қимылдарынан көрінбейді. Өзі тұйық, жасқаншақ келеді, кісімен көп араласпайды. Іске бірден кірісіп кетпейді, егер
кіріссе, іс-әрекетін толық аяқтап шығады.
' Меланхолик бала сыпайы, момақан, жасқаншақ келеді, біреу сұрақ қойса, қысылып, ұялып қалады, көңілденуі де,
өкпелеп ренжуі де қиын, ренжіп қалса, көпке дейін ұмытпайды, ойынға бірден қосылып кетпейді, жатырқап тұрады,
кешігіп барып қатысады, іске
де бірден кіріспейді, бір бастап кетсе, ойынды да, жұмысты да аяқтап шығады.
Флегматик
эмоциялық қозуы әлсіз болады, қызуланып желік-пейді, елеуреп ашуланбайды, көңіл-күйлері
байсалды, орнықты қалпында ұзақ сақталады, баяу өзгереді, жарқырап қуануы да, жабырқап қайғыруы да қиын, аз
қозғалады, сылбыр, керенау қимылдайды, сезім күйлерін дене
қимылдары білдіріп тұрмайды, мимикасы, өзге
қимылдары мәнерсіз. Бір сарынды монотонды сөй-лейді. Кісімен араласьш жақындасуда
мардымсыз, іске ырғалып-
жырғалып барып қіріседі. Іс-әрекетін байсалды, тиянақты орындайды, бастаған ісін қадағалап істейді аяқтап шығады.
Флегматик бала байсалды, баяу, орнықты болады. Кісіге үйірлігі аз, өзі ешкімге тиісіп, соқтығыспайды. Біреу
жанжалға шақырса, есебін тауып жалтарып _кетеді, тыныштықты жақсы көреді. Көңіл көтеретін сауыққа да әуес емес,
бөтен кісіге міндет артып өкпелемейді.
Әрбір жеке адамның темперамснтінде
жалпы адамдарға ортақ, типтік бірсьшыра сипаттар болады. Сол
сипаттарымен әр кісі темпераменттің белгілі бір типіне қосылады. Жоғарыда атап айтылғандай,
таза темперамент
типтері өмірде сирек кездеседі. Көп адамдарда бір типтің сипаттары басқа типтердің сипаттарына қосылып, араласып
жүреді. Мәселен, холерикте меланхолик пен флегматиктін, сангвиникте холерик пен флегматиктің сипаттары аралас
келуі мүмкін. Аралас типте холерик, сангвиник сипаты көп көрінсе, сангвиник дейміз. Алайда
темперамент типтерінщ
аралас сипаттары түрліше жағдайда белгі береді. Тұрмыс жағдайында бір типтін, әрекет,
еңбек процесінде басқа
типтердің ерекшелігі сезіледі. Мұндай кылықты спортшы-лардан көруге болады. Кейбір боксер, футболистер стадионға
келгенде, өзгеріп кетеді, Темпераменттің жайшылықта байқалмайтын жаңа сипаттарын көрсетеді.
Достарыңызбен бөлісу: