Сөздік-мағыналық (логикалық) ес біздегі ой, ұғым, пікір, ой қорытындылары сияқты түрлі формалар арқылы. Із қалдырып отырады. Ойдың қандай формасы болса да тілмен, сөзбен байланысты. Естің бұл түрінің сөздік-мағыналық (логикалық) деп аталуы да сондықтан. Бұрын қабылдаған нәрселерді қажет кезінде біз сөз, не олардың мәнін есте сақтау арқылы жаңғыртамыз. Егер бейнелі есте бірінші сигнал жүйесінің қызметі басым болса, сөздік-мағыналық есте екінші сигнал жүйесі шешуші рөл атқарады. Нәрселердің мән-жайын есте сақтау логикалық-мағыналық, ал белгілі үзінділер мен сөз тіркестерін, мазмұндарды сөзбе-сөз жаттап алу~-механикалық түрде есте қалдыру делінеді. Сөздік-мағыналық ес оқушылардың білім жүйесі мен оқу материалдарын есте сақтауында жетекші мәнге ие.Естің бұл түрлері адамның әрқилы іс-әрекеттерінің алмасып отыруына ннет-тілегіне, мақсат-муддесіне Орай түрлі тәсілдерін ауысып, оның бойындағы тұрақты қасиеттері болып қальштасады
Ерікті және еріксіз естер. Естерді ерікті және еріксіз деп бөлу орындалуға тиісті әрекеттердің маңыздылығы мен қажеттілігіне байланысты. Белгілі мақсат қоймай-ақ, арнайы есте қалдырмай-ақ есте сақтау мен жанғьгр ту, еске тусіру еріксіз ес деп аталады. Егер мақсат қоятын болсақ, онда бұл ерікті ес болады. Мұнда есте қад-дыру мен жанғырту, еске түсіру, жаттап алу үшін мнемоникалық амалдар қолданылады. Естің бұл түрлері бірізділікпен дамып отыратын естің сатылары болып табылады. Еріксіз естін, орасан зор орын алатынын әр адам өз тәжірибесінен жақсы біледі. Дегенмен, адам қажетті деп тапқан нәрселері үшін арнайы амалдар қолданып, ерікті есте қалдыруды да жиі қажет етіп отырады, Естің адам санасында тұрақтанып, жемісті болуының өзіндік сипаттары бар. Олар — естін, көлемі, тездігі, дәлдігі, ұзақтығы, даярлығы (№ 2 сызба).
Қысқа мерзімді жәке түпкілікті ес. Оперативтік ес. Қажетті материалдар мен нәрселерді есте сақтау үшін адам тиісті әдіс-тәсілдер қолданьш, оны қалай да жадында қалдыруды мақсат етеді. Бұл сол әсер еткен нәрселер ізінің консолидациясы немесе мағлұматтардың есте берік қалуы деп аталады.Мұндай есте осыдан біршама уақыт бұрын қабылдаған нәрселердің бейнесі адамның көз алдына елестеп, құлағына дауысы естіледі. Бірақ, мұндай процестер тұрақсыз. Дегенмен, бұл ерекшеліктің, сырттан алынған хабарларды есте сақтап, оларды қайта жаңғыртуда ерекше маңызы бар. Естің бұл түрін қысқа мерзімді ес деп атайды. Ал түпкілікті ес қабылданған нәрселерді, құбылыстарды олардың белгі-қасиеттерін, тиісті материалдарды есте сақтау, оларды бірнеше рет қайталау арқылы ұзақ уақыт бойы есте қалдырады. Түпкілікті есте қалдырудың тағы бір ерекшелігі — әсер еткен нәрселердің ұзақ мерзімге созылуына және адамның арнайы мақсатына да байланысты. Сондықтан, нәрселер ізінің консолидациясы қабылданған материалдардың мәнісіне қатысты. Мағынасына түсінбей, нәрселердің әсерін қайталай беру мида қорғаныс тежелулерін тудырьш, түпкілікті еске айналуды қиындатады.
Көркем әдебиет пен ауызекі тілде қысқа мерзімді ес “алғашқы ес”, “шапшаң көрініс” деп те айтыла береді.
Дегенмен, психология ғылымында ол оперативтік ес рлі амал-тәсілдер есі) деген атпен белгілі.
Ес түрлерінің өзара байланысы. Ес түрлерінін бөліну прнципі адамдардың іс-әрекет сипатына орай жүргізіледіде, олар өзара тығыз ұштасыц, бірін-бірі толықтырып отырады. Мысалы, сөздік-мағыналық ес мағыналы туымен бірге еріксіз не ерікті де болады, Сондай-ақ, кысқа мерзімді не түпкілікті болуы да мүмкін. Осы қысқа мерзімді ес пен түпкілікті ес жалпы есте қалдырудың екі түрлі басқышы больш есептеледі. Қысқа мерзімді ес сырткы мағлұмат-тарды өткізуші көпір тәрізді. Онсыз түпкілікті еске хабарлар келіп түспес еді. Барлық ес қысқа мерзімді ес процесінен басталады.