Алғы сөз психология ғылымы қазақ елінің өткен дәуірлерінде жеке ғылы-мы пән



бет86/116
Дата11.10.2024
өлшемі1,2 Mb.
#147748
түріОқулық
1   ...   82   83   84   85   86   87   88   89   ...   116
Байланысты:
Алдамұратов Ә-Жалпы психология (1)

§ 3. Естің жалпы сипаты

Ес — курделі психикалық процеес, ол бірнеше дара процестерден тұрады. Олардың негізгілері: есте қалдыру, қайта жаңғырту, ұмыту.


Есте қалдыру дегеніміз — жаңадан қабылданған бейнелер мен материалдарды, олардың мәнін есте бұрынғы сақталғандармен байланыстырып отыру. Есте қалдыру процесі талғамалы. Өйткеңі, біз санамызға бұрын әсер еткен нәрселер мен кұбылыстардан, болмыс пен оқиғалардан өмір мен тіршілікке қажетті материалдарды ғана тұрақтандырьш, жадымызда қалдыруды мақсат етеміз. Есте қалдыру арнайы есте калдыру, еріксіз есте қалдыру болып екіге бөлінеді. Еріксіз есте қалдыруда адам алдына арнайы мақсат қоймайды. Ал ар-найы есте қалдыру үшін мьшадай шарттар қажет: 1} арнайы мақсат қою, оны меңгеруге ұмтылу; 2) есте қалдырудың қоғамдық, тәжірибелік мәнінің адам қажетін? байланысты болуы; 3} есте қалдыруды жоспарлап оқылған материалдардың жемісі мен оның ішінен еске түсерлік түйінді мәселелердің ізін, мәнін білу; 4) сол мән-мағыналарды түсіну үшін оларды ойлау процесімен тығыз ұштастыру; а) қабылдаған нәрселердің байланыс жуйелерін, тірек боларлық желісін табу; 6) қабылдаған әрселерді өз сөзімен құрастыру, сөйтіп қажетті материалдарды есте қалдыруды жеңілдету; 7) өз еңбегін, оқуын дұрыс ұйымдастыра білу; 8) сапалы түрде қайталап, асықтап отыру.
Мұндай талаптарды орындау адамның ақыл-ой кені болып саналатын ес пен жадында сақтауын дамытып отыруға пайдалы ықпал етпек.
Есте 'сақтаудың тиімді әдісі мен жемісті болуы кажетті материалдарды жаттап алуға байланысты. Бұл тәсілдің де өзіндік амал-әрекеті, жүйесі бар. Кез-келген жаттау жемісті бола 'бермейді. Ғылымда есті дамытуға арналған жаттау тәсілін — мнемоника деп атайды. Бұл атын сөзінен шыққан. Мәнісі — жаттап алу амалы, есті дамытудың тиімді жолының бірі. Естің жемісті болу арттары № 2, 3 сызбаларда көрсетілген.


§ 4. Қайта жаңғырту, тану мен ұмыту

Қайта жаңғырту еріксіз және арнайы болып екіге бөлінеді. Еріксіз қайта жаңғырту — мақсатсыз. Мысалы, музыканттың белгілі ән-күйлерді күнде орындауы. Арнайы қайта жаңғыртуда белгілі мақсат болады. Оған адам өзінің ерік-күшін жұмсайды, арнайы әдіс-тәсілдер қолданып, бұрынғы қабылдағандарын қайта жанғыртып, жүзеге асырады.


Тану — естің бұрынғы қабылдағандарға кезіккенде көрінетін қайта жанғыртудағы қарапайым түрі. Тану қабылдау дәрежесіне орай түрліше болады. Мәселен, кейбіреулер бұрынғы көргенін бірден айнытпай таниды, енді біреулер тіптен тани алмай қиналады. Тану ұқсатумен де байланысты. Мысалы, адам бір жерге келгенде, бұрын көрген сондай бір жерді есіне түсіріп, айналадағы нәрседерді соған ұқсатады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   82   83   84   85   86   87   88   89   ...   116




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет