Алғы сөз Уəли Нұргелді
Қазақ графикасы мен орфографиясының теориялық негіздері
Орфография Жалпы халықтық тілдегі осы екі түрлі жүйенің қайсысы əдеби тілдің нормасына лайық? Басқаша айтқанда, қай жүйе тіл дамуының объективті заңдылығын бейнелейді? Л жəне д вариант түріндегі екі түрлі жүйенің əдеби нормаға лайықтысын талғап алуда қандай негізге сүйенеміз? Олар- дың қайсысы əдеби тіл нормасына лайық деп танылуы керек? Норма- лаушы сөздіктерде (ондай сөздіктің бірі қазақ тілінің орфографиялық сөздіктегі) негізінен «а» тобындағы сөздердің «д» варианты берілген (саңлақ – саңдақ тəрізді бірер сөзді еске алмағанда). Қазақ диалектолог- терінің зерттеулерінде осы топтағы «л» вариант (маңлай, таңлай т.б.) əдеби тілге, өзге диалектілерге қарама-қарсы қойылып, оңтүстік-шығыс диалектизм болғандықтан, əдеби тілдің нормасына жатпайды деуге бол- майды [42, 141б.]. Егер тілдің даму тенденциясына лайық болса, кез кел- ген жүйе, диалектизм екендігіне қарамастан, əдеби тіл нормасына айна- луы ықтимал. Ал «ə» тобындағы сөздер – «а» тобындағы сөздерге кереғар. Нормалаушы сөздіктерде «д» вариантқа қарағанда, «л» вариант сөз- дердің саны басымдау (жылылай, ақшалай, екіншілей т.б.). «Ə» тобын- дағы «д» вариант сөздердің (ақшадай, барды-жоқты, бірді-жарым т.б.) таралу шегі «а» тобындағы «л» вариант (маңлай, таңлай, түңлік т.б.) сөздердей айқындала қоймаған. Бұл топтағы л/д алмасуы, бəлкім, жалпы халықтық тілдегі құбылыс болуы мүмкін. «Ə» тобындағы сөздер Орфографиялық сөздікте (1978) əркелкі беріл- ген. Сөздіктен «д» вариантты да, «л» вариантты да ұшыратамыз: жылы- лай, шикілей, тірілей, қарадай, кəрден (кəрлен емес), тірідей т.б. Тілдің ішкі даму тенденциясына қай жүйенің «л» немесе «д» вари- анттың сəйкес келетіндігін анықтап, нормалаушы сөздіктерде тиянақтай түсу үшін мынадай заңдылыққа назар аудару қажет. Лингвистика та- рихында младограмматиктердің тіл дамуында аналогия заңының айрық- ша мəнін ашқандығы мəлім. Бұл заңдылық бойынша тілдегі аса өнімді модель өнімсізге ықпал етіп, бірдейлестіріп отырады. Тіл-тілде кейбір құбылыстар аналогия заңдылығы арқылы айқындалатындығы да белгілі. Қазақ тілінде сөздердің көптік қосымшамен түрленуі – аса өнімді əрі көне модельдердің бірі. «Қолданылу аясы, дистрибуциялық ерекшелігі мен білдіретін мағына- ларының сипаты -лар аффиксінің морфологиялық элемент ретінде да- мудың ұзақ жолынан өткендігі жəне негіз тілдің өзінде болғандығының ешбір даусыз екендігін көрсетеді деп, үзілді-кесілді айтуға болады» [43, 83 б.]. Əрі өнімді, əрі көне модель көптік қосымшасы варианттарының жалға- ну жүйесіне назар аударып көрейік. Бұл қосымша дауыстылар мен р, й, у дыбыстарынан соң -лар, - лер (балалар, қарлар, сайлар, баулар), үнділер- ден соң -дар, -дер (күндер, шамдар, жолдар, тұздар т.б.), қатаңдардан соң -тар,-тер (аттар, кітаптар т.