типтері ішкі секреция бездері қызметінің арақатынасына байланысты болады деп санауы, ал екін-ші бағыт — И, П.
Павловтың жүйке жүйесі типтерінің қызметі жайындағы ілімі. Бұл ілім темперамент типтері жайындағы түсінікті
ғылыми тұрғыдан дәйектеп, сара жолға салды.
Темперамент жайындағы бұл зерттеулерден басқа неміс анатомы Гейне мен көрнекті орыс педагогі П. Ф.
Лесгафттың (1837—1909) көзқарастарын да атап өткен жөн. Гейне темпераменттердің түрліше болуы жүйке жұйесінің
тонусьша байланысты десе, орыстың антрополог ғалымы Зеланд мұндай әр түрлілік ми қабықшасындағы молекулярлык
қозғалыстың жылдамдыгы мен біркелкілігіне байланысты дейді. Ал П. Ф. Лесгафт темпераменттер қан сауыттарының
жуандығы мен кеңдігіне байланысты деген тұжырым айтады.
Темперзмент жайында арнайы сөз етіп, оның типтері мен түрлерін, адамның мінез-кұлқы мен әр алуан қимыл-
әрекетіндегі көріністерін тәлім-тәрбие істерімен ұштастыра отырып іздестірген — қазақ халқынын. көрнекті жазушысы
Жүсіпбек Аймауытов. Ол өзінің 1928-жылы Мәскеуде араб әрпімен басылып шыққан “Жан жүйесі және өнер таңдау”
деген еңбегінде тек темперамент түр-лерінің ғана емес, жалпы психология ғылымының өзекті мәселе-лерін өз кезіндегі
ғылымың
деңгейінде қарастырып, өте құнды пікірлер айтты.
Темпераменттің физиологиялық негіздерін ғылыми тұрғыдан дәйектеп түсіндірген — академик Й. П. Павлов.
Жүйке жүйесінің типтері ми қабығындағы қозу, тежелу процестерінің негізгі үш белгісі — қозу мен тежелудің күші,
олардың тепе-теңдігі және қозғалғыштығы жиынтығынан құралады. Жүйке процестерінің күші ми қабығының жұмыс
істеу қабілетіне немесе сыртқы ортаның тұрлі тітіркендіргіштеріне мидың өзімділігі жатады.Ал жүйке процестерінің
тепе-теңдігі қозу мен тежелудің бір-біріне теңдігіи көрсстеді. Жүйке процестерінің қозғалғыштығы деп козу мен
тежелудің бір-біпімен алмаса алу қабілетін айтады. Міне, осындай принциптерге сүйене отырып, жүйке жүйесінің
тнптері мен темперамент түрлері, олардың қасиет-сннаттары №1,2
кестелерде сызып көрсстілген
84