оның мәнін түсінеді, ақыл-ой талқысына салады. Сөйтіп, оған қалайда жетуге әрекеттенеді.Бұл — ерікті әрекеттің
интеллектуалдық кезеңі.,
'Нағыз ерікті ерекет адамнын алға қойған мақсатына жету үшін белгілі тоқтамға келіп, шешім қабылдауынан
көрінеді. Бұл да — жауапты кезең, Мұның езіндік псахологиялық сипаты бар. Бүгінде ерікті амалдағы шешімге келу
кезеді психологияның ғана емес,
экономикалык, әлеуметтік ғылымдардыц да зерттейтін объектісіне айналып отыр,
Шешімдердің бөліну теориясы. Ғылым бұл теорияның манызын зерттеумен ғана шектеліп қалмай, оны
математикалық электронды есептеу машиналарына да бейімдеді, Бұл теория көптеген проблемалық мәселелердін тетігін
табуға, соның ішінде тәуекел проблемасынық дәрежесін зерттеуге де пайдаданылуда.
Кейбір зерттеулердің
пайымдауынша, шешімдердің бөліну теориясы адамдар мен ұйымдардың күрделі мәселелерді тиянақты шешіп отыруға
ұйытқы болатынын ерекше атайды. Сондықтан бүл теория өндіріс орындары мен шаруашылық мекемелерінде, ғылыми
бірлестіктерде және мемлекеттік орындарда, жоспарлаушы ұйым істерінде кеңінен қолданылады.
Әрине, адам белгілі шешім қабылдап, оны жүзеге асыру жол-дарын жоспарлап алғанымен, көптеген объективті,
кездейсок т. б. қиыншылықтарға ұшырайды. Мұндай жағдайда
қолайлы жағдай туғанша, адамның өзі қабылдаған
шешімін қоя тұруына тура келеді. Дегенмен, осы шешімді жүзеге асыру оның көкейтесті мәселесі болып қала береді.
Осы жағдайға орай адам енді барлық ерік-жігерін өзі көксеген ісін орындауға жұмылдырады. Осы кезенде кездескен
қиыншылықтарды жеңу
208
үшін адам стрестік жағдайға ұшырауы да мүмкін. Алайда, қажеттілігін қалайда орындау үшін ол оған барлық
синалы еркін бағыттайды. Күш салуда адам: а) мақсатына жете алмағанына қайғырады, уайымдайды, бұл — мінездегі
ерікті әрекеттің көрінісі; ә) іштей ойланып,. бойын мақсатына жетуге деген борыштык сезім билейді, ал борыштык,
сезімнің күшеюі — азаматтық сапа.
Де-генмен, адамның уайымы жекеменшіктік сезім мен қоғамдық мақсаттың
арасында ауытқу тудырады. Сөйтіп, бұл жердегі ниет күресі адамның осы екі
бағыттың қай жағына қарай
ауытқитындығын анықтайды.
Ерік — қайратының күшеюі мен талпыну тек шешім қабылдау барысында ғана емес, оны орындау кезінде де әр
түрлі ауытқу мен уайымға ұшыратуы мүмкін. Бұл ретте сыртқы кедергілерді жою қажет болады. Мысалы, талапкердің
күндегі әдеті бойынша серуенге шықпай режимін бұзып, емтиханға даярлануы. Алға қойған мақ-сатқа жету үшін адам
өз мінезіндегі бұрыннан қалыптасқан мүддесін, сенімін, өзін-өзі бағалай білуін, ерік-қайрат қасиеттерін талдап, оларға
бақылау жүргізе білуі керек. Мұндай әрекет адамның еркін білдіретін психологиялық сапа болып табылады.
183