б.) түрінде жалғанатындығы белгілі. Əрі сөз тудырушы, əрі форма тудырушы -лық, -лік қосымшасының -ла,-ле аффиксінің жалғану жүйесі осы тəрізді. Бұлар да аса өнімді, абстракция- лау қасиеті жоғары қосымша. Бұндай өнімді қосымшалардың «л» вари- ант түрінде саралануы, қатаң жүйеге түсуі бірден пайда бола қойған жоқ. Бұл – тілдің ұзақ уақыт барысында пайда болған ең бір ықпалды жүйе. Алдымен көптік категориясы көрсеткішінде, өнімді қосымшаларда (-лық, -лік) саралана түскен осы модель жалғану өрісі шектеулі аффикс- терге де аналогия заңы бойынша ықпалын тигізе бастаған. Ассимиляция- ның бұл түрі қосымшалардың жалғану жүйесіндегі негізгі бағытты бай- қатады. Осы бағыт арқылы л/д дыбыс алмасуына байланысты екі түрлі жүйенің əдеби тіл нормасына лайықтысын сөздіктер арқылы тиянақтай түсуге болады. Олай болса, жоғарыда аталған «а», «ə» тобындағы сөздер- ге аффикстердің дауыссыздардан соң «д» вариант, дауыстылардан жəне р-дан соң «л» вариант түрінде жалғануына артықшылық беру қажет. Мысалы: вариант түрінде жалғануына артықшылық беру қажет. Мыса- лы: а) аңды (аңлы емес), меңді (меңлі емес), оңды (оңлы емес), түндік (түңлік емес), саңдақ (саңлақ емес), ақшалай (ақшадай емес), бірлі-жа- рым (бірді-жарым емес), жылыжай (жылыдай емес), тірілей (тірідей емес), ұшты-күйлі (ұшты-күйді емес), кəрлен (кəрден емес), немқұрайлы (немқұрайды емес), т.б. Осы арада кейбір жеке сөздің де жазылуын да айқындап алу қажет. Баспасөз беттерінде түндік, түңдік делініп əркелкі жазылып жүр. Ор- фографиялық сөздікте түндік делініп берілген. Бұл сөзді дыбысталуы жағынан ұқсас түн сөзіне теліп, түндік түрінде берілуінің дұрыс еместі- гі байқалады. Өйткені жоғарыда келтірілген мысалдарға, «а» тобындағы сөздерге, назар аударсақ, л/д алмасуы тек мұрын жолдың ң дыбысынан кейін болатын құбылыс (маңдай-маңлай, сандақ – саңлақ т.б.). Ал ң сона- тынан соң л/д дыбыс алмасуына тілдік факт жоққа тəн. Басқаша айтқан- да, н-нен кейін дыбысының алмасуы системада жоқ. Л/д дыбыстары ң сонантымен іргелес келгенде алмасатын (оңды-оңлы, теңдеу-теңлеу т.б.) ерекшелігін ескерсек, түндік (түңлік емес) түрінде жазылуы тілдік жү- йеге сəйкес келеді. Кейбір түбір сөздердің жазылуы (айтылуы да), сырт қарағанда, жоға- рыда айтылған жүйеге қайшы келеді. Мысалы, сіңлі, қаңлы (ру аты) сөз- дері л/д дыбыстарының алмасу ерекшелігі бойынша сіңлі, қанды түрінде қолданылуға тиіс тəрізді. Бірақ осы сөздердегі ң мен л-дың аралығында селбеспе қысаң дауысты бар: сіңілі, қаңылы. Екі сонанттың (ң мен л ды- Орфография бысының) аралығы қысаң дауыстылардың абсорбцияға ұшырауына өте қолайлы. Сонымен, жоғарыда айтылғандардан тілдік жүйе тілдік нормаға арқау болатындығын байқадық. Бірақ тілдік жүйе мен тілдік норманың арасын- да тепе-теңдік белгісін қоюға болмайды. Өйткені система мен тілдік нор- ма бір-бірімен қаншалықты тығыз байланысты болғанымен, өз алдына дербес құбылыстар. жүктеу/скачать 1,09 Mb. Достарыңызбен бөлісу: |