар да кездеседі. Мұндай адамдар заттар мен құбылыстарды көз алдына нақты елестетіп, олардың жеке қасиеттері мен бөлшектерін айқын ажырата алады. Олардың сезім мүшелері сыртқы тітіркендіргіштерге күшті қозудың нәтижесі больш саналады-


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   80   81   82   83   84   85   86   87   ...   116




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет